Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Билік 2767 1 пікір 29 Сәуір, 2024 сағат 13:43

Ерлан Қарин: Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес!

Сурет: Жібек жолы телеарнасынан алынды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында сұхбат берді. Сұхбат барысында ол Елтаңбаны ауыстыру бастамасына қатысты ойын жеткізді.

Ерлан Қариннің айтуынша, Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Елтаңбаны ауыстыруға қатысты әртүрлі пікірдің айтылатындығын, егер қажет болса, комиссия құрып талқылау қажеттігін, оң шешім қабылданса байқау жариялау керектігін» - айтқан.

«Мемлекет басшысы Елтаңбаны міндетті түрде ауыстыру керек деген пікір айтқан жоқ. Өкінішке орай, көпшілігі мәлімдемені дұрыс қарамайды, оқымайды, тыңдамайды. Шын мәнісінде, Президент ол жерде қоғамда кейбір азаматтың Елтаңбаға қатысты әртүрлі пікір айтып жүргенін, мәселеге қатысты ұстаным қалыптасса, онда ашық түрде талқылау» керектігі туралы пікір айтты», — дейді Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қариннің сөзінше, Елтаңбаны ауыстыру мәселесін қоғам белсенділері, қоғамдық ұйымдар, Ұлттық құрылтайдың бірқатар мүшесі көтерген.

«Әлеуметтік желіден көріп жүрмін. «Барлық шаруа қалғандай, енді Мемлекеттік елтаңбаны ауыстыру мәселесімен айналысып жатыр» деген сынды пікірлер бар. Мұның бәрі жай сөз. Барлық мәселені ысырып қойып, Елтаңбаны ауыстыру мәселесімен айналысып жатқан ешкім жоқ. Атыраудағы құрылтай өткеннен бері біраз уақыт өтті. Ешқандай талқылау, жиын өтпеді, арнайы шешім, құжат қабылданған жоқ. Пікірталас қалай жүріп жатыр, солай жүріп жатыр. Ол – тек қана пікір. Болды. Сондықтан да бұл билік тарапынан жасалып жатқан арнайы жұмыс емес. Бұл – қоғамдағы пікірталастың бір көрінісі ғана. Мәселен, Мемлекеттік кеңесшінің қызметін қарайтын болсаңыз, көптеген комиссияның жұмысын үйлестірумен айналысамын. Оның бірі – гералдика мәселесі. Егер, мемлекет, билік кейбіреулер айтып жүргендей бәрін ысырып қойып, Елтаңбаны ауыстыру мәселесімен айналысатын болса, онда мен міндетті түрде гералдика бойынша комиссия отырысын өткізіп, осы мәселені ортаға салар едім. Жоқ, онымен айналысып жатқанымыз жоқ», — деді Мемлекеттік кеңесші.

Сұхбаттың толық нұсқасы:

;t=1s

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019