Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 735 0 пікір 13 Наурыз, 2024 сағат 15:43

Есімі естен кетпес тұлға - заңгер Қайыржанов

Коллаж: egemen.kz

Еліміздің өркендеп, ілгерілеп дамуына, Қазақстанда қылмыстық құқық, криминология мен криминалистика ғылымдарының негіздерінің нық қалануына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген ғылым мен техника қайраткері, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор Елеген Қайыржанұлы Қайыржановтың үлесі мол.   

Профессор Қайыржановтың жетекшілігімен 70-тен астам адам кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғады. Бүгінде ғалымның артында қалған өшпес ғылыми құндылықтары, өнегелі ұстаздың шəкірттерінің қоғамның түрлі салаларында - Қазақстан Республикасының Парламентінде, Үкіметте, Жоғары сотта, Бас Прокуратурада, Ішкі істер мен Əділет Министрліктерінде, басқа да құқыққорғау органдарында, қоғамдық ұйымдарда, жоғары оқу орындарында жауапты қызметтерді атқарып жатқандығы Е.Қайыржановтың еңбегінің тағы бір дәлелі іспеттес.

2012 жылдың 27 қыркүйегінде кафедра меңгерушісі з.ғ.д., профессор Джансараева Рима Еренатовнаның ұсынысы бойынша заң факультетінің  Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша ғимаратында Е.І.Қайыржанов аудиториясы (425 кабинет), ғалымның атына мемориалды тақта ашылған болатын.

Қайыржанов Елеген 1933 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы заң университетін бітірген. Е.І. Қайыржанов заң саласының дамуына елеулі үлес қосқан. Өз заманында бірқатар заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасының кодекстерін, «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңын және т.б. Заң шығару, конституциялық құқық, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық ағарту мәселелері бойынша ірі халықаралық форумдарда еліміздің атынан қатысты. Шет ел заң ғалымдары мен зерттеушілері Елеген Ізтілеуұлының өзіндік ерекшеліктерімен, криминогендік процестерді терең түсінуімен ерекшеленетін еңбектерін негізге алуда. Атап өтер тағы да бір дәлел.

Елеген Ізтілеуұлының артына қал­дырған ұстаздық ұлағаты мен мол ғы­лыми мұралары – осының айқын дәлелі. Оның ғылым жолындағы төккен тері мен атқар­ған ерен еңбегі, ізденісте болған  ғалымдар мен шәкірттеріне шашқан шуағы ешқашан ұмытылмайды.

Артында өнегелі істер қалдырып, белгілі бір саланы мықты меңгеріп, өздері  өмірден өтсе де, еңбегі мен қызметі, айналасындағы адамдарға жасаған жақсылықтары мен жанына жақын тарта білетін жылылығы естен кетпейтін адамдар бар, заң саласына сіңірген еңбегін ескере отыра, 12.03.2024 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Криминологиялық Ассоциациясы,  заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы бірігіп әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерей тойына арналған заң ғылымдарының докторы, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, әл-Фараби сыйлығының лауреаты, ҚР Ғылым және Техникаға еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан Криминологиялық қауымдастығының құрметті профессоры, Е.И. Қайыржановты еске алуға байланысты  "Қазіргі заманның қылмыстық қатерлері және жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қылмысқа қарсы қауіпсіздік стратегиялары "(14-і жыл сайынғы Қайыржанов оқулары) халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конферецияға шет ел мемлекеттерінің, еліміздің ЖОО орындарының заңгер-ғалымдары және Ғылыми мектебі қатысып баяндамалар жасады. Сергевнин В.А.- Батыс Иллинойс университетінің (АҚШ)   құқық қорғау    және сот төрелігін басқару мектебінің профессоры, Абдухамитов В. – Ресей-Тәжік Славян университетінің (Тәжік республикасы)  қылмыстық құқық кафедрасының профессоры – «Тәжікстан экстремизміне қарсы іс-қимыл: теория және заңнама мәселелері»; Моисеева И.А. Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы) Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты "Қорғау ордері және оның отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарының виктимологиялық қауіпсіздігіндегі рөлі" атты тақырыптар бойынша баяндама жасады, сондай-ақ, Қазақстанның түпкір-түпкірінен Қазақстаннның заңгер ғалымдары да өз ойларын бөлісті.

Джансараева Р.Е. – з.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі – «Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс- қимыл саласындағы қылмыстық саясат»;

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, профессор, философия докторы(PhD), Қазақстан Республкасы педагогика ғылымдаы академиясының академигі – «Қазақстандағы қылмыс- тылық: себептері, өсу деңгейі, алдын-алу»; Қаиыржанова Солидат Елегенқызы -   з. ғ. д.  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, тарих және құқық кафедрасының  профессоры, Орал қаласы.  «Әке туралы естелік». Бимолданов Е.М. – Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент); Тасқын Е. – Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы факультетінің бастығы, философия докторы (PhD) «Кәмелетке толмағандар арасында кибербуллингке қарсы іс-қимылдың шетелдік тәжірибесі». Алмасов Д.А. – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универси- теті –«Криминологиялық қауіпсіздік және терроризмге қарсы іс- қимыл».

Қазақстанның ғұлама ғалымдары: заң ғылымдарының докторы, профессорлары: Алауханов Е.О., Бакишев Қ.Ә., Рустемова Г.Р., Төлеубекова Б.Х., Мазов Е.Ә., қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, жылда университтің ұйымдастырған қоғамдық іс-шараларына белсенділік танытып, оқуын үздік оқып жүрген студентерге атаулы стипендия ұсынылды.

Конференцияның басты мақсаты болып  - "қылмысқа қарсы қауіпсіздік" феноменін талқылау, ғылыми негізделген тәсілдерді әзірлеу және қазіргі жағдайда жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің қылмысқа қарсы қауіпсіздігі мәселелері бойынша ғылыми ережелерді іске асыру перспективаларын айқындау танылды.

Атаханова Гульзагира Махатовна

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының з.ғ.к., профессор

Abai.kz

0 пікір