Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3011 0 пікір 25 Қараша, 2013 сағат 03:12

Әсет Бектұр. Алла әміріндегі әлемге саяхат

Брендейс атындағы Университеттің ғалымы Марк Миллер нейрондардың байланысын ұзақ жылдар бойы зерттеп, ми жасушасының структурасын анықтаған. Ал, ғаламның кескінін астрофизиктер тобы милиардтаған галактикаларды бақылап жүріп түсіріп алады. Мұндай макро және микро әлемдердің айнымас ұқсастықтарын қалайша кездейсоқтық деп айтуға болады. Алып әлемнің азғантай ғана ақылмен көз жеткізуге болатын мәнін ұқпауда нендей құпия, не сыр бар?
Бір қарағанда ми жасушасы мен ғаламның бір-біріне еш байланысы жоқ әлемдер. Арасындағы көлем алшақтығы да ақылға симайды. Бірақ, суретке қарасақ екеуінің еш айырмашылығы жоқ. Өйткені, мына ғалам мен жасушаның жаратушы иесі Біреу. Ол Алла. Екеуіне де Алланың таңбасы, мөрі басылған. Үлкендігі ақылға симас ғалам мен көзге көрінбес жасушаны жаратқан Шебердің Бір екенін ақылымызға салады. Бұл ұқсастық Жаратушының теңдесі жоқ бір Күш екенін, Өз шеберлігін паш еткен хикметі екенін сезінген сайын, Оған құлшылық жасап, жақсы амалдар жасауымызға шабытандыра түсері хақ.
Егер біз адам – уақыт жағынан да, көлем-кеңістік жағынан да тұтас, шексіз алып әлем шеңберінде Ұлы Бір Күшке бағынышты болсақ, онда дерт пен құрдымның кішкентай жұрнағы, бірақ ең алапат иесі – қарабастың қамы, өзімшілдік, менмендік солардың қоржынынан шыққан астамшылық атаулыға неге сонша ессіз ынтамен ұмтыламыз?

Біз өмір сүріп жатқан жасуша - ғалам деп аталады

Сәуле жылдамдығы сағатына 1 миллиард км. жүре алады екен, демек 1 жылда 9 760 800 000 000 км. (тоғыз триллион жеті жүз алпыс миллиард сегіз жүз миллион) жерді жүріп өтеді деген сөз. 1976 жылы Америка мен Германия ғалымдары бірлесе отырып «Гелиос-Б» құрылғысын ғарышқа ұшырған еді.

1) Құрылғының жылдамдығы сағатына 240 мың км. жетіп рекордтық нәтиже орнатқан болатын.
2) Ал көлік орташа есеппен алғанда сағатына 100км. жүріп өтеді.
3) Адам жаяу жүріспен 5-6км. жүре алады.
Біз өмір сүріп жатқан мына ғалам Алланың шексіз құдіреті екендігін сезіну үшін ғаламшарымыздағы жұлдыздардың бізбен ара қашықтығын осы үш өлшем арқылы салыстырып көрсек.

•Бірінші саяхатымызды бізге жақын тұрған айдан бастасақ.

«Гелиос-Б» құрылғысымен айға небәрі бір сағатта ұшып барады екенбіз. Көлікпен 160 күн саяхаттаймыз. Бұл жарты жыл деген сөз. Ал жаяу 5-жылда жетеді екенбіз.
•Келесі аялдамамыз марс. Жермен марстың бір-біріне жақындауы 17 жылда бір рет келеді, бұл қашықтық 56 млн. км.

Марсқа «Гелиос-Б» құрылғысымен бар болғаны 9 күнде ұшып барамыз. Көлікпен үздіксіз жүріп отырсақ 63 жылда барамыз. Ал жаяу 799 жылда жетеміз. Біз марсқа жеткенше бұл уақытта жербетінде ондаған ұрпақ ауысады екен.

•Ендігі саяхаттаймыз жарық жұлдыз күнге.

«Гелиос-Б» құрылғысымен ұшып бару үшін 26 күн керек екен. (бір айға жақын уақытты алады). Көлікпен 173 жылымыз кетеді. Жаяу адымдап-адымдап тез жүріп отырсақ 2168 жылда барамыз. Бірақ, ол уақытта жер бетінде не болып жататынын Бір Алладан басқа ешкім білмейді.

•Төртінші күн жүйесіндегі ең соңғы планетамыз Плутон.

Арақашықтығы 5.6 млрд. километрді алып жатыр. Оған ғарыш құрылғысымен жету үшін 3 жыл керек. Көлікпен 6392 жыл жүреміз. Ал адам 90000 жыл жүріп жетеді.

•Галактикамыздағы бізге ең жақын тұрған жұлдыз Проксима Центавр.

