Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2619 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 18:07

Есемұрат Дүзмағамбетов. Маңғыстау жері маңызды жобаларға лайық

Соңғы жылдары Маңғыстау облысының аумағын кешенді жәнеұтымды пайдалануға бағытталған түбегейлі шаралар алынуда.

2010 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ақтауқаласының қала маңы аймағыныңшекарасы белгіленді, сонымен бірге, қала маңы аймағының аумағынтиімді пайдалану мен реттеу жәнеқұрылыс нысандары мен инженерлік инфрақұрылымдарды дұрысжүргізу мақсатында жерлерді пайдалану режимі мен тәртібі бекітілді. Қала маңы аймағының шекарасы белгіленген кезде, нысаналымақсаты және пайдалану режимібойынша қала маңы аумағынаймақтарға бөлу жұмыстары біргежүргізілді.

Бүгінгі таңдағы жағдай бойынша Маңғыстау облысындағы баржерлер, олардың саны, сапалықжағдайы мен пайдалануы жөніндегіесепке сәйкес, Маңғыстау облысының аумағы 16 564,2 мың гектар құрайды, соның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 5 467,2 мың гектар, елді мекенжері 1 005,8 мың гектар, өнеркәсіп,көлік байланыс, қорғаныс жерлері248,8 мың гектар құрайды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтағыжерлер 223,4 мың гектар, орманқорының жері 242,4 мың гектар,босалқы жер қоры 9376,5 мың гектар құрайды.

Маңғыстау облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан өзінің құзыреті шегінде облысаумағындағы жер қатынастары менжер қойнауын пайдалануды реттеуге бағытталған бірқатар жұмыстаржүргізілді.

Соңғы жылдары Маңғыстау облысының аумағын кешенді жәнеұтымды пайдалануға бағытталған түбегейлі шаралар алынуда.

2010 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ақтауқаласының қала маңы аймағыныңшекарасы белгіленді, сонымен бірге, қала маңы аймағының аумағынтиімді пайдалану мен реттеу жәнеқұрылыс нысандары мен инженерлік инфрақұрылымдарды дұрысжүргізу мақсатында жерлерді пайдалану режимі мен тәртібі бекітілді. Қала маңы аймағының шекарасы белгіленген кезде, нысаналымақсаты және пайдалану режимібойынша қала маңы аумағынаймақтарға бөлу жұмыстары біргежүргізілді.

Бүгінгі таңдағы жағдай бойынша Маңғыстау облысындағы баржерлер, олардың саны, сапалықжағдайы мен пайдалануы жөніндегіесепке сәйкес, Маңғыстау облысының аумағы 16 564,2 мың гектар құрайды, соның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 5 467,2 мың гектар, елді мекенжері 1 005,8 мың гектар, өнеркәсіп,көлік байланыс, қорғаныс жерлері248,8 мың гектар құрайды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтағыжерлер 223,4 мың гектар, орманқорының жері 242,4 мың гектар,босалқы жер қоры 9376,5 мың гектар құрайды.

Маңғыстау облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан өзінің құзыреті шегінде облысаумағындағы жер қатынастары менжер қойнауын пайдалануды реттеуге бағытталған бірқатар жұмыстаржүргізілді.

2011 жылдан бүгінгі күнге дейін пайдаланылмаған немесе жерзаңдарын бұза отырып пайдаланылған жерлерді анықтауға бағытталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілгентексеріс қорытындысы бойыншакөлемі 3778,5 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ауыл шаруашылық жерлеріне жүргізілген түгендеу жұмыстарының негізінде, қайтып алынғанжерлерден ауданы 86,6 мың гектарқұрайтын 86 жер учаскесіне құқықтысауда-саттықсыз алу арқылы ауылшаруашылығы айналымына енгізілді.

Маңғыстау облысы бойынша қазіргі күнге жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 145 997 өтініш тіркелген. Арнаулы алаңдардың болмауына байланысты жер учаскесінберу мәселесі тоқтап тұр.

