Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2571 0 пікір 18 Қыркүйек, 2009 сағат 05:43

Ақберен Елгезек. Жаңа ғасыр Жапониянікі

Осы аптада Жапонияда жаңа үкімет жасақталды. Бұл тек Күншығыс елі үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін де маңызы бар тарихи оқиға болды. Елу жыл бойы билік тізгінін бермей келе жатқан Жапонияның либералдық-демократиялық партиясы тамыз айында өткен жалпыұлттық парламенттік сайлауда жеңіліске ұшырады.

Билікке келген Жапонияның демократиялық партиясының көшбасшысының есімі Юкио Хатояма. Үстіміздегі жылдың 16 қыркүйегінен бастап Жапония Премьер-министрі қызметіне кіріскен Юкио Хатояма жаңа ғасырдың басында әлемнің саяси аренасына шыққан Барак Обама, Махмуд Ахмадинежад сынды тұлғаға айналуы мүмкін. Бұлай ойлауымызға саясаткердің: «Мені тарих керуенін басқа арнаға бұруға бағытталған келешек істеріміз қатты толғандырады. Мен өзіме жүктеліп отырған тарихи жауапкершіліктің салмағын да анық сезінемін» - деген алғашқы саяси мәлімделері түрткі болды.

Юкио Хатояманың АҚШ-тың сыртқы саясатына байланысты айтылған пікірі де бізді елең еткізді. Жақында ғана New York Times газетінде жариялаған мақаласында Хатояма Жапонияда ғана емес, жалпы Азия құрлығында орын алатын болашақ өзгерістерді сипаттап шыққан. Азиядағы өзгерістерді Хатояма осы аймақтағы ортақ ақша айналымы бар саяси-экономикалық қауымдастық құрудан бастау керек деп есептейді. Әлгі мақаласында Хатояма «...біз азиялық халық екенімізді ешуақытта ұмытпауымыз керек» - дегені тағы бар.

Аталған мақаласында ол: «АҚШ-тың бастамасымен жүзеге асып келе жатқан жаһандану дәуірі аяқталуда. Осындай қым-қуыт заманда Жапония қалай өзінің саяси және экономикалық дербестігін сақтап қалып, ұлттық мүдделерін қорғайтыны мені қатты ойландырады. Өйткені Жапония бүгін әлемдік гегемон ретіндегі рөлін сақтауға тырысқан АҚШ пен әлемдік гегемондыққа шығуға жол іздеп жатқан Қытайдың ортасында отыр» - деген ойын бүкпей жайып салды.

Бұл бұрын-сонды әр сөзін салмақтап, саяси тілек-талаптарын жұмбақтап айтып келген Хатоямаға дейінгі жапон басшыларына мүлде ұқсамайтын батыл саясаткердің мәлімделері. Оның үстіне, әлемдегі жалпы ішкі өнім бойынша екінші орында тұрған мемлекеттің басына келген тұлғаның осындай ойдың жетегінде жүргендігі нені аңғартады? Бұл әлемдік гегемондыққа тағы бір ел үмітті деген сөз.

Алайда, Хатоямаға деген алғашқы көңіл күйімізді іркіп қалған тұсымыз да жоқ емес. Оның себебі Хатояманың өмірбаянанында ресейлік іздің сайрап жатқандығында.

Бұл кісінің атасы да Жапонияның үкімет басшысы болған. Билікте болған тұсында Хатояманың атасы 1956 жылы КСРО мен Жапония арасындағы достықты жаңғырту жөніндегі келісім-шартқа қол қойған еді. Енді осы келісім шартқа қойған адамның немересі Ресеймен жақын араласуға мүдделі екендігін байқатып қойды. Бұған Хатояманың көптеген жылдар бойы «Ресей - Жапония» қоғамдық қорын басқарып келгенін тағы қосыңыз. Әрі Хатояманың Киитиро есімді баласы Ломоносов атындағы мемлекеттік университетте қызмет істейді екен.

