Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6084 0 пікір 20 Желтоқсан, 2013 сағат 11:07

«Қазақстан тарихы - «қызықсыз», «бытысқан» пән болса, оны қалай оқытамыз?

(Тарих оқулығының проблемалары)

Н.Назарбаев «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында Қазақстан тарихы пәнін «зеріктірерлік», «қызықсыз», «бытысқан» пән деп көрсетті.

Сондықтан аталған пәннің мазмұны әлі де тарихилық, жан-жақтылық, шынайылық, логикалық жалпы ғылыми заңдылық, жүйелілік, тарихи салыстырмалықты қолдануды қажет етеді.

Қазақстан тарихы пәнінің оқулығы өзгертіліп те, толықтырылып та жатыр, дегенмен оқулықтардың мазмұндық сапасы әлі де жақсартуды талап талап етеді.

Қазіргі тарих ғылымына байланысты қалыптасқан көзқарас   Қазақстан тарихын мектепте оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан мүлде жаңа деңгейге көтеруді қажет етеді.

Бірінші кезекте мектептегі Қазақстан тарихы пәнінің оқытылу мазмұнын қайта қарау керек.

(Тарих оқулығының проблемалары)

Н.Назарбаев «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында Қазақстан тарихы пәнін «зеріктірерлік», «қызықсыз», «бытысқан» пән деп көрсетті.

Сондықтан аталған пәннің мазмұны әлі де тарихилық, жан-жақтылық, шынайылық, логикалық жалпы ғылыми заңдылық, жүйелілік, тарихи салыстырмалықты қолдануды қажет етеді.

Қазақстан тарихы пәнінің оқулығы өзгертіліп те, толықтырылып та жатыр, дегенмен оқулықтардың мазмұндық сапасы әлі де жақсартуды талап талап етеді.

Қазіргі тарих ғылымына байланысты қалыптасқан көзқарас   Қазақстан тарихын мектепте оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан мүлде жаңа деңгейге көтеруді қажет етеді.

Бірінші кезекте мектептегі Қазақстан тарихы пәнінің оқытылу мазмұнын қайта қарау керек.

         Бүгінгі таңдағы Қазақстан тарихының 5-11 сыныптардағы оқытылу бағдарламасықайталама сипатында. М: 5-сыныпта Ежелгі Қазақстаннан бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі тарих сипаттамалық түрде оқытылады, 6-9 сыныптарда пән курсы кезең-кезеңімен толық оқытылады,  ал 10-11 сыныптарда Қазақстан тарихының өзекті мәселелері қайта қаралып, курс тағы оқытылады. Курстың қайталанып  оқылуы - өз кезегінде оқушының қызығушылығын төмендетеді және ең негізгі қиындық - оқулықтардағы оқу материалдарының қайталануы барысында әр түрлі сыныптар оқулықтары арасында тарихи фактілердің қайшылықтарын тудырады:

Мысалы:

5-сыныптың «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқулығының 154 бетінде «қанды жексенбі» оқиғасы 1905 жылы 5 қаңтарда болды деп деп берілген (авторлары Ж.О.Артықбаев, Ә.Ә.Сәбденбекова, Е.А.Әбіл, «Атамұра» баспасы, 2010 жыл).

8-сыныптың  «Қазақстан тарихы» оқулығының 258-бетінде «қанды жексенбі» оқиғасы 1905 жылы  9-қаңтарда болды деп берілген (авторлары З.Е.Кабылдинов, А.Т.Қайыпованың 2012 жылы Атамұра баспасынан басылған).

8-сыныптың«Қазақстан тарихы» оқулығының (авторлары З.Е.Кабылдинов, А.Т.Қайыпованың 2012 жылы «Атамұра» баспасынан басылған) 21-бетінде  «Бұланты» шайқасы 1728 жылы болған деп берілген.

11-сыныптың «Қазақстан тарихы» оқулығының (жаратылыстану-математика бағытына арналған авторлары Т.Тұрлұғұл. С.Жолдасбаев, Л.Қожакееваның  2011 жылы «Мектеп» баспасынан басылған) 7-бетінде  «Бұланты» шайқасы –1727 жылы болған деп беріледі.

7-сыныптың «Қазақстан тарихы» оқулығының (авторы С.Жолдасбаев 2012 жылы Атамұра баспасынан басылған) 168 бетінде Есім ханның билік құрған жылдарын 1598-1628 жылдар деп көрсетеді.

         10 сыныптың «Қазақстан тарихы» оқулығының (жаратылыстану-математика бағытына арналған авторы С.Жолдасбаевтың 2010 жылы «Мектеп» баспасынан басылған) 109 бетінде Есім 1598-1613 билік құрған деп жазады.

Білім беру барысында қиындық тудыратын оқулықтардың негізгі кемшіліктері:

 

Оқулықтардағы оқу материалдарында әдепсіз қылықтар мен антигуманистік фактілердің ұшырасуы:

Мысалы:

8-сыныптың Қазақстан тарихы оқулығында (авторлары З.Е.Кабылдинов, А.Т.Қайыпованың 2012 жылы «Атамұра» баспасынан басылған) 147 беттегі тарихи құжатта «Қыздарды күйеуге шыққан өзге әйелдерден ажырату үшін олардың емшегін ұстап анықтауға дейін барған» деген мәлімет жазылған.

