Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2024
Билік 948 1 пікір 10 Маусым, 2024 сағат 12:51

Қуанышбек Есекеев президент кеңесшісі болып тағайындалды

Сурет: tengrinews.kz

2010 жылдан бері "Қазақтелеком" АҚ компаниясын басқарып келген Қуанышбек Есекеев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Қуанышбек Есекеев 2010 жылдан бері "Қазақтелеком" АҚ компаниясын басқарып келді. Оған дейін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы, Қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметтерін атқарған болатын.

 Abai.kz

1 пікір