Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1520 0 пікір 19 Маусым, 2024 сағат 19:18

Отан алдындағы парызын мінсіз атқарған Расул Закиров...

Коллаж суреттері Ақорда телеграм арнасынан және ҚР Қорғаныс министрлігі сайтынан алынды

Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.

Президент, ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы, ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты.

– Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысқанына назар аударды. Құтқару операциясы барысында 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мың бала қауіпсіз жерге көшірілді.

– Бұл – құтқарушылар мен ұшқыштардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Әбіш Кекілбаев «Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы – өз халқының тағдырынан тыс қалу» деп айтқан. Ұлттық еріктілер желісі табиғи апат болған сәттен бастап ерекше белсенді болды. 50 мыңнан астам волонтер көмек керуендерін ұйымдастырды. Олар апат аймақтарына азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жеткізуге атсалысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы ортақ іске мол септігін тигізді, – деді Президент.

Бүгін Мемлекет басшысының қолынан марапат алған азаматтардың бірі - 99250 әскери бөлімінің командирі, полковник Расул Закиров. 

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы су тасқынына қарсы күреске тартылды. Температураның күрт көтерілуімен қардың қарқынды еруі еріген қар суының Орал–Самара жол төсемінен асып кетуіне және облыс орталығының Зачаганск шағын ауданындағы бірнеше үйді су басуына себеп болды.

Бөлімше қалаға еріген суға тосқауыл қоюда көмек көрсету қажеттілігі туралы хабарламаға жедел ден қойды, - деп түсіндірді 99250 әскери бөлімінің командирі полковник Расул Закиров.

Жеке құрам ТЖМ бөлімшелерімен және «Жайық таза қала» ЖШС мамандарымен тығыз байланыста жұмыс істеді. 2,5 мыңнан астам қап құм дайындалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383