Жұма, 22 Қараша 2024
Мәдениет 1389 1 пікір 28 Мамыр, 2024 сағат 13:20

Димаш - Түркияның төрінде!

Коллаж: Abai.kz / Суреттер Ержан Уәйістің жеке парақшасынан алынды

Қазақ халқының мақтанышы, әлемнің бейбітшілік елшісі - Димаш Қанатұлы Құдайберген Түркияның Ыстамбұл қаласындағы «Бешикташ» стадионында жеке мерекелік концертін өткізді.

Ғажайып Қара теңіз және Мәрмәра теңіздерін біріктіретін Босфор жағалауындағы зәулім 40 мың адамдық стадионда өтті. Яғни, Димаштың туған күн кешін тамашалауға дүниежүзінің 41 елінен жанкүйер көрермендер жиналды. Димаш сахнаға Қазақстанның көк байрағымен шықты. Бұл кеште «Stranger» шоу бағдарламасы Димаштың достары мен қонақтары қойылымдарымен әсерленді. Димашты құттықтауға Түркия, Қазақстан, АҚШ және Еуропадағы әлемге есімдері белгілі атақты музыканттар келді.

Сахнада атақты диджей Бурак Иетер болды. Ол Димашпен былтыр Түркияда «Weekend» әнінің премерасы өткен алғашқы концерттен бері жұмыс жасап келеді. Екі әнші бірге ән орындап, көрермендердің ілтипатына бөленді. Бурак Димашқа «Ғарыш» киімін (куртесін) сыйлады.

Мерейтой кешінде Димаш алғаш рет Лос-Анжелестен қонақ композитор, продюсер Нитан Вангпен бірге өнер көрсетті. Димаш композитордың сүйемелдеуімен Ұлы Джеки Чанның «Авангард» фильмның саундтрегін алғаш рет сахнада орындады. Димаш 2020 жылы фильмның соңғы нүктесін қоятын әні ретінде «Happu» композициясын жазды. Димаш пен Нитанның өнер көрсетуі көрермендер үшін үлкен сый болды. Көрермендер Қытай тілінде фортепиано мен вокалдың дауысын жылы қабылдады.

Димаш ұлы әнші...

Осыдан 100 жыл бұрын Еуропада, Парижде ән салған Әміре Қашаубайұлының өнерін қайталады. Жеті октава дауысы бар Димаш қазақтың әншілік өнеріндегі құбылыс қана емес, ол дүниені аузына қаратқан қазақ әншілік өнерінің құдіреті. Димаш нағыз ұлтжанды, қазақша тәрбие алған, текті әулеттің ұрпағы. Осындай ұл тәрбиелеген атасы Құдайберген, әжесі Миуа апа. Әкесі Қанат, анасы Светаға мың алғыс. Алланың нұры жаусын! Қазақ халқының біртуар перзенті Дінмұхаммед Қонаевтың есімін кішкентай сәби Димашқа атасы Құдайберген ақсақал азан шақырып, атын - Дінмұхаммед деп қойды. Алла қабыл етті. Бүгінде Димаштың есімі әлемді шарлап кетті.

Алға қазағым, алға Димашым, алға Түркі дүниесі!

Мерекелік шараға Халықаралық Түркі мемлекеттер ұйымының Бас хатшысы, елші Қуанышбек Өміралиев, Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркиядағы Қазақстан елшісі Еркебұлан Сәпиев, ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажан, Қазақстан парламенті сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, Қазақ, Қырғыз, Түркімен Бас консулдары Нұридин Аманқұл, Лира Садықова, Мұхаммеднұр Овезов, Димаштың ата-анасы: әжесі Миуа апа, әкесі Қанат, анасы Света, Қоғам қайраткері Ержан Уәйіс, Қазақстанның халық әртісі Нұрлан Өнербаев, Қазақ профессоры Әбдіуақап Қара, белгілі қазақ кәсіпкерлері Ғанимет Ғайса, Әсия Тілеуханқызы, Қазақ диаспорасының көрнекті өкілдері Фазлы Топлы, АҚ Партия орталық апаратының алқа мүшесі, қазақ қызы Рашида Зейнешқызы, Ерол Жолшы, Ертолқын Ғайретуллах, Әсел Намазалықызы, Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығының жауапты қызметкерлері Ләтипа Мұхаш, Қарлығаш Бекпатшақызы, Түркияда, Еуропада тұратын қазақ қандастарымыз, Астанадан, Алматыдан өнер адамдары, ақын-жазушылар, мыңдаған жанкүйер көрермендер қатысты. Түркияның және Қазақстанның БАҚ өкілдері, «Қазақстан», «Хабар 24» және «Түркістан» телеараналарының тілшілері болды. Түркияның барлық обылыстарында оқитын қазақ студент жастары да мерекелік концертке қатысты.

Ержан Уәйіс

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333