Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
1098 3 пікір 16 Ақпан, 2024 сағат 15:54

Қосымша құн салығы көтерілмейді

Cурет: скрин

ЕГЕР КӨТЕРІЛГЕНДЕ ЭКОНОМИКАНЫҢ ӘР ҚАТЫСУШЫСЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕР ЕДІ?

Елімізде салық жүйесіне қатысты қызу пікірталас болып жатыр. Таратылған үкімет қосымша құн салығын 2025 жылға қарай қазіргі 12%-дан 16%-ға көтеріп, өзге де салықтық режимдерді қайта қарамақшы болған. Қосылған құн салығына қатысты сарапшылар пікірі екіге жарылды. «Өлім мен салықтан құтылу мүмкін емес» деп әзілдеп, жаңа бастаманы қолдағандар да табылды. Бір топ экономистер инфляция өсіп, бизнес көлеңкеге кетеді деген пікір айтты. Бұл жерде біреу ұтылады, біреу ұтады деп кесіп айту қиын.

Сонымен, қосылған құн салығы дегеніміз не? Тауар не қызметтің үстіне қосылатын табысқа салынатын салық. Орысша «НДС» деген атаумен қолданысқа еніп кеткен қосымша құн салығының экономикадағы рөлі өте маңызды, мемлекеттің басты табыс көзінің бірі. Ол арқылы әлеуметтік бағдарламалар, инфрақұрылымдық жобалар және басқа да мемлекеттік қажеттіліктер қаржыландырылады. Өндірістің әр кезеңінде алынатындықтан, экономикадағы қаржылық ағындарға үлкен ықпал ете алады. Сөзіміз дәйекті болу үшін сандарға жүгінейік:

2022 жылы бұл салықтың түрінен түскен түсімдер 50 пайызға өсіп, 4,2 трлн теңгеге жеткен. Бұл бюджет түсімінің төрттен бірі. Бірақ билік осы түсімді тағы ұлғайтқысы келеді. Сол себепті ҚҚС-ны 12-ден 16 пайызға көтеруді көздеп отыр. Тек ҚҚС-тың өсуінен экономика министрлігі бюджет түсімін арттырып, дефицитті Ұлттық қор есебінен жабуды доғарамыз деген уәде берді.

2-2,5 трлн теңге дегеніміз қазіргі бюджеттің дефициті. Экраннан 2022 жылғы бюджеттің жағдайын көріп отырсыздар.

Түсімдер 16 трлн теңге болса,
Шығын 18,5 трлн теңге
Дефицит 2,4 трлн теңге

Дереккөз: ҚР Қаржы министрлігі.

Міне, бюджеттің дефициті мен қосылған құн салығынан алынатын түсімнің көлемі пара-пар. 2,5 трлн теңге. Билік тапшылықты Қосымша құн салығымен толтыруды көздеп отыр. Экономист Айдар Құсайыновтың айтуынша, бюджеттің ішкі түсімдерден құралуы Қазақстан экономикасын тәуелсіз әрі тұрақты етеді. Сол себепті бұл керек шара деген пікірде.

Толығырақ тәуелсіз журналист Жания Әбдібектің бейнематериалынан көре аласыздар!

Abai.kz

3 пікір