Сенбі, 23 Қараша 2024
Жалқы сұрақ 1738 3 пікір 26 Маусым, 2024 сағат 15:36

Сырқат сәбилер неге шетелден шипа іздейді?

Сурет turkystan.kz сайтынан алынды

Біздің Қостанай облысында жақсы бір газет бар. Жақсылығы не дейсіздер ғой?.. Жақсылығы сол - газет бетінде әртүрлі ауыр науқасқа ұшыраған сәбилер мен жас балаларды емдеуге ақша жинап, оны апта сайын жариялап отырады. Кім қанша берді, қанша жиналды, қайда емделеді деген секілді. Осы мәселенің ең соңғы сөйлемі, яғни, сырқат балалардың қайда емделетіндігі туралы жазылған жері мені қатты ойландырды.

Қарап отырсақ, негізінен ДЦП ауруымен, яғни, сал ауру балаларды ата-анасы шетелдердегі емханаларға апаруға мәжбүр көрінеді. Демек, әзер дегенде жұрттан көмек сұрап жиналған қаржының біразы бөлігі жол сапарға кетеді деген сөз.

Мәселен, рак ауруына ұшыраған 7 жасар Айлана Жұмабекова 100 миллион теңге жиналса, Түркияға аттанғалы отыр. Ал сал ауру 10 жасар Анель Жұмабаеваға 4,5 миллион теңге табылса Қытайды бетке алмақ. Дәл осындай сырқатқа ұшыраған 12 жасар Жан мен оның 4 жасар Үміт қарындасы 776 мың теңге жиналса, Ташкентегі дәрігерлерге қаралмақ. Ал 4 жасар Аяулым Ресейдің Орынбор қаласын қаласа, 2 жасар Анжела Челябіге жол тартпақ.

Міне, біздегі аса ауыр сырқатқа ұшыраған бүлдіршіндер шетелге асығады. Сонда елімізде бұларды емдейтін бірде-бір емхана табылмағаны ма? Әлде бұларға бізде де емделуге мүмкіндік бар екендігін түсіндіретін жан жоқ па? Егер отандық медицина осыншама әлжуаз болса, оны кім түзейді? Әлде ауру балалардың ата-аналары өмірін кімнен қанша түсер екен деп, әркімге алақан жайып өткізер ме екен?

Мемлекетімізге қазақтың ауру қара баласы керек болмаса, бөтен кімге керек? Мені міне, осы сұрақ қатты мазалап, жанымды жай тапқызбайды. Шынымен тығырыққа тірелгеніміз бе?

Жайберген Болатов

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371