Сенбі, 23 Қараша 2024
Дін мен тін 1654 4 пікір 8 Сәуір, 2024 сағат 14:58

Ислам әйелдерінің хиджап киюі неліктен?

Фото: pexels.com

Ислам елдерінде көбінесе әйелдер үйде отырып үй жұмысын істеп, бала тәрбиелеу керек. Олардың дүниетанымы бойынша болғанда, бұл негізінен әйелдерді аялау және бөгде адамдармен, бөтен еркектер алдында өздерін сыпайы ұстап, әдепті көріну үшін керек екен.

Демек, "сыланып, боянып, кім көрінгенге қылмыңдап жаман жолға түсіп кетпеу" үшін, әйелдер туыстарынының, дос-жарандарының үйіне немесе намаз оқуға барғанда желек (хиджап) жамылып, бас-көзін бүркенуі керек. Өйткені, әйелдердің қол-аяғынан басқа денесінің бәрі ұятты жері есептеледі.

Егер еркектер бейтаныс әйелдердің бет-жүзін көріп қалса, ерсі, ұятты іс саналады. Сондықтан басын бүркеніп жүру ислам әйелдерінің парызы болған. Бетперде (паранджы, хиджап) киіп жүру ислам әйелдерінің әдет-ғұрпы, әрі араб елінің өзіндік ерекшелігі саналады.

Әрбір ислам елінде немесе әр өңірінде, әр жерінде өмір сүрген әйелдердің бетперде жамылуы әрқилы болады. Кейбір үлкен қалалардағы әйелдердің көбі бетперде салмай, қоғамдық орындарға әдеттегідей барыс-келіс, қарым-қатынас жасайды. Ал шеткері қала-қалашықтар мен ауыл-аймақтарда әліге дейін көпшілік әйелдер бетперде жамылады немесе бастарын бүркенеді.

Ал көшіп-қонумен өмір сүретін аудандарда әйелдер бетпердесін алып, еркектермен бірге жұмыс істейді.

Кейбір ислам елдеріндегі әйелдер бетперде бүркенгенде жүрер жолын бірғана саңылаудан көреді, мұны "желек бүркенген жалғыз көзді әйелдер" деп атайды. Олар бастарына қара желек бүркеніп, үстілеріне сүйретілген қара көйлек киіп,бүкіл денесін оранып жүреді. Сондықтан қараңғы түндерде қараңдап тым қорқынышты көрінеді.

Оңтүстік Йемендегі хадаламау әйелдері тысқа шығарда бетіне бүркеншік салғанымен, көзін ашық ұстайды. Қыздар есейіп балағатқа толғанда немесе он жасқа шыққанда, оған егде әйелдердің кимін кидіреді де, он жас пен он екі жас аралығында ұзатады. Ұзатылу кезінде қынагүл шырынынан қол-аяқтарының тырнағын түрлі-түсті етіп бояп сәндейді. Кеудесіне алтыннан ай тектес моншақ тізбекті алқа, күмістен бір-біріне байлаулы үш қатарлы шолпы салады. Сондай-ақ бетіне "Құран" аятары түсірілген күміс теңгелерді бойтұмар етеді. Оның үстіне қолына бір жұп білезік салады, аяғына кішкене қоңырауы бар білезік киеді, кейбір таулы өңірлерде әйелдер үнемі шымқай көктен қолқылдаған ұзын шапан киіп, шымқай көктен бүркеншік алып, қызылдан белбеу, сәндікке күміс тағады. Білек, саусақ, аяқтарына күмістен өте құнды сәндік бұйымдар тағады.

Солтүстік Йеменнің кейбір аймақтарында әйелдер көбінде үйде отырады.

Егерде тысқа шығуға тура келсе, қара желекке оранып базарлар мен көпшілік орындарға соқпастан шеткері көшелермен жүреді. Оның үстіне күн батпай үйіне сөзсіз оралуы керек. Қыз бала есейіп, 6 жасқа толғанда ересек әйелдер сияқты үйден шықпайды. Бірақ Санажяның таулы аймақтарындағы әйелдер бетперде бүркенбейді. Оның есесіне ши қалпақ киіп, екі білегін ашық көрсетіп білектеріне үлкен білезік салады, сондай-ақ түсі ашық ұзын шапан киюді ұнатады.

Ауғанстан әйелдерінің бетпердесі өкшесіне дейін сүйретіліп, барлық денесін орап тұрады. Беталдын байқау үшін көзінің тұсынан екі тесік қалдырады. Бірақ кейбір ауылдарда бетперде бүркенбейтін әйелдер де бар. Олар құмыраны төбесіне қойып су тасығанда немесе егін жұмысын істегенде бетін ашық ұстайды. Бұл туралы мынадай аңыз бар екен. Бір патша Еуропада саяхат жасап жүріп, өз еліндегі кейбір нәрселерге, салт-санаға реформа жүргізу үшін, ең алдымен әйелдердің бетпердесін алып тастау үшін небір әрекетке барады да, мұны өз әйелінен бастайды. Әйелі шетелде бетпердесіз жүріп қоймай, еліне оралғаннан кейін де беті ашық күйінде қонақасыларға бара береді. Бұған имамдар қатты наразы болады.

Шыдамы кеткен имамдар соңында патшаға барып шағымданады. Сонда патша:
- Ауыл, қыстақ әйелдері бұрыннан бетперде бүркенбейді ғой? - деп жауап береді. Сонда имамдар:
- Олар ертелі-кеш еңбек істейді, олар қайтіп беттерін бүркенсін, - дейді. Патша:
- Онда ауыл, қыстақ әйелдері қашан бетперде бүркенген кезде, менің ханымым да жұрт алдында бетін бүркенетін болады, - дейді.

Патшаның бұл ойы іске аспай қалады да, содан бері Ауғаныстан әйелдері күні бүгінге дейін бетперде жамылып келеді.

Әйелдердің азаттық, бостандық қозғалысының әсерінен қазір кейбір ислам елдері әйелдердің беделі, құқығы туралы жаңа мәселелер көтеруде, соның нәтижесінде көптеген әйелдер бетпердесін, ұзын көйлектерін, шекпендерін (шапандарын) тастап, костюм-юбка, кеудесі ашық үлгідегі киім-кешек киетін болды.

Бұрын Сауды-Арабиясында тысқа шыққанда барлық әйел қауымы бетперде бүркенуі керек дейтін нұсқау болған. Ислам дінін өте берік ұстанатын бұл мемлекет 1981 жылы 5-сәуірде 14 ғасыр бойы жалғасып келген ислам дінінің дінбасшыларына жиналыс ашып, әйелдер болашақ күйеуінің алдында бетін ашық ұстауына болады, үйлену тойы өткен соң-ақ бетпердені бүркенбейді деген ереже шығарады.

Өзге елдің басылымынан аударған Әлімжан Әшімұлы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396