9-сыныптың Қазақстан тарихы оқулығында (авторлары М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешевтің 2013 жылы «Мектеп» баспасынан басылған) 52 беттінде «Анненков бастаған ақ офицерлердің мас тобы Ушановты сулы киіз төсенішке орап, от жағатын орынға сүйреп апарды да, кеменің лаулап жанып жатқан ошағына тастап жіберді» деген мәлімет жазылған.

 

Оқулықтағы оқу материалының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келмеуі.

Мысалы:

5-сыныптың «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқулығында (авторлары Ж.О.Артықбаев, Ә.Ә.Сәбденбекова, Е.А.Әбілдің «Атамұра» баспасынан 2010 жылы басылған) 37-бетте «Біздің Отанымыз Қазақстан» тақырыбында жануарлар және құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділердің, балықтардың саны беріледі.                     

6-сыныптың Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығының (авторлары Т.С.Садықов, Ә.Т.Төлеубаев, Ғ.Халидуллин, Б.Сәрсекевтің «Атамұра» баспасынан 2011 жылы басылған) 74-бетінде 1-Шілікті қорымындағы №5 оба деп, 76-бетінде 3-Шілікті қорымындағы №1 оба деп обалардың номерлеріне дейін берілсе, сол беттерде обалардың биіктігі, диаметріне дейін көрсетіліп археологиялық күрделі сипаттама берілген .

 

Типтік оқу бағдарламасы мен оқулықтағы тақырыптардың арасындағы  қайшылықтар:

Мысалы:

8-сыныптың Қазақстан тарихы оқулығында (авторлары З.Е.Кабылдинов, А.Т.Қайыпованың 2012 жылы «Атамұра» баспасынан басылған) жазылған «Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы» (§ 38)  «Патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясаты» (§ 49)   тақырыптары  ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Қазақстан тарихы» пәнінен типтік оқу бағдарламасында» көрсетілмеген.

Бір сыныпқа бекітілген балама оқулықтар арасындағы мазмұндық қайшылықтар:

8-сыныпқа  Білім министрлігі тарапынан бекітілген 2 Қазақстан тарихы оқулығы бар. Олар:

  • 2012 жылы «Атамұра» баспасынан басылған оқулық (авторлары авторларыЗ.Е.Кабылдинов, А.Т.Қайыпова).
  • 2012 жылы «Мектеп» баспасынан басылған оқулық (авторы Ж.Қасымбаев).  

Осы екі оқулықтағы тақырыптар қайшылығы мүлдем сын көтермейді. Мысалы:

Ж.Қасымбаев оқулығы 40 тақырыпты қамтыса З.Е.Қабылдинов, А.Т. Қайыпбаевалардың оқулығы 49  тақырыпты  қамтиды.

Осы 9 тақырып айырмашылығымен қатар З.Е.Қабылдинов, А.Т. Қайыпбаевалардың оқулығындағы 11 тақырып Ж.Қасымбаев оқулығында мүлдем қарастырылмаған.

Олар:

  1. § 7 Қазақ-қалмақ қатынастары
  2. § 13 Дәстүрлі билер соты
  3. § 14 Бөкей хандығының құрылуы
  4. § 17 Ақмола бекінісің салынуы
  5. § 25 Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары
  6. § 26 Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
  7. § 27 Семей ішкі округінің құрылуы
  8. § 30 Қазақстан аумағындағы казак әскерлері
  9. § 38  Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
  10. § 40 Қазақтардың петициялық қозғалысы
  11. § 49 Патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясаты

9-сыныпқа бекітілген 2 Қазақстан тарихы оқулығы. Олар:

  • 2013 жылы «Атамұра» баспасынан басылған оқулық (авторлары Б.Аяған, М.Шаймерденова).
  • 2013 жылы «Мектеп» баспасынан басылған оқулық (авторлары М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс. Қ.Жүкешев).

«Атамұра» баспасының оқулығында «Әскери коммунизм» саясаты тұтас тақырып түрінде берілсе, «Мектеп» баспасы оқулығының 51 бетінде 1 сөйлеммен берілген. 

Білім және министрлігі тарапынан бекітілген бір сыныптың балама оқулықтарының бір-бірімен тарихи фактілердің дәлдігі бойынша сәйкессіздігі – білім беру барысындағы үлкен қиындықтарды туғызуда.

Мысалы:

1. 8-сыныптың  «Қазақстан тарихы» оқулығының 153-бетінде Есет батыр Хиуа хандығымен Ресейге қарсы әскери одақ жасамады деп көрсетілсе (авторлары З.Е.Кабылдинов, А.Т Қайыпованың 2012 жылы «Атамұра» баспасынан басылған).

8-сыныптың  «Қазақстан тарихы» оқулығының 108-бетінде Есет батыр Хиуа ханымен Ресейге қарсы одақтасты деп берілген (авторы Ж.Қасымбаевтың 2012 жылы «Мектеп» баспасынан басылған).