Жерлерді ұтымды пайдалану бойынша өңірлік бағдарламаларынжасаудың алдында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерпайдаланудың өңірлік тиімділігінанықтау қажет. Ол үшін жергілікті атқарушы органның жерқатынастары бөлімдері техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуі тиіс.

Агенттіктің Стратегиялық жоспарымен 2012-2014 жылдары ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жүргізу көзделген.

Үш жыл ішінде барлық ауыл шаруашылығы алқаптары зерттелетінболады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне түгендеу жұмысы облыстағы ауыл шаруашылығыалқабының 7 млн. 128 мың 900,0гектар жерін қамтиды. Бұл мақсатүшін республикалық бюджеттен 26млн. 017 мың 500 теңге қаражатбөлінді.

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі тарапынан Қазақстан РеспубликасыныңЖер кодексіне өзгерістер ментолықтырулар енгізу жөніндегібірқатар ұсыныстарды қарап, өзқұзыреті шегінде келісімдер берілген. Әкімдік тарапынан жұмысбарысында заң талаптарындақайшылық тудыратын мәселелеранықтау жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Жауапсызжер пайдаланушылар тізімін қалыптастыруды әзірлеу және оларды орталықтандырылған базағақосу мүмкіндіктері қарастырылуда,сонымен бірге, аудан және қалаәкімдіктеріне алақол жер пайдаланушыларды анықтап, тізімін қалыптастыру тапсырылды.

Қазақстан РеспубликасыныңЖер кодексіне облыстың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне су қорын пайдалану жәнеқорғау, сумен жабдықтау, су берусаласындағы уәкілетті мемлекеттікорганмен келісім бойынша жасанды құрылыстар салу үшін аумақтықсулар алып жатқан жер учаскелерін беру жөнінде өзгерістер мен толықтаулар енгізілген.

Бірақ, Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі әкімшілік аумақтық бөлінісінде Каспийтеңізінің аумақтық сулары алыпжатқан жер учаскелері ҚазақстанРеспубликасының су қоры жерлеріне қосылмаған, тиісінше Маңғыстау облысының аумағына жатқызылмаған.

Бүгінгі күнде Маңғыстау облысының жер қорында су қорыжерлері санаты жоқ, Маңғыстауоблысының әкімшілік шекарасы Каспий теңізі суының жиегімен шектеледі. 

Маңғыстау облысының жерқатынастары басқармасы, Атырау және Маңғыстау облыстары көлемінде аумақтық суларалып жатқан жерлердің ауданымен шекарасын анықтау, Атыраужәне Маңғыстау облыстарыныңаумақтарына қатысты көрсетілгенжерлерді су қоры санатына ауыстыру мәселесін облыс әкімдігіқарауына, әкімдік өз кезегіндеаталған мәселені Үкімет қарауынаұсынды Жер ресурстарын басқарудағы және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тағы бір өзекті мәселесі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану болып табылады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мәселелері 2012 жылғы 29 наурызда заңды күшіне енген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану Ережесімен реттелген.

Басқарма жұмысының тағы бір бағыты – жер қойнауын пайдалану мәселелері. Облыста көп қабатты тұрғын үй, жеке тұрғын үй және өндірістік кешендер құрылысының жүруі жергілікті құрылыс материалдарының қарқынды дамуына септігін тигізуде. Осыған байланысты геологиялық іздестіру жұмыстары көптеп жүргізілуде. Осының бәрі облыстағы кең таралған пайдалы қазбалар қорының көбеюіне мүмкіндік беруде.

2013 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша басқармада барлауға және өндіруге арналған 187 келісімшарт тіркелген. Соның ішінде 91 келісімшарт әктас (избесті)-ұлу тасты өндіруге, 59 құм-қиыршықты тас қоспасын өндіруге, 15 келісімшарт құрылыс тас өндіруге, 16 келісімшарт шой тас, бор және т.б. өндіруге арналған.

