Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5292 0 пікір 3 Қараша, 2013 сағат 14:02

Қалалар мен елді мекендер тарихы

Ақтау қаласы

Ақтау – Маңғыстау облысының әкімшілік орталығы, мұнда 200 мыңға жуық адам тұрады.

Қала тұтастай тақыр жерде, құмда, аумақтық-өндірістік кешен құрамында бой көтерді. АӨК құрылысына түбекте табылған бай кен көздері, ең алдымен уран, мұнай және газ кен орындары себепші болды. 1959 жылы қалада 14 мың адам тұрды, сол жылы ол Ақтау деген атауы бар поселке ретінде ресми түрде атала бастады. 1963 жылы поселке атауы аттас келетін қалаға айналды.  Ал жарты жылдан кейін, 1964 жылғы 1 шілдеде, осы жерлерде жер аударуда болған тамаша украин ақыны мен суретшісі Т.Г. Шевченконың туғанына 150 жыл толу құрметіне қалаға Шевченко деген ат берілді. 70 жылдардың ортасында Шевченко қаласы КСРО-да ғана емес, жергілікті шикізат – уранмен жұмыс істейтін және электр қуатын өндіру мен суды тұщытуды, яғни қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін  алғашқы шапшаң нейтронды атом реакторы арқылы бүкіл әлемге әйгілі болды. Шевченко қаласы адамның тұруы үшін қолайсыз ортаны ең жақсы жолмен бейімдеген қала ретінде Алтын медальмен марапатталды.

1991 жылы қалаға негізі қаланғаннан берілген атауы – Ақтау қайта оралды. Қазір бұл ірі өнеркәсіптік және теңіз жағасындағы қала, Қазақстанның «теңіз қақпасы», мұнда Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштері орналасқан.

Жаңаөзен қаласы

Қазақстанның Маңғыстау облысында орналасқан облыстық бағыныстағы қала. 1968 жылы құрылған, Маңғышлақ (Маңғыстау) үстіртінде орналасқан. Әуежайы бар. 1968 жылдан 1992 жылға дейін қала Жаңа Өзен деп аталған. 1993 жылғы 7 қазанда Жаңаөзен болып қайта аталған. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалада 122,1 мың адам немесе барлық облыс халқының 17% тұрады. Ақтаудан Жаңаөзенге дейінгі қашықтық — 150 шақырым. Жаңаөзен қалалық әкімшілігіне қаладан басқа Теңге кенті (11,5 мың  тұрғын санымен) және Қызылсай селосы (3,5 мың адам) кіреді. Ауданның ұлттық құрамы — қазақтар, орыстар, украиндер, қарақалпақтар. Қала халқы мигранттардың есебінен жылына 3-4 мың адамға көбеюде, ал 2000-шы жылдары, түрлі деректерге сәйкес, бір жарым–екі есеге көбейген. Жаңаөзен Қазақстандағы халық саны қарқынды өсу серпінінің біріне ие қала болып табылады.

Форт-Шевченко қаласы

Қазақстанның Маңғыстау облысында, Маңғышлақ (Түпқараған мүйісі) түбегінде орналасқан қала. Каспий теңізіндегі (Баутин) порты. Жер көлемі – 54,5 ш.ш. Халқы — 5134 адам. Өнеркәсіптің негізгі салалары — азық-түлік (балық комбинаты) және ұлутас өндіру. Қаланың негізі Новопетровское әскери бекінісі ретінде 1846 жылы қаланған, 1857 жылы Александровский форты болып қайта аталған. 1850—1857 жылдары мұнда Т. Г. Шевченко жер аударуда болған, оның құрметіне 1939 жылы Александровский форты Форт-Шевченко болып қайта аталған (1924 жылы форт Урицкий деп аталған).

Қалада Шевченко мемориальдық мұражайы, өлкетану, этнографиялық мұражайлары бар. Бекіністің қалдықтары сақталған. Шевченко ескерткіші. Азамат соғысы батырларының бауырластар зираты. 2 шақырымдай жерде XVI—XX ғасырлардың архитектуралық кешені; қаладан 31 шақырым жерде —XVII—XIX ғасырлардың қорымы.

Шетпе селосы

Cело (бұрын кент болған), Қазақстанның Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімшілік орталығы. Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 108 шақырым  жерде орналасқан. Халқы – 13 062 мың адам. Темір жол стансасы Бейнеу — Жаңаөзен желісінде. Бейруда құрылыс материалдарының зауыты. 2008 жылы Каспий цемент зауыты ашылды.

Құрық (Ералиев) кенті

Қазақстанның Маңғыстау облысындағы кент. Қарақия ауданының орталығы. Маңғышлак түбегінде, Каспий теңізінің жағасында, Ералиев темір жол стансасынан (Бейнеу — Жаңаөзен желісіндегі) 15 км жерде орналасқан. Төңірегіндегі Оймаша кен орнында мұнай өндірілуде. Құрықтың маңында бірінші қазақстандық құрылыс верфі -  Құрық Құрылыс Каспий Верфі (ЕРСАЙ Каспиан Контрактор) салынды. Халқы – 8661 адам.

Маңғыстау (Маңғышлак) селосы

Қазақстанның Маңғыстау облысындағы село. Ақтау қаласынан 20 км жерде орналасқан. Бейнеу — Жаңаөзен желісіндегі темір жол стансасы. Темір жол көлігіне қызмет көрсету және мұнай өнеркәсібі кәсіпорындары. 2005 жылы Маңғыстау қала типтес кенті село статусын алды. Халқы - 21 004 адам. 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371