Жұма, 22 Қараша 2024
Күбіртке 1384 5 пікір 23 Шілде, 2024 сағат 14:13

Келешекте Ұлт болашағын кімдер сақтайды?

Коллаж aqzhelken.kazgazeta.kz сайтынан алынды

Мен, мысалы солтүстік облыстарда ұзақ жылдар қызмет еттім. Бұл жақтың қазақтарын да, орыстары мен немістерін де, тіпті өзге де ұлттарды да, атын атап, түсін түстей алатындай соншалықты жақсы білемін. Адамдары өте қарапайым, еңбекқор болып келеді. Әрине, бұған ешқандай дауым жоқ. 

Біздің айтайық дегеніміз мүлде басқа жағдай. Бұл өңірдегі қазақтардың кемшілігі, мүмкін орыс мектептерінде оқығандықтан болар және славян ұлттарының арасында өскендіктен бе, өзінің ана тілінен ажырап, дәстүрінен қарайып қалған (Зеренді, Қорғалжын аудандары ғана өзінің ұлттық болмысын сақтап қалған). Сонымен қатар, мына Павлодар жағының тұрғылықты қазағы да, мүлде өздерін жоғалтып алған. Өткен ғасырда осы өлкеден (Павлодар), қазақтың талай ұлы адамдары шығып еді. Ол енді осыдан елу, алпыс жыл бұрын. Енді, бұл жақтан қазақтың рухын көтеретіндей, мәдениеті мен өнерін, әдебиетін, тіпті, Қазақстанды, яғни айтқанда, қазақ мемлекетін алға сүрейтіндей азаматшалар мен азаматтардың шығуы екіталай. Неге?! Кейінгі толқын өкілдері, жаппай орыс мектептерінде оқып, ұлттық келбетінен, дәстүрінен ажырап қалған. Бұл өлкенің қазақтарын он бес, жиырма жылдай ұлттық санасы қалыптасып, қалпына келгенше, нақтырақ айтарым, мемлекеттік қызметтерге жолатпау керек. Әйтпесе, елімізді Ресейдің губерниясына айналдырып жібереді. Шындығын айтсақ, қазіргі әкімдерінің тұсында, анау Қостанай, Павлодар облыстары осыған айналып кетті емес пе? Енді, бұл өңірлерді қазақ халқына  қайтып жақындатарсың?!

Экс-президенттің тұсында (Н.Назарбаев) елімізде мықты премьер-министрлер болып еді. Нұрлан Балғымбаев, Әкежан Қажыгелдин, Иманғали  Тасмағамбетов, Бақытжан Сағынтаев сияқты азаматтар. Бұлар қазақ  мемлекетіне, қазақ халқына өте жақын адамдар еді және қазақ  мемлекетінің  қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Тіпті, Әлихан Смайыловтың өзі де ұлтымыздың жағдайына қарайтын адам болатын. Сондықтан, қадірменді билік иесіне айтарымыз, халқымыздың тілін, мәдениетін, өнерін, сонымен  қатар, әдебиетін силайтын министр мен премьерді тағайындасаңыз екен. Әйтпесе, ұлтымыздың жастары, халқымыздың болашағы өзінің ұлттық сипатынан мүлде айырылып бара жатыр. Біз, Тәуелсіз ел емеспіз бе!

Құл қазақтар деп кімдерді айтамыз?!

Мысалы, Ресей қазақтарын алайық. Оларда қазір не қалды, түкте де қалған жоқ. Не ана тілі жоқ, не ұлттық дәстүрі жоқ, тіпті, мұсылман жұрты деп те айтуға ауызың бармайды. Қыз-келіншектері христиан орысқа, католик неміске, өзге де дін өкілдеріне тұрмысқа шыға береді. Еркектері де солай, үйленеді. Бұларды енді қазақ деп, мұсылман деп  қалай айтасың! Қара орыстар немесе өзінің ұлт екенін жоғалтқан қара құлдар деп айтуға әбден болады. Латын Америкалық әдебиетте көп кездесетің құл Теодор, сондай-ақ, күң Изауралар секілді. Тіпті, осы Ресей қазақтарын, тәуелсіз Қазақстанға жолатып та керегі жоқ, елді бүлдіреді.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1442
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3203
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5193