Ғаламдық мәселелердің ішіндегі ең күрделісі - кедейлік
Экономикалық тұрғыдан алғанда, кедейлік – бұл негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру, қоғамда қолайлы деп саналатын өмір сүру деңгейін ұстап тұру мүмкіндігінің болмауы.
Сонымен қатар, материалдық қиындықтар әлеуметтік ортаға, өзін-өзі қабылдауға және адамның көзқарасына әсер етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус пандемиясы 100 миллионнан астам адамды кедейлікке ұшыратты және төрт миллиардтан астам адамды әлеуметтік қолдаусыз қалдырды, – деп мәлімдеді.Сол себепті де, Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 1 мақсаты «Кедейлікті жою». Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру,белең алған өзекті мәселелерді шешу жолдарын табу.
Сарапшылар «кедейлік деңгейін анықтағанда тек кірісті ғана емес, сонымен бірге адамдардың білім алуға, денсаулық сақтауға және бос уақытты өткізуге жұмсаған қаражатын да ескеру қажет» деген пікірді осыған дейін де айтып келген. Жұмысы, ресми айлығы болса да айлық табысы медициналық қызметтің көмегіне жүгіну, демалу немесе бос уақыт сияқты негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі жоқ азаматтар жетеді. Кедейлік пен жоқшылықтың арасы алыс емес. Әлемде әлеуметтік жәрдемақы арқылы кедейлікті түп-тамырымен жойған мемлекет жоқ. Мемлекеттің жетістігі байлардың санымен емес, кедейлердің санымен, әлеуметтік теңсіздік деңгейімен анықталатынын айтып өткен мамандар жағдай бақылаудан шығып кетсе, елдің дамуына кедергі келтіріп, популистердің тіршілік ету ортасы және әлеуметтік базасына айналатынын айтты. Себебі кедейлік адамның табысы ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда бақылаудан шығып кететін көрінеді. Экономика заңдылығы бойынша, ішкі жалпы өсім, экономика өсімі халықтың табысына әсер етуі тиіс. Елімізді кедейшіліктен құтқару мақсатында мемлекет басшысы үкіметке халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Ұлттық экономика министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, энергетика, сауда және интеграция, экология министрлігі бірлесіп «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасын әзірледі. Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңыздылығымен бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез-келген мемлекет халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуда және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару үшін ұлттық экономиканың, халық шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу қажет. Адамдардың әл ауқаты ұлттық табыстың деңгейіне тәуелді. Кедейшілікпен күрес-әмбебап жолы көп болғанмен шешімін табу қиын өзекті мәселе.Ел болып кедейшіліктен құтылудың,тығырықтан шығудың жолын тапқанымыз дұрыс деп есептейміз.
Ибрагимов А.Т.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, Phd докторы
Ло Цзялин.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы
Abai.kz