Қалдыгүл Оразқұлова. Тарихты өнермен өрнектеу
1-3 cуреттер: кескіндемеші Болат Тұрғынбайдың жұмыстары
4-6 суреттер: мүсінші Малик Жүнісбаевтің жұмыстары
1-3 cуреттер: кескіндемеші Болат Тұрғынбайдың жұмыстары
4-6 суреттер: мүсінші Малик Жүнісбаевтің жұмыстары
Түркияның Бодрум курортты өлкесінде 2013 жылы қыркүйек айында ұйымдастырылған «АСПАТ инк» ХІ халықаралық симпозиум суретшілердің шығармашылық тәжірибе алмасуына және өз туындыларымен әлемге танылуға жасалған жақсы бір қалыптасқан дәстүр. Ұйымдастырушылардың шарттары мен талаптары бойынша алдын ала іріктеліп алынған жұмысты берілген бір айдың көлемінде суретші таңдаған материалда орындап шығуы керек.Мүсіндік композицияға үш шаршы метр мәрмәр тас, ал кескіндемешіге 120 х 160 см өлшемде тартылған 2 дана кенеп беріледі. Шығармашылықпен айналысуға барлық жағдай жасалып, суретшілерден тек өнер туындысын күтеді. Халықаралық симпозиумның президенті Мұрат Балканның талантты өнер адамдарының шығармаларын дүниежүзіне паш етуге арналған құрмет деп түсінуге болады. Әрине бұл халықаралық симпозиумға жүзден жүйрік, мыңнан тұлпаріріктелген талант иелері ғана қатыстырылады. Солардың қатарында, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «кескіндеме» кафедрасының меңгерушісі, кескіндемеші Болат Тұрғынбай мен «мүсін» кафедрасының меңгерушісі, мүсінші Жүнісбаев Маликтің жұмыстары жоғары бағаланып, өздерініңкомпозициялық шығармаларымен қазақ өнерін әлемдік аренада көрсете білді.
Батыс пен Шығыстың мәдениеті тоғысқан Түркия, бүгінгі күнгі тамаша өнер үлгілерін болашақ ұрпаққа мұра етуді жолға қойған. Уақыт өткенімен өнер сол заманның өзгермес қолтаңбасы болып қалары анық.Мәдениеттің негізгі тұғырыболып саналатын өнерде бүгінгі күнгі дүниетанымдық түсініктер мен қөзқарастар бейнеленеді. Заманауи техника мен технологияның күнделікті жаңаруына қарамастан, қолдан қашалған мүсіндер мен сан-алуантүстермен жазылған, адам қолынан шыққан туындылар ең бір әдемі, әрімазмұны терең рухани дүние болып қалары да анық. Бұл симпозиумның мақсаты да осы –тарихтыөнермен өрнектеу.
Көкжиегін теңіз бен аспан астастырған, Бодрум табиғатысуретшілерге шабыт беріп, олардың асқан шеберлікпен орындаған туындылары жан-жақтан келген өнер адамдарынтаң тамаша қалдырды.
Осы симпозиумда ұсынған, ұлттық нақышта жазылған Тұрғынбай Болаттың «Әуез» бен «Сезім» атты екі картинасы шығыс мәнеріне жақын болып көрінгенімен, анықтап зер салсақ, онда қазақ дәстүрлі өрнегінің композициялық құрылымына тән ерекшелікті байқаймыз. Картинадағы фигуралардың жинақылығы, таза түстер мен олардың динамикасы, ішкі сезімдерді баяу тебірентіп, байсалдылыққа, нәзік сезімділікке, тепе-теңдікке, терең ойға, сабырлылыққа бағыттайды. Қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі әлем жаратылысының кереғарлығын түстік шешіммен композициялықтепе-теңдікке бағындырып ұстап тұрғандай әсер етсе, суретші шығармаларында да осы заңдылықты ұстанады. Кереғарлықтың үйлесімділігі кескіндемешінің негізгі қолтаңбасы. Тұрғынбай Болаттың шығармаларынан кескіндемелік пен графикалық шешім үйлесімділігін айқын көре аламыз. Кескіндемешінің «Әуез» атты табиғат пен адамбейнеленген туындысынан, қазақтыңтекеметіндегідей үшке бөлінген кеңістікті көреміз. Текеметтің ең шеткі жиегі - Әлем, ортаңғы өрнектелген – Адам әлемі, ала жіппен жүргізген бөлік – әлем мен адамды біріктіруші кеңістік біртұтастықта қабылданады. Оймен, түйсікпен қабылданатын дүниенің бастапқы бейнесінен туатын суретші қиялында идеялар рәмізді бейнелерге ұласады. Бастапқы шынайы дүниенің рәмізді көрінісі ұлттық дүниетанымдық түсініктермен астасқан бүгінгі Тұрғынбай Болаттың картиналарының негізгі ерекшелігін айқындап отыр. Суретші әлемді біртұтас қабылдап, оны көркем бейнеде ұсынады. Суретші шығармашылығы бағзыдан тән әлем тұтастығыүйлесімділігіне бағынып, оның шығармашылығын айғақтай түседі. «Әуез» атты картинасында сарғыш түсті аяда орналасқан көл мен оны жағалай өскен ағаштар, жолға шыққан – ер адам мен әйел бейнеленген. Жіңішке, нәзік иілте жүргізілген жиекті сызықтар дөңгеленген әлемді жинақтап, көркемдеп ырғақты қозғалысқа енгізгендей. Көзге жұмсақ әсерлі сызықтар мен түстер адам қиялын ертегі әлеміне жетелердей әсер береді.