Ол фото суретте қызыл түсті болып, сол жақта жарқырап тұр. Оның ара қашықтығы сәуле жарығымен есептегенде 4-жыл. Жерден 39043200000000 км. (отыз тоғыз триллион қырық үш миллиард екі жүз миллион) ақылға симас алшақтықта жатыр. «Гелиос-Б» үздіксіз ұшқанда 18750 жылда жетеді. Көлікпен бару үшін 4,5 миллион жыл керек болады екен. Адам бұл ұзақ сапарға 557 млн. жылды сарп етуі керек.

•Біздің галактикамызбен көрші тұрған галактика Андромеданың ұзақтығы сәуле жылдамдығымен есептегенде 2,5 миллион жыл. Немесе мына сандардың 97608000000000000000 км. (тоқсан жеті квинтильон алты жүз сегіз квадрильон) қандай кеңістікті алып жатқанын қалай елестетуге болады?

Құрылғы бұл галактикаға жету үшін 46 миллиард жыл ұшуы керек. Ал көлік. Адам. Иә. Түсінікті. Ары қарай есептеу әсте мүмкін емес. Әрі мағынасыз. Жоқ. Мағынасыз емес. Біздің айтқымыз келген нәрсе біреу. Мына ғалам шексіз тәрізді, бірақ, бәрі шектеулі: ғарыштар әлемі, күн нұры, ай сәулесі, жер жүзі, самсаған жұлдыздар... қоғам, адам... Тұрлаусыз, баянсыз тіршіліктің тұрақты жауабы біреу. Мейрімі шексіз Алла тағала құран кәрімде былай дейді. «Ол Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші». (Хашр сүресі, 24 аят). Шындығына келсек бұл ақиқатты мойындамаған адам ғаламнан жанына сая таппайды.

Ми жасушасының құдіреті

Адам ағзасында өз алдына мемлекет тәрізді өте күрделі жүйемен қызмет атқаратын 60 триллионға жуық жасушалар мен аспан әлеміндегі сансыз галактикалардың барлығына билігін жүргізіп, басқаратын бір шексіз хикмет иесі бар: Ол барлығын жаратушы – Алла.
Адам баласын ғасырлар бойы таңқалдырып келе жатқан ең дана, өте күрделі жүйенің бірі – Ми. Ми жасушасыда ғалам тәрізді күрделі әлем. Лос-Аламос қаласының ұлттық лабораториясының инженерлері бағасы 120 миллион доллар тұратын, әлемдегі ең жылдам компьютер жасап шықты. Бұл компьютер секундына 1015 миллиард есепті шығарып, секундына 1.1 петафлоп жұмыс жасай алады. Мұндай жылдамдық қарапайым компьютерлерден миллион есе көп. Бұл керемет компьютерді жасаудағы басты мақсат - мидың көру жүйесінен алатын ақпараттары сияқты, PetaVision бағдарламасын жасау. Мысалы, біз аспанда ұшып бара жатқан құсты көрсек миымыз оның құс екені жайлы ақпарат береді. Осындай ақпараттық есепті шығару үшін қарқындылығы петафлоп суперкомпьютер қажет. Петафлоп деңгейіндегі суперкомпьютерлер түгелдей бір бөлмені қамтиды екен. Адамның бір ғана ми жүйесінің өзі 1012 синапстен, яғни жүйке байланыстарынан тұрады. Синапстер - асқан жылдамдықпен миды ақпаратпен қамтамасыз етіп отырады. Танымал невролог Питер Лайн: «Синапс – жеке бір әлем. Бізді мидың байланыс жүйесі таңқаладырады. Жүз миллиард нейрон басқа нейрондармен байланыс жасаған кезде триллиондаған байланыс жүйесі орнайды. Мидағы бұл процесті көз алдымызға елестете алмаймыз»,- дейді ол. Ақпаратты жылдам таратуды талап ете бастаған қоғамда, ақпаратты сапалы тарату үшін петафлопы бар үлкен бөлме керек екен. Ал егер, біздің миымыз осындай үлкен бөлме сияқты болса қайтер едік?!

Жақында жарық көрген зерттеулерден ми жасушалары туралы мынандай қызықты ақпараттарды кездестіруге болады:
•Жүйке жасушалары (нейрондар) шамамен 100 миллиард.
•Мидағы байланыс жүйесі 500 триллион (5 x 1014).
•Әр секунд сайын жаңа байланыстардың саны 1 миллионға жетеді.
•Ми секундына 100 триллион (1014) жылдамдықпен жұмыс жасайды.
Нейробиологтар әлі күнге дейін мидың қалай жұмыс істейтіндігін нақты түсіндіре алмай келеді. Олардың бар білетіні, ми – есептеу жүйесі сияқты жұмыс істеп, алдағы болатын дүниені жоспарлап отырады. Мысалы, телефонмен сөйлесіп тұрған кезде келесі адамның бізге қандай хабар айтқалы тұрғанын іштей сеземіз. Қазіргі заманның озық ғылымы мұндай қасиеттің қалай пайда болып, қалай жұмыс жасайтынын нақты айтып бере алмай келеді.
Ал, мұның барлығы бізді Жаратқан хикмет иесі үшін анық дүние!
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375