2. 8-сыныптың  «Қазақстан тарихы» оқулығының  187-бетінде Уезд бастығын әскери губернатор тағайындайды деп көрсетсе (авторлары З.Е.Кабылдинов, А.Т Қайыпованың 2012 жылы «Атамұра» баспасынан басылған).

8-сыныптың  «Қазақстан тарихы» оқулығының       142-бетінде Уезд бастығын генерал-губернатор тағайындайды деп берілген (авторы Ж.Қасымбаевтың 2012 жылы «Мектеп» баспасынан басылған).

3. 8-сыныптың «Қазақстан тарихы» оқулығының 241-бетінде Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер санын 4 мың деп көрсетсе (авторлары З.Е.Кабылдинов, А.Т Қайыпованың 2012 жылы «Атамұра» баспасынан басылған).

8-сыныптың  «Қазақстан тарихы» оқулығының  169-бетінде  Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны      5 мың деп берілген  (авторы Ж.Қасымбаевтың 2012 жылы «Мектеп» баспасынан басылған).

4.  8-сыныптың  «Қазақстан тарихы» оқулығының    90-бетінде Жәңгір 1824 жылы хан сайланды деп көрсетсе (авторлары З.Е.Кабылдинов, А.Т Қайыпованың 2012 жылы «Атамұра» баспасынан басылған).

5. 8-сыныптың  «Қазақстан тарихы» оқулығының 91-бетінде Жәңгір 1823 жылы хан сайланды деп берілген. (авторы Ж.Қасымбаевтың 2012 жылы «Мектеп» баспасынан басылған).

 

Оқулықтардағы оқушылардың меңгеруіне қиын күрделі ақпараттар:

Мысалы:

9-сыныптың Қазақстан тарихы оқулығының (авторлары Б.Аяған, М.Шаймерденованың Атамұра баспасынан 2013 жылы басылған) «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбында 71 адамның ат-жөні бар.

9-сыныптың Қазақстан тарихы оқулығының (авторлары Б.Аяған, М.Шаймерденованың Атамұра баспасынан 2013 жылы басылған) 178 бетінде «Қазақстан rолхоздары мен совхоздары майдан қажетіне 7416 трактор, 110 мың жылқы, 30,8 млн пұт астық, 15,8 млн пұт ет, 11 млн пұт сүт жіберді» деп берсе 198 бетінде «Қазақстан колхоздары фашист оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мыңдай жылқы және 350 мың қой жіберді» деп жазылған.

1. Оқулықтардағы тарихи уақыты нақтыланбаған мәліметтер:

Мысалы:

         9-сыныптың Қазақстан тарихы оқулығының (авторлары Б.Аяған, М.Шаймерденованың Атамұра баспасынан 2013 жылы басылған) 351 бетінде «1991 жылдан қазақ мектептерінің саны 811-ге өсті, Қазақстандағы 3716 мектеп ұлттық мектептер. 2073 қазақ және орыс тілдерінде білім беретін аралас мектептер жұмыс істейді» деп жазылған.

2. Оқулықтардағы оқушыларға тарихи құндылығы аз бірақ оқушының меңгеруіне күрделі мәліметтер:

Мысалы:

         9-сыныптың Қазақстан тарихы оқулығының (авторлары Б.Аяған, М.Шаймерденованың Атамұра баспасынан 2013 жылы басылған)  350 бетінде «Мектептер мен онда оқитын балалар саны өсті. Мәселен, 2003 жылы Қазақстанда 8160 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істесе, олардың 2016-сы қалалық, 6144-і ауылдық жерде орналасты. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі оқушылар саны – 1 млн 684 мың бала, орыс тілінде – 1 млн 300 мың бала, өзбек тілінде – 87 мың 300 бала, ұйғыр тілінде -21 мың 500 бала болды.

Мыңдаған бала қазақ-түрік лицейлерінде оқыды.

2005-2006 жылдары республикада орта білім беретін 7802 мемлекеттік мектеп, 133 мемлекеттік емес, 78 кешкі мектеп жұмыс жасады, онда 2,7 млн бала лоқыды. 320 кәсіптік мектеп мен лицейлерде және колледждерде 559,6 жасөспірімдер білім алды» деп жазылған.

Жоғарыда аталған бірқатар мәселелердің шешу жолдары:

1. Балама оқулықтардағы тарихи фактілер сәйкестендірілсе, ол үшін бір сыныпқа бекітілген 2 оқулықтың авторлар ұжымының өзара тығыз байланысты жұмыс істеуін күшейту керек.

2. Оқулықтардағы тақырыптардың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне лайық жасалынса, ол үшін оқулықтың авторлар ұжымына мұғалім және әдіскер қатыстырылу керек.

3. Статистикалық мәліметтер шектеліп, топталып берілсе.

4. Оқулықтардағы ғылыми деректердің фактологиялық, ұғымдық қателері түзетілсе.

 

Айтуған Өмірбек

№148 мектеп-гимназия директорының

 оқу ісі жөніндегі орынбасары

«ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісінің иегері

ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті мүшесі

«Жыл мұғалім-2005 Алматы» сайысының бас жүлдегері

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406