Жұма, 22 Қараша 2024
Әдебиет 2021 2 пікір 21 Маусым, 2024 сағат 17:27

Ақшасыз қалу қорқынышты екенін білесіз бе?

Сурет: poziruy.ru

Ақшасыз қалудың қорқынышты екенін білесіз бе?

Кезінде Оскар Уальд (ирландиядық ағылшын драмматургі, ақын, жазушы және сатрик) «Жас кезімде ақшаны дүниедегі ең маңызды нәрсе деп санаушы едім. Енді міне қартайдым, ақшаның шын мәнінде адам өміріндегі ең маңызды, құнды зат екендігіне тіпті де көз жеткізгендей болдым» деген екен.

«Дүниеде не тарлық етеді және ең қорқынышты нәрсе не?» деген сұраққа көптеген адамдар: «Дүниедегі ең тарлық ететін нәрсе мейірім мен махаббаттың жеткіліксіздігі, ал ең қорқыныштысы – іш тарлық та емес, мүмкін ақшасы болмау» деп жауап беріпті.

Бір күні досым Ауиымен кездесіп қалып, «Қайткенде бір адамды терең түсінуге болады?» деген сұрақ төңірегінде кеңінен әңгімелесіп қалдық.

Досым біраз ойланып, жымиып күліп алды да, өзінің басынан өткен бір оқиғаны баяндап берді.

Мен 20 жас кезімнен бастап қоғамға араласттым. Ол кезде көп нәрсені білмейтінмін, бейне сия тамбаған аппақ қағаз секілді едім. Жатсам-тұрсам менің ойлайтыным тек елмен достасу ғана болатын. Дос қанша көп болса қоғамдағы орным соншалық жоғары болады деп санадым. 21 жасқа келгенде әке-шешем 300 юаньды менің игілік жаратуыма берді. Мен кәсіпкерлікпен айналыстым. Кәсібімнің тасы өрге домалап, біраз нәтижеге қол жеткіздім. Күніне аз дегенде 20 досым компанияға іздеп келіп, маған жолығып қайтатын. Олардың алдында менің көп көрім құрметім бар еді.

Ол кезде мен жалғыз қалудан қорқатынмын. Барлығы менің ақшамның көп екенін білетін. Достарым ақшасыз қалса болды, мені іздейтін. Онымен болған байланысым тығыз не сирек, арамыз жақын не алыс болуына қарамадым, алдыма келгеннің бәріне қолымнан келгенше көмектестім. Қолымнан келмегенін бәрібір амалын тауып әлдестіріп беруші едім. Өйткені ол менің досым ғой. Бұрынғылардан қалған сөз бар ғой, «үйіңде әке-шешеңе сүйенесің, сырт жаққа шыққанда дос-жаранға сүйенесің» деген, солай емес пе? Кейін менің денсаулығым сыр беріп, қатты ауырып төсек тартып жатып қалдым. Компанияға екі жылдай бара алмай қалдым. Мұным аз болғандай, компаниям дағдарысқа ұшырап, экономикалық жағдайы тығырыққа тіреліп қалды. Емханада жатқанымда көмекшім маған хабарласып, компанияның экономикалық жағдайы қыл үстінде тұрғанан айтты.

Мен амалсыз бұрын ақша беріп көмектесіп тұрған достарымды іздеп, олардың маған қол ұшын беріп, бұл тығырықтан шығуыма көмек беруін өтіндім. Сөйтсем, мен олардың қара тізіміне әлде қашан кіріп кеткен екенмін, оны мен қайдан білейін. Сонда да күнде бірге жүретін достарымды тізім бойынша үмітпен іздей бастадым. Бірақ мұның нәтижесі – «бізде ақша жоқ» дегеннен аса алмады. Жарайды, мұның жөні бөлек қой. Мен ауруханада төсек тартып, әлсізденіп жатқанымда, қарыз шегін көтеріп келгендер де болды. Егер бұл құжатқа қол қойсам, онда менің қиыншылығым бірден шешілген болар еді. Алайда, мұның өтеуіне үйім мен компанияны оларға түгел аударып беруім керек болатын.

Ақшаңыз қалмай, біреуге тәуелді болып қалғаныңызда барып, жан-жағыңызға қарап өмірді шынаиы тани бастайды екенсің. Халық арасында: «Кедейдің сырлас досы жоқ», «Ақшаның жайын жарлыдан сұра», «Ақшалының қолы ойнар, Ақшасыздың көзі ойнар», «Ақша ашпайтын құлып жоқ», «Ақша болса алаңда сорпа қайнайды», «Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді» деген сөз бар ғой. Осының бәрі бекер айтылмаған екен, маңдайым тасқа тигенде барып бұл сөздің мәнін терең түсініп отырмын. Міне, қазір мен жалғыз қалғаннан қорықпаймын, ақшасыз қалғаннан қатты қорқамын.

