Министр: Ресей Қазақстанға 3 ЖЭС-ті биыл сала бастайды
Ресей Қазақстанда үш бірдей жылу электр станциясын салуды биыл бастауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Үкімет отырысынан соң БАҚ өкілдерімен жолыққан министр Алмасадам Сәтқалиев осылай деп мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда салынуы тиіс 3 жылу электр станциясын Ресейдің "Интер-РАО" деген компаниясы салады.
"Құрылыс жұмысын биыл бастау мүмкіндігі бар, жоба айтарлықтай ілгеріледі. Қалған жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу аяқталуда, оның нәтижелері бойынша техникалық шешімдер бекітіліп, тиісті зауыттарда жабдықтарға тапсырыс беріледі", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Өткен жылдың қараша айында Қазақстан мен Ресей Қазақстан аумағында 3 жылу электр станциясын салуға келіскен. ЖЭС-тер Көкшетау, Семей және Өскеменде салынады.
Abai.kz