Кескіндемешініңкелесі «Сезім» атты жұмысынданақты түстермен, өрнектермен, пластикалы фигуралы кескіндер бейнелеген. Адам жаны тым нәзік, сезімтал келетіндіктен, дүниені осы сезімдер тербелісінде қабылдайды. Әсіресе өнер адамдары сезімді дүниені танып білудің ең бір шынайы жолы деп біледі. «Көкірегі сезімді, тілі орамды, жаздым үлгі жастарға бермек үшін» (Абай) дегендей, ақын жүрегіне тән сезгіштік пен сезімталдық, нәзіктік, күйшілдік, суретші қылқаламынан туындаған нәзік сызықтар мен терең сезімді түстердің үйлесімділігінен көркем пішіндер туады. Мазмұны терең«Сезім» атты картинада әлем мен адам қатынасы және тарих пен тағдыр ұштасып жатқандай. Сезімге бойлай енген адам, картинаның негізгі мазмұнын аша түседі. Адам жайғасқан өрнектелгенкиізде әлем көрінісінің белгісі –дөңгелектер, төртбұрыштар (төртбұрыш материалдық дүниенің рәмізі) арқылы шешкен. Үш, төрт сандары мен олардың қарапайым пішіні – әлем бейнесінің рәмізі. Картинаның аясында тастағы таңбалардай бейнелер тарихтың көрінісі іспеттес. Адам бейнесіне осы дүниеде тарих сахынасында алмасып өтіп жатқан өмірі туралы терең сезімге берілгендей композицияның ортасынан орын берген. Демек, суретші шынай көріністі көркем-образды композицияда, күрделілікті біртұтастықта жаңаша көркем шындықта жасайды. Кескіндемешінің терең рухани сезімді нәзік сызықтармен және қызғылт, көгілдір, солғын жасыл, ақ түстердің үйлесімділігінде ішкі сезім күйзелістерін берумен лирикалы шешімін тапқан картинасы, көркем айқындылығымен ерекше.
Мүсінші Жүнісбаев Маликтің мәрмәр тастан қашалғанмонументалды әйел бейнесін бүгінгі өнердің тілінде шынайысезімдермен ашуға ұмтылады. Қоршаған ортаны сезімдермен қабылдайтын өнер, музыкаға ұқсас сезімдік тербелістердің бейнелеу өнеріннің тіліндегі көрінісі. Кескіндемеші осы сезімдік тербеістерді түрлі бояулармен сезінсе, ал мүсінші түрлі пішінде қабылдайды.
Қазақ түсінігінде «Ана» қасиетті ұғым. Сондықтан да ана - Ұмай ана бейнесінде айшықталады. Ол жердің тәңірі, қазақтарда құт-берекенің иесі, ертедегі түркі халықтарының ұрпақ жалғастырушысы, молшылық құдайы болған. Сондықтан Ұмай анадан бастау алған ана образы барлық түркі халықтарындағы әйелдерді құрметтеу мен аналарды қадір тұту. Тарихтан белгілі қазақ әйелдері өздерінің ақылдылығымен және жаугершілік замандағы батырлығымен, батылдығымен ер адамдардан кем соқпаған. Бұны нақты тарихи тұлғаларына шолу жасау арқылы да айғақтауға болады: сақ көсемі - Томирис, Құртқа сынды эпикалық тұлғаларға бастап, Шоқанның әжесі Айғанымның ел арасындағы биік беделі мен ықпалы, кейінгі қазақ даласындағы аналардың айрықша құрметтелуіне дейін жалғастыра беруімізге болады.
Басынанаяғына дейін кесек мәрмәр тастан қашалған әйел бейнесі – нағыз мүсіндік шығарма. Мүсін – жұмырлықты сезінетін өнер. Мүсіннің негізгі бейнелейтін объектісі – адам. Адамды қоршаған ортасын бейненің сұлбасы қашалып жатқан кезде-ақ оның жалғасы іспеттес біртіндеп шыға бастайды. Яғни мүсінші адамды қоршаған ортасын бейненің формасымен біртұтастықта қабылданатынтай етеді. Мүсінші қиялынан туған бейне таста қашалып, біріктіретін сызықтар арқылы жұмырлықтыайналып жүріп көруге болатындай пішін тудырады. Мүсіншінің бейнені барынша ашып көрсететіндей көру ракурсы біреу және осы нүктеде оның бар мазмұны терең, жан-жақты ашыла түсері анық.
Мүсінші Малик әппақ мәрмәр тастан сомдаған әйелдің бейнесінде материалдың фактурасын сақтай отырып, өте жеңіл қабылданатын шығармашылықты жоғары эстетикалық деңгейге көтерген.
Мүсіндегі композициялық материалды құрайтын – салмақ, жұмырлықжәне сызықтардың көмегімен мүсінші бейнеге конструкция мен жұмсақ пластикалық шешім берген. Симметриялы композицияда орындалған әйел бейнесінде жұмсақ сызықтармен әйелге тән нәзіктікті паш етіп тұр. Бейнелеу өнері тарихында әйел бейнесін сомдаған мүсіншілер де, кескіндемешілер де көп. Дегенмен, әйел бейнесі заман талабына сай бірде ана, бірде батыр, қамқоршы және т.б. адам болмысының жан-жақты қырларынан көрінген. Ал, мүсінші Жүнісбеков Маликтің «әйел» бейнесі нәзіктік пен қайсарлықты бойына жиған бүгінгі заман әйелі. Мүсінші бейненің өн бойынан жоғарыдан қиғаштай төменге қарай түсірілген сызықтар оның нәзік бейнесін аша түссе, ал симметриялылық оның қайсарлығының көрінісіндей әсер береді. Бұл дөңгелек шағын тұғырға орнатылған, монументальды «Әйел» бейнесі теңіз жағасында ешбір грек мүсіндерінен кем түспестен қазақ өнеріннен әлемге жар салып тұрғандай.
Abai.kz