Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 1262 1 пікір 14 Наурыз, 2024 сағат 15:35

Білімді ұрпақ - ел болашағы!

Сурет ҚазҰУ сайтынан алынды

Жаһандану кезеңінде бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау өте маңызды. Жоғары оқу орындарындағы білім сапасын әлемдік деңгейге сай жетілдіру қажеттілігін өмірдің өзі талап етіп отыр.

Бо­ла­шақ дамуымыз білім саласында инновация жетістіктерін кеңінен пайдалануға байланысты. Әсіресе білім беру сала­сын­дағы көптеген өзгеріс жоғары оқу орындарындағы күрделі мәселелерді анықтап берді. Болашақта даярланатын мамандардың сапасына, үздіксіз білім мен ғылыми жетістіктерді игерудің ұлттық экономикаға  тигізетін әсеріне, саланы жетілдіру ма­ңыз­ға ие екені баршаға мәлім. Қазіргі кезде бас­қарудың заманауи әдіс-тә­сіл­­дерін мең­герген мамандарға деген қажет­тілік күннен-күнге артып келеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу жүзеге асырылды.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелерді шешу жолы көзделген. Ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектеп салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру және т. б. мәселелер жалғасын тапты.Жоба сапалы білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді, жобаны әзірлеу барысында қоғам өкілдерімен, білім беру саласындағы сарапшылармен талқыланғаны да баршаға мәлім. Ұлттық жоба бес міндеттен құралған төрт бағыттан тұрады.

БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму. Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 бөлімі -сапалы  білім екен алға тартқым келеді. Елімізде де білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы. Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана биікке шығатынымызды ескерсек, бұл мәселе ұдайы назарда болуы тиіс. Бүгінде оқытушылардың  біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын жақсарту елімізде де білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы.

Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана биікке шығатынымызды ескерсек, бұл мәселе ұдайы назарда болуы тиіс. Бүгінде оқытушылардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын жақсарту жолдары бірізділікпен жүйелі жолға қойылып келеді. Осы жайттарды ескере отыра, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің оқытушылар құрамы сапалы білім беру мақсатында аянбай еңбек етуде. Әр мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамуының тағы бір көрсеткіші – әлемдік тәжірибеге сүйенген білімді маман даярлаумен тығыз байланысты. Сапалы білім беру – бә­се­кеге қабілетті, өркениетті ел болудың ке­пілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің бар­­лығы ілім, ғылымның жемісі екендігі сөз­­сіз.

Сартаев С.А.,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты.

Қасымбек Ә.Ж.,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің магистранты.

Abai.kz

1 пікір