2012 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген мониторингке сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерінің орындалысына тоқталып өтелік.

Қаржылық міндеттемелерінің орындалысы жоспар бойынша - 6 332 470,9 мың теңге, нақты орындалысы - 3 913 395,7 мың теңге немесе 62,8%.

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жоспары бойынша - 69 499,4 мың текше метр, нақты орындалысы - 7198,8 мың текше метр немесе 75,8%.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық және оның инфрақұрылымы-ның дамуына жоспар бойынша - 53 176,7 мың теңге, нақты орындалысы - 24 565,0 мың теңге немесе 46,2% құрады.

Осыған байла-нысты келісім-шарттық міндеттемелерін орындамаған 51 жер қойнауын пайдаланушыға хабарламаларжолданып, нәтижесінде 11 келісімшарт Заң-ның 72 бабына сәйкес біржақты тәртіппен бұзылды.

Сонымен қатар басқарма қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне, қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдеріне жер қатынастары саласы бойынша әртүрлі тәжірибелік көмектер көрсетіп келеді. Жер қатынастарын реттеу Қазақстан Республикасының Жер кодексі және соның негізінде қабылданған нормативтік құқықтық актілермен белгіленгеніне қарамастан, жер қатынастары мәселелерін шешуде осы күнге дейін заң талаптарының бұзылуы орын алып келеді. Соңғы жылдардағы прокуратура органдарының тексеру қорытындылары жыл сайын заң бұзу фактілерінің қайталанып отырғанын көрсетеді.

Бұл жағдай әкімдіктердің, жер саласындағы қызметкерлердің құқықтық деңгейінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Осыған байланысты облыстық жер басқармасы өткен жылдан бері аудан, қалаларда жылжымалы семинар, кеңестерді ұйымдастыруды жоспарлаған болатын. Біз осы семинарды ұйымдастыруда мүмкіндігінше жергілікті жердегі өзекті мәселелерді қамтуға, соған түсінік беруге талпындық, семинар жұмысына прокуратура қызметкерлері, жер саласы мамандары, жер инспекциясы, «НПЦ – зем» кәсіпорны өкілдері қатысуда.

Сонымен бірге, Маңғыстау облысының ұйымдастырылуына 40 жыл толуы аясында облысымыздың жер саласындағы кәсіпорындарының мерейтойы да атап өтілуде.

1973 жылы Маңғыстау облысы ұйымдасты-рылған кезде, облысқа қажетті негізгі ұйымдар мен кәсіпорындар да құрылған болатын. Солардың бірі- Қазақ мемлекеттік жерге орналастыру бойынша жобалау институтының Маңғышлақ іздестіру экспедициясы, қазіргі Мемлекеттік жер кадастры ғылыми орталығының Маңғыстау филиалы.

Кәсіпорынның негізін қалаған кезінде Целиноград ауыл шаруашылық институтының жерге орналастыру факультетінің бір топ түлектері, соның бірқатар өкілдері біздің арамызда әлі күнге дейін жұмыс жасауда.

Кәсіпорынның облыстың жер саласының дамуына қосқан үлесі қомақты деп айтуға болады, себебі, осы облыстың жалпы шекарасын белгілеуден бастап, әрбір жер пайдаланушыға қатысты кадастрлық мәліметтерді жинақтау, жерді пайдалануды реттеу, экономикалық формациялардың өзгеруіне байланысты жер – кадастрлық мәліметтерді сәйкестендіру және де басқа маңызды мәселелерді шешу осы кәсіпорынның тікелей қатысуымен жүргізілді. Сонымен бірге, осы кәсіпорын облысымыздың жер саласындағы әкімшілік басқару органдарын қалыптастырудың да негізі болды. Көптеген жер саласындағы қызметкерлер осыннан бастау алған. Кәсіпорын бүгінде кемелденген, қазіргі заман талабына сай, алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жер саласындағы базалық кәсіпорын болып есептеледі.

Abai.kz

0 пікір