Кезінде біреулер маған хат жазып, «ақша тегі қаншалық маңызды?» деп сұрағанда. Мен тұмауратып қалып, емханада ине қойдырып, бұл сұраққа уағында жауап қайтара алмай қалып едім. Сол күндері дәрігерге көріну үшін ұзын кезекке тұрдым. Менің кезегім келіп, дәрігердің бөлмесіне кірдім. Дәрігер бөлмесінде 40-50 жастар шамасындағы бір әйелдің баласының дене қызуын өлшеп жатыр екен. Дәрігер менің жағдайымды біраз сұрап, дене қызуымды өлшеуге бұйырып, әйелдің баласын қайта тексере бастады. Дәрігер баланы тексеріп болып, әйелге шек жазып беріп кассаға ақша төлеуін және бір қыдыру тексерулерден өтіп келіп, жалғасты дәрігердің қабылдауында болуды бұйырды. Бірақ әйел дәрігер бөлмесінен шықпай отырды.

Дәрігер әйелдің қозғалмай отырғанын байқап: «Сіздің тағы  түсінбей отырған жеріңіз бар ма?», – деп сұрады. Әйел бәсең үнмен:

«Дәрігер, бұл тексерулерден өту үшін қанша ақша кетеді?» – деп сұрады. Дәрігер: «Шамамен 500 юань кетеді» – деді. Оны естіген әйелдің түрі өзгеріп: «Одан азайтуға болмас па, бұл тексерулерден сөзсіз өтуіміз керек пе,  егер дәрі дәрмек жазып берсеңіз, сауығып кету мүмкіншілігі жоқ па?...» –  деді қатқыл дауыспен.

Дәрігер: «Мен сізді түсініп отырмын, тексеруден өтудің қаншалықты маңызы бар деп қарауыңыз мүмкін, алайда баланың ауруын білу үшін осы мен жазып берген тексерулерден сөзсіз өтпесеңіз болмайды. Бұл тексеру балада қандай аурудың белгілері барын анықтап береді, содан соң барып мен айтатын боламын. Дәрі жазып берсемде бәрібір сол ақша кетеді, бұл ақшаны жұмсамаймын дегеніңізбен оған амалыңыз жоқ қой», – деді.

Әйел дәрігердің жауапбын тыңдағыннан кейін барып, үнсіз баласын көтеріп шығып кетті

Мен дәрігерден шығып, кассаға ақша төлеуге барғанымда әлгі әйелді тағы кездестірдім. Орындықта отырған әйел баланын алдына отырғызып алып, біресе дәрігер жазып берген шекке, біресе құшағындағы балаға кезек, кезек қарап отырды. Дәл осы кезде оның миын дәрігер жазып берген ақшаны төлеп баланың өмірін сақтап қалу керек пе, әлде баланы үйге алып қайту керек пе деген сұрақтар шырмап алған еді.

Сіз мақаланы оқып отырып осы жерге келгенде, осы 500 юань ақшаны ішінен шыққан перзентінің ауруын емдеуге қимай отыр ма, баласының өмірінен артық дүниеде не бар? деуіңіз әбден мүмкін. Бірақ сіз көп емес бір рет ақшасыз қалып көріңіз, сонда ғана әйелдің ойлағанын, жанының қиналған кезін сезіне алар едіңіз деген болар едім.

Ақшаның қажетті немесе маңызды еместігі сізді ойландырмайды, сіздің қандай кезде ақшаға мұқтаж болып қалғандығыңыз ойландырады.

Дер кезінде адам өмірін құтқаратын ақшаңыз болмай қалған кезде ақшаның адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін түсініп, оған көзіңізді әбден жеткізген болар едіңіз.

Сіз мына сұрақтарды өздеріңізге қойып көріңіздер ме?

1. Әке-шешеңіз қатты ауырып төсек тартып жатқан кезде қалтаңыздан ақша шығарып оларды емдете аласыз ба?

2. Балаңыздың оқу жасына толғанда, ең жақсы мектептерге бере аласыз ба?

3. Сіз жаныңыздан артық көретін сүйікті жарыңыз өздерің армандағандай бір жақсы үйді үміт еткенде, сіз ешқандай ойлданбастан, кеудеңізді қағып тұрып: «Неге алып бермеймін, алып беремін!» деп кесіп айта алар ма едің?

4. Сіз жұмыссыз қалғанда немесе дөңгелеп жатқан кәсібіңіз банкрот болғанда, ешқандай кіріс кірмей қалғанда, осы қиыншылықтарға шыдап тұрарлық күшіңіз болар ма еді?

Егер қалтаңыз қалың болса, әке-шешеңіз төсек тартып жатып қалғанда қорықпай дәрігерге көрсете аласыз ба? Дәрігер пәлен ақша кетеді дегенде, дауысыңды көтеріп тұрып, «Дәрігер қанша ақша кетсе де әке-шешемді емдеп жазыңыз, ақшаның мәселесі жеңіл деп айта аласыз ба?».

Балаңыз оқу жасына толғанда, басыңызды ауыртпай-ақ ең жақсы мектепке бере аласыз ғой, өйткені сізде ақша бар ғой.

