Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2081 0 пікір 11 Қараша, 2013 сағат 18:18

Жер мәселесі

Сәрсенбі күні, Маңғыстау облысының жер қатынастары басқар-масының бастығы Есемұрат Дүзмағамбетов БАҚ өкілдерімен кездесіп, облыстың жер мәселесі жөнінде ақпарат берді.
11 қазан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы пайдаланылмаған жерлерді ревизиялау және оларды айналысқа түсіру тетіктерін әзірлеу жұмыстарының салғырт жүргізіліп жатқанын атап өткен болатын. Бұл аталған жағдайлар облысымызда орын алғаны жасырын емес.
Басқарма бастығының мәлімдеуінше, Елбасының тапсырмаларына сәйкес, 2011 жылдан бері үздіксіз түгендеу жұмыстары жүргізілді. Ол жұмыстардың нәтижесінде, мемлекет меншігіне 3778,5 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер қайтарылып, оның ішінде қайтадан ауыл шаруашылығы өндірісіне 136,2 мың гектар енгізілген. «Жерді қайтып алу «Жер кодексі» мен «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы бойынша жүзеге асырылады. Біздің облыста жерді қайтып алу процесі мұнай кен орындары орналасқан жерлерде ғана жүргізіледі. Биылғы жылы осы жұмыс 9 жер учаскесі бойынша басталды, соның 7 учаскесі бойынша келісімге келіп, 2 учаске бойынша жұмыс жалғасуда»,-деді Е. Дәулетиярұлы.

Сондай-ақ басқарма тарапынан облыстық әкімшілік аумақтық-құрылымын реттеуге, жерлерді түгендеуге, кадастрлық базаны толықтыруға бағытталған шаралар ұйымдастырылып жатыр. Ақтау қаласының аумағын, шекарасын белгілеу, есептік кварталдардың жер-кадастр картасын бекіту, Жаңаөзен қаласының жерлерін түгендеу, елді мекендер шекарасын белгілеу секілді жұмыстар үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сату-сатып алу жөнінде конкурс өткізу жұмыстары жасалды. Бұл жұмыстардың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қазан-қараша айларына белгіленген.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520