"2023 жылғы қылмыстық істер бойынша тәркіленген қару-жарақ ұрлығына қатысты жүргізілген қызметтік тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссияның ұсынысына сәйкес, ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы қаласы ІІД және оның бірқатар басшылары қызметтері қызметінен босатылды" деп жазылған хабарламада.
Orda.kz порталының хабарлауынша, Алматы қалалық полиция департаментінің басшылары ауысқан. Атап айтқанда, Қазақстан ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша Алматы полиция департаменті бастығының жедел қызмет бойынша орынбасары міндетін уақытша атқарушы болып полиция полковнигі Қуат Науатов (Д.Ахановты алмастырды) тағайындалған. Полиция департаменті бастығының тергеу қызметі бойынша орынбасары міндетін уақытша атқарушы – полиция полковнигі Рустам Шарибаев (К.Нұрмағамбетовты алмастырды), департамент бастығының жалпы мәселелер бойынша орынбасары міндетін уақытша атқарушы – Ержан Ұзабаев (Д.Утебаевты алмастырды), департамент бастығының жалпы қауіпсіздік бойынша басқарма жетекшісі міндетін уақытша атқарушы полиция полковнигі Қайрат Әміров (Е.Жумабайды алмастырды) тағайындалған.
Сайттың жазуынша, тыл жағынан қамтамасыз ету басқармасының бастығы М.Мұқышев, орынбасары Д.Рахманов, жедел қылмыс бөлімінің жетекшісі Е.Құлмұхамбетов және оның орынбасары А.Әзімбаев, тергеу басқармасының жетекшісі Д.Меңдебаев қызметінен босатылған.
Полиция департаментінің басшысы Заппаров қызметінде қалған.
Қаңтар соңында Алматы полиция департаменті 2023 жылы қылмыстық істер бойынша, сонымен бірге халықтан қаруларды сатып алу акциясы аясында тәркіленген қарулардың жоғалғаны жөнінде хабарлаған. Қылмыстық іс қозғалған. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалған.
Abai.kz