Сүйіктіңіз не аламын десе, қорықпай алып бере аласыз, оған «Жаным, қалағаныңды ал, ақша деген жетеді»  деп айта аласыз.

Жұмыссыз қалғанда, кәсіпорныңыз банкротқа кеткенде, тентіреп қайыр сұрап кетпейсіз бе? Жүйкеңіз тозбай ма? Өйткені, сізде ақша бар ғой. Қауіпсіздік сезімі деген не? Дәл қалта қалың болу, әр уақыт жетерлік ақшалы болу. Қиыншылық (мұқтаждық) көшесінен өтпесең, міне бұл шынайы қауіпсіздік сезімі.

Ақша бар болу дегеніміз, одан да көп талдау орайы, құқығы болу дегендік. Ақшаңыз болса не істеуді қаласаңыз соны істей аласыз, егер болмаса ішнәрсе істей алмайсыз.

Егер жоғарыдағы төрт қиыншылққа кезіккенде, ақшаңыз болмай қалса қайтер едіңіз? Нәтижесі қандай болар еді?

Әке-шеңіз ауырып жатып қалғанда, ақшаңыз жоқ болу дегендік, әке-шешеңіз емдела алмайды дегендік. Оларды емдеп жазу орайы бар болса да, ақшаңыздың жоқтығынан амалсыз күдер үзесіз. Әке-шешеңіздің ауру азабын тартқанын өз көзіңізбен көріп тұрып, тағы шарасыз қаласыз. Көз алдыңыздағы шындықты өзгертуге күшіңіз жетпейді, себебі сіздің ақшаңыз жоқ.

Егер ақшаңыз болмаса, балаңыз мектеп жасына толғанда, қайсы балабақшаның тәрбиелеу ақысы арзан екені туралы басқатыра бастайсыз. Ойыңызда баланы ең жақсы оқу мүмкіндігіне ие ету емес, белгілі мерзімге кіргізу ғана болады.

Сүйгеніңіз алтын, күміс зергерлік бұйымдарын не болмаса киім-кешектерін ұнатып қалған кезде сіз «ақшаны үнемдейік, мұны алуға шамамыз жетпейді» деп қарап тұрасыз.

Демек, жұмыссыз қалу – сіздің қауіпсіздік сезімі өлді дегендік. Себебі сіз жұмыссыз қалсаңыз жақсы өмір сүру былай тұрсын, қарын тойғызудың өзі үлкен мәселеге айналып қалады.

Ақшаны жоқ деген, оның сізге құрметі жетпестік дегендік

Бір қыдыру адамдар «бұл тым реалдық болып кетті ме» деуі әбден мүмкін. Бірақ, мен сеніммен айта аламын, бұл жай айта салған сөз емес, бұл дәл шырқыраған шындық. Көптеген істерде, ақшаңыз болмаған кезде ғана, барлығын түсініп жетесіз. Ақшаның қаншалық маңызды екендігін, ақшасы жоқ болса, тілі қаншалық қысқаратынын, мұқтаждыққа тап болатынын, амалсыздыққа, шарасыздыққа қалатындығын... Бәрін, бәрін терең түсініп жетесіз.

Әлемдегі ең бақытты іс не?

Өзі қалаған нәрселерді қорықпай сатып алу, қайда барамын десе сол жерге қыдырып бару, не істеймін десе қорықпай істеу, көптеген талдау, істеу, жасау орайы болу...

Бұл дүние ешкімге сүйеніш болмайды. Алайда өзіңізге сеніп, тапқан ақшаңыз ғана сізге ең үлкен қауіпсіздік түйсігін бере алады.

Неге тырысып ақша таппаймыз? Әрине, жақсы өмір сүру үшін. Бір күндері шұғыл ақшаға мұқтаждық туылғанда басқалардың алдына барып қалмау үшін, кез келген қиыншылықты өз күшімізге сүйеніп шешу үшін. Қуанып тұрып: «Ақшасы болса көрім, сен жақсысың!» деген жақсы ма, әлде амалсыздан: «Ақшам болған болса қандай жақсы болар еді!»  деген жақсы ма? Меніңше қайсы жауаптың дұрыстығын нақтылы іс анықтайды.

Ақша өте ақылды. Босаңсыған кезіңізде ол басқаларды іздеп кетіп қалады. Ол әруақыт бізге тырысып тұруды ескертеді. Ақша және бізге рақымсыз реалдық алдында шыдамды, қайратты болуды, өзімізге сүйенуімізді ескертіп отырады.

Досым, есіңде болсын, ақша елдің бәріне қадірлі емес, алайда ақша болмау, ақиқатында тым қорқынышты. Сіз бір сағат рухыңызды тіктеп, шыдап тұра алсаңыз, болашақта перзентіңіз басқалар алдында бір минут кеудесін тік ұстап тұра алады, сол себепті босаңсуды, оңай сынуды, жалқаулықты лақтырып тастауыңыз керек.

Қытай тілінен аударған Әлімжан Әшімұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313