Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2721 0 пікір 20 Қараша, 2013 сағат 04:26

Талғат Мұсабаев: Мені Ресейге сатылды деп жүр...

Бұрынырақта арынды болып көрінген Қазғарыш басшысы, қазақтан шыққан екінші ғарышкер Талғат Мұсабаевты қазақ қоғамы соңғы кезде гептил мәселесіне қатысты көбірек айыптайтыны рас. Ғарышкер-басшы жуырда «Караван» газетіне сұхбат беріпті.
Байқоңырдың парадоксы
– Отандық ғарыш саласында не бар, не болмақ?
– Барынан болары көп,әрине. Ғарыштық жүйе, теле, радио, интернет, мобилдік байланысты қамтитын жерсеріктік телебайланыс жүйесі болады. Бұған жербетілік инфрақұрылымға қажетті Жерді арақашықтан шатырлап қамту (зондирование) шаруасы да кіреді. Бұлармен тек қана жоғары білікті мамандар айналыса алады. Оларды қайдан шақырмадым десеңші! Қазақстандағы әуе мен ғарыш терминдерін білетіндерді де, сосын Ресейдегі қазақстандық арнайы ЖОО бітіргендерді де, шетелдік мамандарды да шақырдым.
«Протон» бізге дос, бірақ аса қымбат
– Астанадағы сол жағалауда ғарыш қалашығы салынып жатқан көрінеді ғой?..

Бұрынырақта арынды болып көрінген Қазғарыш басшысы, қазақтан шыққан екінші ғарышкер Талғат Мұсабаевты қазақ қоғамы соңғы кезде гептил мәселесіне қатысты көбірек айыптайтыны рас. Ғарышкер-басшы жуырда «Караван» газетіне сұхбат беріпті.
Байқоңырдың парадоксы
– Отандық ғарыш саласында не бар, не болмақ?
– Барынан болары көп,әрине. Ғарыштық жүйе, теле, радио, интернет, мобилдік байланысты қамтитын жерсеріктік телебайланыс жүйесі болады. Бұған жербетілік инфрақұрылымға қажетті Жерді арақашықтан шатырлап қамту (зондирование) шаруасы да кіреді. Бұлармен тек қана жоғары білікті мамандар айналыса алады. Оларды қайдан шақырмадым десеңші! Қазақстандағы әуе мен ғарыш терминдерін білетіндерді де, сосын Ресейдегі қазақстандық арнайы ЖОО бітіргендерді де, шетелдік мамандарды да шақырдым.
«Протон» бізге дос, бірақ аса қымбат
– Астанадағы сол жағалауда ғарыш қалашығы салынып жатқан көрінеді ғой?..
– Үкімет Ұлттық ғарыш орталығына 30 гектар жер бөлді.Ол жерде құрау-сынау кешені мен барлық жербетілік инфрақұрылым, Жерді арақашықтан шатырлау (зондтау) жүйесі орналаспақ. Аса дәл жерсеріктік кезгін (навигация) жүйесі іске кіріспек. Ол маңда ғарыштық басқарманың да ғимараты орын тебеді. Ал, журналист әріптестеріміздің жазуына сенсек, біз халықтың қаржысын желге шашып, ештеңе тындырып жатпағандаймыз. Мен осы тақта отырып, ғарыштан гөрі денсаулығымды көбірек құртып жүрмін.Өйткені, ұлттық мүддені ғана қорғаумен емес, ура-патриоттарға да әр қадамыңды айтып түсіндіріп отыруға тура келеді. Жеке басыма ештеңе керек емес: менде атақ та, зейнетақы да, Президент берген Алматыдағы үй де бар...
– Елде «Протон-М» зымырантасығышын ұшырған соң антиресейлік көңілкүй күшейді. Бұған қатысты не айтасыз?
– Ол байбалам салуға тұрмайтын нәрсе. Қызылорда облысында бір емес бес сатылық усыздандыру жүрді және де жұртшылық үшін зардабы жоқ деуге болады. Байқоңырдан «Протонды» ұшырмауға әуелі өзім қарсы болғам: сол үшін былтырғы желтоқсанда дауға да қалдық: Ресей СІМ-і тіпті нота жіберді! Ал мені өз отанымда «Ресейге сатылды» деп шықты. Мен «Протонның» ұшырылуына қарсы адаммын! Бірақ мәселенің кәсіптік жағынан шешілуін жақтаймын. Ғарышқа сапар шегіп ұрмаса, Ресейге Байқоңырдың ешбір керегі жоқтығын ұғуымыз керек. Олар тастайды да кетеді, сосын біз шөлдаламен қаламыз да қоямыз!
«Қырсыздығымыздың ескерткіші – 2 млрд. доллар»
– Зымыран-ғарыштық «Бәйтерек» кешені енді Украинада жасалатын «Зенит» деген зымырантасығышқа табан тіремек дегенді айтуда, рас па?
–2004 жылғы келісім бойынша «Бәйтеректі» «Ангараның» базасында құру көзделген. Бірақ айтулы «Протонды», басқа да гептилдік отынды алмастыратын басқа зымырантасығыштардың мерзімі көрсетілмеген. Ал осы арада «Бәйтеректің» құны жеті есеге қымбаттап кетті! 232 миллион доллардан – 2 миллиардқа жетті!
2011 жылы бізбен келіспестен Ресей алды да «Восточный» ғарышайлағынан дәл осындай кешен салуды жоспарлады. Енді «Ангара» болса, тек қана әуелі Ресей айлағынан ұшады. Ал біз қырсыздығымыздың ескерткіші ретінде 2 миллиардтық ескерткішпен қаламыз. Содан 2012 жылы 10 қазанда Мәскеуде мемлекет басшылары «Зенит» зымырантасығыш базасында «Бәйтеректі» салуды тапсырды.
Бейштаттық жағдайлар
– Сізге қайда істеген қолайлы: ғарышта ма, жерде ме?

