Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 921 0 пікір 18 Қараша, 2024 сағат 16:07

Ғылым жетістігін ретсіз қолданудың салдары не?

Сурет Болат Нұрғожаевтың желідегі парақшасынан алынды.

Адам баласы от, электр жарығын қолдана бастағанда да жарықтың түсі Күн атуы мен батуы кезіне ұқсас, сарғыш (длинноволновой) еді. Соңғы 100 жылда ғылым мен техниканың дамуынан адамдарға жайлы, жылы жағдай, ал соңғы 20 жылда көк спектрлі (энергозберегающий) күндізгі жарық көбейтті.

Бірақ адам ғылым мен техника жетістігін теріс, ретсіз қолданудан, қәзір денсаулығы мен өмірі есебінен өтеп жатыр.

Жердің 24 сағат шамасында бір айналуымен Жер бетінде шығыстан батысқа Күн сәулесі жылжуымен қалыптасқан циркадтық ритмдер барлық тіршілік иесінің эволюциялық даму негізі болса, оның белгі берушісі тек жарық/қараңғы циклі ғана.

Температура, басқа да факторлардың, әрбір клетканың ішіндегі гендер мен белоктар процессіне қатысы жоқ.

Адам баласы от жағып үңгірде өмір сүрген кезден арыдан түнде жылынып, таң атуымен салқынмен оянған. Алайда бұл жерде таңғы салқын тек будильник есебінде болмаса, циркадтық ритмдерге әсері жоқ.

Адам жайлы өмірге үйрене бастағасын, әсіресе электр жарығы шыққалы түнгі өмір көбейді, қалаларда түнгі өмір тіптен көп, бірақ тиісінше қалаларда рак ауруы ауылға қарағанда 5 есе жоғары болуы автомобиль газынан емес, биоырғақтардың да бұзылуынан.

Бұл адам қайтадан жапырақ тағып, үңгірде өмір сүруі керек деген емес, керісінше ғылым мен техниканың дамуын, оның зиянды жақтарына қарсы қоя білу керек деген.

Мысалға қалаларда артық, керек емес жарықты азайту үшін қозғалыс датчиктерін қолдансақ, тұрғын үйде таң атқан соң, Күннің спектріне сай күндіз ақ, кешке қарай сарғыш спектрлі жарық ауысатын, оны Табиғаттың уақытымен реттеп қоятын лампочкалар шығару еш қиын емес.

Үйді жылытатын әр батареяға, әсіресе жатын бөлмеде таң атуымен температура реттейтін, және сонымен қатар терезенің жарығын түсіретін, яғни биологиялық ырғақтарына сай оятып жатқызатын жағдай жасаса, көп адам аурудан сау болса, көп аурулар келешек ұрпаққа гендік бейімдікке өтпес еді..

Бұл жағдайлар келешек болады, болып та жатқан шығар, тек біз Қазақстанда, ең болмаса, қарапайым сағат тілін табиғатпен сай дұрыстап қойып алуымыз керек...

Декреттік уақытпен жазда Күннің кештеу батуы(22:00) - қыста күн қысқа болса да кешке кештеу жатуға, ал қыста таңның әлеуметтік уақытпен кеш атуы(9:00-де) жазда күн ұзақтығынан таң ерте атса да(4:00) жұмысты кештеу бастауға әдет, яғни жыл бойы кеш жатып кеш тіршілік етуді әдет қылады.

Кеш жатқан, тиісінше фиксацияланған жұмыс, оқу режимімен ұйқының таңалдыңғы маңызды фазасын жояды. Бұлай ұзақ жыл өмір сүр, жеке адамға ғана емес, қоғамда, популяциялық та катастрофалық салдарларға соқтырады.

Болат Нұрғожаевтың желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1434
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5142