Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 2507 8 пікір 8 Ақпан, 2024 сағат 16:07

44,6 млрд: Сатыбалдының саудасы бітті ме?

Сурет inbusiness.kz сайтынан алынды

Залалды өтеу есебі бойынша қаражат республикалық бюджетке жіберілді, деп хабарлайды Abai.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істер аясында 44,6 миллиард теңгені қайтаруға қол жеткізді. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Жұмағали құрылымдық және Аумақтық бөлімшелер басшыларының қатысуымен өткен жедел кеңесте хабарлады.

Сондай-ақ кеңесте цифрлық технологияларды, оның ішінде ақшаны "бояу" және цифрлық теңгені қолдану тетіктерін енгізу талқыланды.

Бюджеттен бөлінетін ақша түпкі мақсатқа дейін қадағалануы тиіс. Біз қазір сүйемелдеп келе жатқан ұзақмерзімді, уақытылы емес және сапасыз құрылыстар көбінесе ұрлықпен немесе шенеуніктерге одан әрі қайтару үшін ақша шығарумен және басқа да құқық бұзушылықтармен байланысты екенін бәріміз де білеміз. Сандық теңге құрал ретінде бізге ақшаны «бояу» институтын іске асыруға көмектеседі. Егер бұл ақша жалақыға көзделсе, олар басқа бағыттарға кетпейді. Бюджеттен бөлінген ақша қозғалысының барлық процедурасы ашық болады және барлық транзакциялар өз мақсаттарына жетуі тиіс, әрбір теңге нақты көзделген мақсатқа жұмсалуы тиіс ", - деп қосты Асхат Жұмағали.

Бір күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық әлі де экономиканың дамуын тежейтін факторлардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371