Жұма, 22 Қараша 2024
731 0 пікір 26 Ақпан, 2024 сағат 12:29

Ғаламдық мәселелердің ең күрделісі - кедейлік

Сурет 365info.kz сайтынан алынды

Экономикалық тұрғыдан алғанда, кедейлік – бұл негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру, қоғамда қолайлы деп саналатын өмір сүру деңгейін ұстап тұру мүмкіндігінің болмауы.

Сонымен қатар, материалдық қиындықтар әлеуметтік ортаға, өзін-өзі қабылдауға және адамның көзқарасына әсер етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус пандемиясы 100 миллионнан астам адамды кедейлікке ұшыратты және төрт миллиардтан астам адамды әлеуметтік қолдаусыз қалдырды, – деп мәлімдеді. Сол себепті де, Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 1-мақсаты «Кедейлікті жою». Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру,белең алған өзекті мәселелерді шешу жолдарын табу.

Сарапшылар «кедейлік деңгейін анықтағанда тек кірісті ғана емес, сонымен бірге адамдардың білім алуға, денсаулық сақтауға және бос уақытты өткізуге жұмсаған қаражатын да ескеру қажет» деген пікірді осыған дейін де айтып келген. Жұмысы, ресми айлығы болса да айлық табысы медициналық қызметтің көмегіне жүгіну, демалу немесе бос уақыт сияқты негізгі қажет­ті­лік­терін қанағаттандыру мүмкін­дігі жоқ азаматтар жетеді. Кедейлік пен жоқшы­лықтың арасы алыс емес. Әлемде әлеуметтік жәрдемақы ар­қылы кедейлікті түп-тамырымен жой­ған мемлекет жоқ. Мемлекеттің жетіс­тігі байлардың санымен емес, кедейлер­дің санымен, әлеуметтік теңсіздік дең­гейімен анықталатынын айтып өткен мамандар жағдай бақылаудан шығып кетсе, елдің дамуына кедергі келтіріп, попу­листердің тіршілік ету ортасы жә­не әлеу­меттік базасына айналатынын айт­ты. Себебі кедейлік адамның табы­сы ең төменгі қажеттіліктерін қанағат­тан­дыруға жеткіліксіз болған жағдайда бақы­лаудан шығып кететін көрінеді. Экономика заңдылығы бойынша, ішкі жалпы өсім, экономика өсімі халықтың табысына әсер етуі тиіс. Елімізді кедейшіліктен құтқару мақсатында мемлекет басшысы үкіметке халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Ұлттық экономика министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі,  энергетика, сауда және интеграция, экология министрлігі бірлесіп «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасын әзірледі. Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңыздылығымен бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез-келген мемлекет халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуда және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару үшін ұлттық экономиканың, халық шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу қажет. Адамдардың әл ауқаты ұлттық табыстың деңгейіне тәуелді. Кедейшілікпен күрес-әмбебап жолы көп болғанмен шешімін табу қиын өзекті мәселе. Ел болып кедейшіліктен құтылудың,тығырықтан шығудың жолын тапқанымыз дұрыс деп есептейміз.

Ибраева А.С.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының  профессоры,з.ғ.д

Әкімжан Г.Қ.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  заң факультетінің магистранты

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318