Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 1839 2 пікір 4 Сәуір, 2024 сағат 16:44

Халық: Бишімбаевтардың қаржысы тексерілсін!

Сурет: kaztag.kz

Қуандық Бишімбаевтың отбасы мүшелері мен туыстарының мүліктік жағдайы мен мүлкінің шығу тегіне тәуелсіз тексеру жүргізу туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ашық үндеу жарияланды.

«Біз, төменде қол қоюшылар, Ата Заңымыздың кепілі ретінде Сізге қазіргі уақытта әйелі Салтанат Амангелдіқызы Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлының отбасы мүшелері мен туыстарының мүліктік жағдайы мен мүлкінің шығу тегін тексеруге қатысты өтінішімізді қарауды сұраймыз.

Бишімбаев Қуандық жасаған қылмыс Салтанат Нүкенова мен оның жақындарына сөзбен жеткізгісіз қасірет әкелді. Бұл зорлық-зомбылық әрекеті жұртшылық арасында наразылық пен үрей тудырды және біз кінәлі өзінің қылмыстық әрекеттері үшін заңға сәйкес толық жауап беруі керек екеніне сенімдіміз», – делінген петицияда.

Петицияда сондай-ақ қоғамның ашықтық пен әділдікке деген сенімін ескере отырып, ресми мәртебесімен түсіндірілмеген қомақты қаржылық мүмкіндігі бар Бишімбаевтар отбасы мүшелерінің кіріс көздеріне мұқият сараптама жүргізу қажеттігі айтылған. Бұл ретте, әсіресе, Бишімбаев Қуандықтың анасы зейнеткер Альмира Нұрлыбекқызы мен оның бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған ұлының қызметі арасындағы ықтимал байланысты ескеру қажеттігі сөз болды.

«Бишімбаевтар отбасының кіріс көздеріне тәуелсіз аудит жүргізу қоғамның заңды мүдделерін қорғауға қызмет етіп қана қоймай, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырудың ықтимал жағдайларының алдын алады. Бұл сондай-ақ азаматтардың сот төрелігі мен жалпы заң үстемдігіне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді», – делінген өтінішті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377