Украина соғысы - Путиннің стратегиялық қателігі
Қытайлық орыстанушы, Фудань университетінің жанындағы Ресейді зерттеу орталығының директоры Фэн Юйцзюнь-нің 20 сәуірдегі “Ресейдің болашағы және Қытай-Ресей қатынастары” атты дәрісінің түйіні:
1. Ресей-Украина соғысын Путин ойлап тапты, бұл оның стратегиялық қателігінің нәтижесі. Ресейдің жоғарғы билігі мен қарапайым халқының ойлау тәсілі 17-18 ғасырларда қалып қойған. Олар әлі де жат өлкелерді жаулап алумен айналысқысы келеді;
2. Ресейдің соңғы бір-екі жүз жылдағы модернизация процесінің мәні “батыстық үлгі мен орыстық ой”, яғни, бұл қазіргі заманның сипаттарын жоққа шығаратын модернизация;
3. Соғыс Ресейдің барлық салада, соның ішінде әскери істе де артта қалғандығын паш етті;
4. Ресейдің түбінде жеңілетіні даусыз;
5. Ядролық қаруды қолдану Ресейге жойқын апат әкеледі, ол ядролық қаруды сәтті қолдана алмауы да мүмкін;
6. Дәстүрлі қытай мәдениеті орта жолды ұстанады, ал бүгінгі күнде экстремалды ойланатын адамдардың көбеюі Ресейдің ықпалынан;
7. Ресейді менсінбеуге әсте болмайды, әсіресе оның дипломатиясы өте күшті, ол жарға таянғанда да жол таба біледі;
8. Тарихта Қытай мен Ресей үш мәрте одақ құрған, үш ретте де Қытай зардап шеккен;
9. Ресейдің Қытайды қару ретінде пайдаланып алып, сын сағатта лақтырып кетуінен, өзі сытылып шығу үшін бізді отқа итеруінен сақ болғанымыз жөн.
Ерлан Мазанның жазбасы
Abai.kz