Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3532 0 пікір 5 Қараша, 2013 сағат 17:51

Ақтауым - алтын қазынам

Қазіргі Маңғыстау – күрес пен ерліктің алаңы. Сап түзеген әсем қалалар, түбек төсін айқыш-ұйқыш кесіп өткен темір жолдар... «Фонтан боп мынау бетімен жердің жүйткіген қара дария», «Мұнаралар, сыңсыған мұнаралар...» бәрі де осында. Толқынды Каспий төрінде орналасқан, тастан гүл болып өрілген Ақтау да осында... Ендеше, ару қаламызды жырға қоспау, әнге қоспау мүмкін бе,-деп кешті екпіндете ашқан Ақтау қалалық орталық кітапханасының қызметкерлері Гүлфарида мен Мереке кеш куәгерлерін оқырман қауымға, жиналған жырсүйер
жас қауымға жеке-жеке таныстырды.

Рахат та, Гүлнар да «шаңы бораған, жазы ыстық, қысы қақаған қара суық», бірақ өздерінің жүзіне сол суық жел майдай жағатын Маңғыстау – боз далада туып-өскен азаматтар. Еңбек жолдарында тай-құлындай тебіскен достарымен бірге «ақ дауылды ауылда» бастаған.
Жырларының да «Ақынның әркез тіл ұшында ғой жыр-әні, О, далам менің-қанаттылардың тұрағы! Сағынам сені осынау алып жүрекпен, Көкірегім менің сағыныштардан тұрады!», - деп өздерінің жырларында айтылғандай көбіне сардаласы Маңғыстауына арналатыны сондықтан.

Кеш барысында қаладағы Маңғыстау гуманитарлық және «Меридиан» медициналық колледждерінің студенттері авторлардың жинаққа топталған өлеңдерінен мәнерлеп оқып, ақын аға, апаларына әдебиет пен поэзияға қатысты өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Жас талапкер Марта Азизова да Ақтаудың мерейтойына арналған өз туындысын көпшілік назарына ұсынып, жоғары бағасын алды.

- Әрине, Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы сериясымен жарыққа шыққан кітап авторлары көп, біз бірнеше ақындарымызды Ақтауымыздың мерейлі мерекесіне орай шақырсақ та, ол азаматтар дәлелді себептермен қатыса алмай отыр. Солай болса да жастарымыз көптеп жиналып, өздерінің поэзияға құмарлығын көрсетіп, ақындарымыздың жырларын, толғау-
өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуы бізді қуантады. Қалалық орталық кітапхана жанынан жас ақындарға арналған «Ақ жаңбыр» атты үйірмеміз жұмыс жасап келеді. Оған әркімнің мүше болуға мүмкіндігі бар. Кітапхана мәдени-ағарту, рухани тазалыққа шақыратын орын болса, біздің оқырмандарымыз саны уақыт өткен сайын артып отыр. Сондықтан ақын-жазушыларымыздың шығармаларын насихаттап, халыққа жария етіп отыру– парызымыз. Мұндай кештер алда да
жалғасатын болады, - деді Ақтау қалалық орталық кітапханасының директоры Сәулемай Елемес.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402