«Бір шаңырақ астында»
«Бармасаң, келмесең жат боларсың» дегендей, облыс орталығы Ақтау қаласының әкімдігі көрші республикалармен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше мән береді. Осы мақсатта қалада «Бір шаңырақ астында» жобасы қабылданып, жүзеге асуда.
Аталған жоба аясында дүйсенбі күні Ақтауға Солтүстік Осетияның делегаттары келіп, қаланың өндіріс және мәдени орындарымен танысты, тұрғындарымен кездесті. Сапар со-ңында қонақтарды қала әкімі Еділ Жаңбыршин қабылдады.
Кездесуде Еділ Терекбайұлы мен делегация басшысы, Сол-түстік Осетия-Алания Республикасы министрінің ұлттық қарым-қатынастар жөніндегі бірінші орынбасары Сослан Хадиков Қазақстан мен Солтүстік Осетия арасындағы қарым-қатынасты нығайту жөнінде келелі әңгіме өрбітті.
Қала әкімі қонақтарды шөл даладан бой көтеріп, бұл күндері гүлзар баққа оранған Ақтау қаласының қалыптасу тарихымен, экономикалық және мәдени даму деңгейімен таныстырды. Сәулетімен талайды тамсантқан қаланың өркендеп, өсуінде қазақтармен қатар, түрлі ұлттар мен ұлыстардың, соның ішінде осетиндердің де қосқан үлесі зорлығын, халықтар арасындағы достық пен татулық еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де нығая түскендігін, оған облысымызда жиырмаға жуық ұлттық мәдени орталықтардың жұмыс жасайтындығы дәлел екендігін айтты.

Осы татулықтың, Елбасы-мыздың сарабдал саясатының арқасында қала тоқсаныншы жылдардың аласапыран кездерінен аман шығып, бұл күндері еліміздегі экономикасы қарыштап дамыған іргелі қалалардың біріне айналды. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында қалада ірі-ірі жобалар жүзеге асуда. Солар-дың қатарында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020», «Балапан» бағдарламалары бар. Осы бағдарламалардың арқасында жыл аяғына дейін 300 жас отбасы пәтерлерге қоныстанса, көптеген бүлдіршіндер балабақшалар есігін ашатын болады.
– Қала қазір солтүстік-ба-тысқа қарай қанатын жая тү-суде. Жаңа шағынаудандар, әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Өткен жылы бюджеттен қала құрылысына 5 миллион АҚШ доллары бөлінсе, биыл ол 10 мыңға көбейді. Қалада сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытуға, шетелдерден инвестиция тартуға зор көңіл бөлінуде. Инвестиция көлемі де биыл екі есеге өсті. Былтыр ол бір жарым млрд. теңге болса, биыл екі есеге артты. Мұның бәрі екі елдің арасындағы сауда-саттықты, экономикалық және мәдени қарым-қатынасты дамытуға негіз болады,-деді әкім.
Кездесу барысында екі жақ алдағы уақытта қарым-қаты-насты нығайтып қана қоймай, Оңтүстік Кореяның Чханвон, Иранның Горган, Қытайдың Карамай және Әзірбайжанның Сумгаит қалалары сияқты бауырлас қалалар қатарына ену жөнінде сөз байласты.
– Мені қатты таңқалдырғаны – облыс пен қаланың қарқынды дамуы, азаматтық институттардың қалыптасқандығы. Бұл тек біздерге ғана емес, басқалар үшін де үлгі боларлық жай,-деді Сослан Хадиков.