– Ғарышты аса күрделі,бірақ онда басқа талап бар: мені көпке дейін ғарышқа ұшырмады, ол ұзақ жылғы жаттығуға ұласты. Ал жерде тіпті басқа ұғымдармен, өзіңнің не істеп жүргеніңмен бетпе бет келуге тура келеді.
– Ғарышқа сапарларыңыз туралы кітап жазасыз ба?
– Қайдан жазайын, кәзіргі жұмысқа зорға үлгеріп жүрмін. Ельциннің көмекшісі Батурин, менің ғарышқа апарған серіктесім, маған: «Сенің ғарыштағы бейштаттық жайттарың он ғарышкерге жетеді! Саған роман жазу керек!» - деп еді...
– Бүгін, өкініштісі сол, ғарышкер болуды аңсайтын баланы кездестіру қиын.
– Кәзіргі балалар алпауыт болуды аңсайды! Жастар қайдан тәлім алуда? Не оқиды? Бізде кәзір ұлы нәрсеге жету, Отанды әйгілеу деген ұмтылыстар жойылып кетті...
– Қалай ойлайсыз, қазақстандық келесі ғарыш сапары не үшін жүзеге аспақ?
– Ол өте күрделі мәселе. Бір қазақты ғарышқа жіберу жеткіліксіз: әуелі мақсат маңызды, ол сапар не үшін керек? Егер де бізге бұл мәселені шешу оңды болса, келешек ғарыш сапары тек қана елдің саяси имиджін көтеру ғана емес, елді іргелі әрі қолданбалы мақсаттарға әлемдік деңгейде дамытуға арналуы керек.
«Маған мәнді, рухани фильмдер ұнайды»
– Ғарыштық кәсіпорынның бірі – «Ғарыш сапары» басшысын қаржы сақшылары ұстады. Салаға бұл қаншалықты рухани залал келтірді?
– Бұл масқара оқиға. Ақша бар жерде, жемқорлыққа орын табылады. Бұл қоғамның айнадағы бейнесі ғой. Сот қана «І»-нің басын түртетіні анық. Әрине, бұл салаға жұққан айғыз.Ол маман ретінде жаман емес еді. Енді ондай маман да жоқ.
– Ғарыш туралы фильм қарайсыз ба? «Гравитация» фильмінде актриса Сандра Баллок қолды бір сілтеп халықаралық ғарыштық жүйені (ХҒЖ) быт-шыт қылады...
– Оны қараған жоқпын. Тек қана Шварценеггерді мойындаймын.Жалпы шетелдік фильмге құмартуды қолдамаймын: олар негізінен фильм-алдауыштар, мыйұрғыштар ғана. Маған мәнді, рухани фильмдер ұнайды.
– Нені армандайсыз?
– Бала кезімде екі мәрте КСРО батыры Талгат Бигелдинов секілді ұшқыш болуды армандағам, менің атым да сол кісімен байланысты. Сосын 1961 жылы 12 көкекте ғарышқа адам алғаш ұшқанда бірнеше өмірді бір-ақ сүргендей әсерде болдым. Екі мәрте батырмын - Ресей батырымын әрі Халық қаһарманымын...Кәзір бір нәрсені ғана армандаймын: өзіме берілген саланы шегінбестей нүктеге жеткізсем деген, әйтпесе бар күш босқа сарп етіледі…
Ықшамдалып аударылды.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407