Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2360 0 пікір 14 Қараша, 2013 сағат 17:57

Елбасы тапсырмасы: қазына қаржысы тиімді іске жұмсалуы тиіс

Биылғы 11-қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы атқарушы биліктің жұмысына көңілі толмай, сын тезіне алғандығы белгілі. Өткен жұма күні облыстық әкімдікте аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының қатысуымен өткен селекторлық кеңесте өлкемізде Елбасы атап өткен кемшіліктерді жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, пысықталды.
Кеңесте облыс әкімі Алик Айдарбаев жақында ҚР Премьер-министрі С. Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасы тапсырмасын орындауда министрліктер мен әкімдердің тиісті дәрежеде жұмыс істемей отырғаны аталып өткендігін, алдағы уақытта жұмысты барлық бағытта жандандыра түсу үшін арнайы іс-шаралар жоспары қабылданғанын айтып, одан туындайтын міндеттерге тоқ-талды.
Одан кейін сөз алған облыс әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетова Елбасы тапсырмасына орай өңірімізде қабылданған іс-шаралар жоспары жөнінде әңгімеледі. Жос-парға сай облысымызда 28 іс-шара жүзеге асырылатынын, оның жиырмасын осы жылдың аяғына дейін аяқтау көзделсе, ал сегізі келер жылдың еншісінде екендігін айтты.

– Бұл іс-шаралардың көп-шілігі, яғни 21-і Елбасы атап көрсеткен аймағымызда орын алған кемшіліктерді жоюға бағытталған, ал қалғандары заңдылық базасын нығайтуға арналған. Өкінішке орай, кеңеске дайындық барысында барлық мемлекеттік органдардан ақпарат сұраған кезде олардың басшыларының дайындықтарының тиісті деңгейде еместігі байқалды. Тіпті кейбір басқармалар Үкіметтің жоспарымен таныспаған. Олар әліге дейін жоғарыдан бұйрық күтетін сияқты. Кейбір ақпараттар нақты зерттелмей, алынатын шаралар зерделенбей формальды түрде беріледі,-дей келе Шолпан Лазарқызы одан әрі республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының игерілу жайына тоқталды.
Үстіміздегі жылдың осы кезеңіне дейін республикалық бюджеттен бөлінген қаржының әкімшілік бюджеттік бағдарлама бойынша 4,6 млрд.теңгесі игерілмеген. Игерілмеген қаржының ең ірі мөлшері мына әкімшілік бюджеттік бағдарламалардың еншісінде: облыстық құрылыс басқармасы - 1,4 млрд., энергетика және тұрғын үй-коммуналдық ша-руашылығы басқармасы - 1,6 млрд. теңгені игермеген. Сонымен қатар, облыстық ішкі істер департаменті - 363 млн., облыстық білім басқармасы - 360 млн., облыстық денсаулық сақтау басқармасы - 446 млн., облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы - 139 млн. теңге-ні қажетіне жарата алмаған. Өкінішке орай, кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген 17 млн. тең-геден де қайыр көрмеппіз.
Бюджет қаржысының игерілмеуіне конкурстардың кеш өткізілуі, құрылыс-монтаждау жұмыстарының уақытынан кеш жүргізілуі, жобалау-сметалық құжаттамаларының дер кезінде жасақталмауы себеп.
Қазір 2014 жылдың бюджеті жасақталуда. Келер жылы аталған кемшіліктер орын алмауы үшін жергілікті бюджетке жобалау-сметалық құжаттамалары мен техникалық-экономикалық негіздемесі дайын, өкілетті органдардың құрылыс нысандарын салуға бұйрықтары бар жобалар енгізілуде.
Елбасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие беруді субсидиялау бойынша аймағымызда жеткілікті жұмыс жүргізілмей отырғанын, атап айтқанда барлық қалалар мен аудандардың қамтылмағанын да сынға алған болатын. Өткен он айда облысымызда 2,4 млрд. теңгенің 24 жобасы қолдау тауып, бұл мақсатқа бөлінген қаржы толық игерілген. Өкінішке орай, Маңғыстау, Қарақия, Мұнайлы аудандары бойынша бірде-бір жоба жоқ. Бұған ауыл кәсіпкерлерінің кепілге қоятын мүлкі мен ауылдарда екінші деңгейлі банктер филиалдарының жоқтығы себеп.
Елбасы сонымен қатар, тип-тік жобалар салу құнының әр түрлі екендігі жөнінде де айтып, Үкіметке бұл бағыттағы кемшіліктерді жоюды тапсырған болатын. Аталған мәселе бойынша шығып сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев аудан, қалалардағы әлеуметтік нысандардың типтік жобаларының құнына жасалған талдау жөнінде баяндады. 2011-2012 жылдары Мұнайлы және Түпқараған аудандарында құрылысы басталған әрқайсысы 960 орындық бес жалпы білім беретін мектептер жобаларының құнына талдау жасағанда Батыр ауылында салынған орта мектептің құрылысына 1 156, 351 миллион теңге, ал Ақшұқырдағы мектепке 1 164, 301 миллион теңге, Баяндыдағы мектепке 1 164, 628 миллион теңге, Басқұдықтағы мектепке 1 168,060 миллион теңге, Маңғыстау-5-тегі мектепке 1 261, 062 миллион теңге жұмсалғандығы анықталған. Олардың және облысымызда биыл салынып жатқан мектептер мен балабақшалар жо-баларының құнының әр түрлі болуына кейбіреулерінің инженерлік жүйелерден алыстығы, жер телімдері алаңдары көлемінің әртүрлілігі және тағы басқа жайттар себеп.
Кеңесте сонымен қатар, облысымызды индустриялан-дыру мәселесі де сөз болды. Үстіміздегі жылы кәсіпкерлердің белсенділігінің баяула-ғаны байқалады. Оған индустрияландыру картасы бойынша облыс бойынша небәрі екі жобаның ұсынылғаны дәлел.
Кеңесті қорытқан облыс әкімі А. Айдарбаев алдағы уақытта бұрынғыдай біртектес, тиімсіз зауыттар емес, өлкеміз үшін маңызды кәсіпорындар салу керектігін, индустрияландыру картасына барлық аудандар мен қалалардың белсене қатысуына басқармалармен қатар, аудан әкімдерінің де жауапты екендіктерін, олардың әуелі нақты жобаларды жасақтап, бизнес-жоспарларын жасап, құрылыс орнын белгілеп алғаннан кейін ғана инвесторлар іздеу қажеттігін айтып, Елбасы алға қойып отырған міндеттер үдесінен шығу жолында аянбай жұмыс жасауды тапсырды.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522