Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Бұ не мазақ? 2595 3 пікір 29 Мамыр, 2024 сағат 20:43

Думаның вице-спикері қазаққа қоқан-лоқы жасады!

Сурет: РФ Думасының сайтынан алынды

99 жыл тарихында әуелі КСРО-ның, кейін реваншистік Путин империясының сандуғашына айналған «Комсомольская правда» медиахолдингіне қарасты «КП» радиосының тілшісі Владимир Ворсобин РФ Мемлекеттік Думаның вице-спикері Петр Олегович Толстойдан сұхбат алыпты. 

Реваншизм дертімен уланған журналист те һәм вице-спикер де: «Львовтың тілі бір бөлек, Суманың тілі бір бөлек. Тұтас Украин тілі деген жоқ», - деп айды аспанға шығарған.

Сонан соң, Қазақ жеріне көз алартуын сұхбаттарының соңғы бөлігіне сары майдай сақтапты.

Енді Толтойдың қазаққа қарата тіл безей оттауын оқырмандарымызға ұсынбақпыз:

Украина тақырыбын тас қылып жапқаннан кейін, Толстой Қазақстанға ауыз салды.

«Украина тақырыбын жабсақ, онан соң Қазақстанмен, Армениямен және Қазақстанның маңындағы қоршаған басқа да елдермен арадағы проблемалар туындайды. Қазақстанда орын алып жатқан оқиғаларға назар аударсаңыздар. Онда латын әліпбиіне көшу туралы, Тәуелсіздік туралы ұлттық мифологияны қайта құру тұрғысынан дүниенің төңкеріліп жатқанына көз жеткіземіз», - деп көлгірсиді Толстой.

Оның сөзін қуаттай, қолпаштай сөйлеген тілші: «Қай жағынан алып қарасаңызда мен Қазақстанды білемін. Мен барлық ТМД-ны жан-жақты араладым. Бірақ бұл әдеттегідей емес пе, Ұлттық мемлекет қалай пісіп-жетіледі», - деп жалғайды.

Оның сөзін жерге түсірместен, әлгі білдей Думаның вице-спикері Петр Толстой:

«Менің неге қарсы екенімді ұғыныңыз. Олар: «Саған қалаларыңды орыстар салып берген», деп айтқан Павлодарлық орыс мұғалиманы кешірім сұрауға мәжбүрледі. Онда олар Алматының біздің казактардың Верный бекінісі екенін білуге тиіс. Тап осы тарих ұлттық сана-сезім үшін аса қажет, ал, Ресейден ірге ажырату үшін тарихты ойдан шығарудың керегі жоқ.

Егер де сен барлық жеріңді Қытайға сатып, жер қазба байлығының кілтін ағылшындарға ұстатсаң да, жақын көршіңмен тату-тәтті болуға тиіссің. Егер бұл шектен атап кетсең болды. Онда Украина қателігіне ұрынасың.

Құдай төбемізден ұрып жеңіліп қалатын болсақ, онда қазақтар бізді арттарына да қыстырмайтын болады», - деп өз ойын бүкпесіз жайып салуы көп нәрсені аңғартады.

Көшедегі көк атты емес, білдей бір Мемлекеттік Думаның вице-спикерінің осылайша қазақ тарихына топырақ шаша, көкуіне Қазақстан Үкіметі нота жолдайды деген үміттеміз.

ЕСКЕРТУ: Қазір Петр Толстойдың бұл дау шақырған сұхбаты «Радио Комсомольская правда» сайтында ашылмай тұр. 

1717001215530115.jpg

Алайда Google іздеу жүйесінде: «Армия россии дойдет до границ Польши, а мы выпьем кофе на Крещатике» деген тақырыппен сұхбат сілтемесі көрсетіледі.

1717001296769704.jpg

Десе де мақаланың Қазақстанға қатысты айтылған үзіндісі әлеуметтік желілерге тарауда: 

1717001364812354.jpg

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1958