Әйтседе, мықты Жапония Қазақстанға теріс әсерін тигізбейді. Жапон халқының шығу генезисі туралы бірнеше гипотеза бар. Соның бірі қазіргі кезде қызу талқыланып жатқан - жапондықтардың өзіміздің Алтайдан тараған деген болжам. Жапондықтардың мінез-құлқы мен батырлығы да бізге ұқсайды. Осы елдің Яити Хага деген этнопсихологы өзінің «Ұлттық мінез туралы он очерк» атты кітабында жапондықтың бойындағы қазақтан айнымайтын қасиеттерді тізіп шыққан болатын. Олар: басқарушы билікке деген табынушылық пен отаншылдық, ата-бабаға деген құрмет пен отбасылық намыс, табиғатқа деген махаббат пен сезімталдық, кеңпейілдік пен қонақжайлық, әзілді жақсы көру, сыпайылық пен қанағат.

Бұл ортақ қасиеттер дипломатиялық келіссөздерде байқалып тұрады. Сосын ортақ тарихи тамырлар адамдарды бір-біріне магнитше тартып, жауласуға жол бермейді. Керісінше, тарихи туысқандық бір-біріне қол ұшын беруге, қиын-қыстау замандарда көмектесуге итермелейді.

Ежелгі жапон мен ежелгі түркі тілдерінде 18 сөздің сәйкестігі анықталғаны да белгілі. Сталиндік қуғын-сүргін кезінде біздің елге жер аударылған жапондықтар қазақтан өгейлік көрмей, пана тапқаны да кешегі күннің шындығы. Мұндай тарихи фактілер еліміз егемендігін жариялағаннан бері Жапонияның қазақ еліне деген көзқарасының түзу болып келе жатқандығына да ықпал еткені рас. Сондықтан бізге Жапониямен қарым-қатынасты тереңдету мәселесі басқа мемлекеттермен байланысты дамытудан анағұрлым маңызды.

Біз үшін гегемондыққа ұмтылған Қытаймен бәсекеге түскісі келіп отырған Азиядағы мықты мемлекеттің болуы да тиімді. Жасыратын несі бар, алпауыт Қытай және Ресейдің арасында отырған бізге Жапония секілді серіктес ағайын керек. Еуразия кеңістігінде ғана емес, барлық бағыттарда болашақта түзетін сыртқы саясатымызды қолдайтын, сырттан келетін қауіп-қатерді тежеп отыратын, қажет десеңіз, ұлттық ерекшелігімізді қорғап қалу үшін де Жапония секілді елді стратегиялық әріптеске айналдыруға тиіспіз.

Қытай мен Ресейге, Батыс пен АҚШ-қа беріп жатқан табиғи ресурстарымызға қарай Жапонияға да жол ашып, есесіне басқа елдерден ала алмайтын технлогияларды тартуымыз керек секілді. Оның үстіне мемлекетті басқару ісіне қажетті әдіс-айлалар мен қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерді жоятын мінездерді үйрену - аса тиімді деп есептейміз.

Егер жақын арада Хатояманың арманы орындалып, Жапония гегемон елге айналатын болса, бұл біздің болашағымыз үшін өте пайдалы болмақ. Бұл Жапонияның ықпалына түсу деген сөз емес. Бұл бізге бір табан болса да жақын бір мемлекеттің жетістіктерін пайдалану, сол арқылы келешекте Қазақстанды Азиядағы көшбасшылық рөліне дайындау деген сөз.

Бүгінгі халықаралық саяси-экономикалық байланыстар жүйесінде басты элементтердің бірі болып аймақтық қарым-қатынас ұстанымы дамып келеді. Яғни күшті мемлекеттің маңайында орналасқан басқа елдер амалсыздан өркендеу жолына түспек. Тарихтың заңдылығы сондай, бір империяның орнына келесі бір фаворит дайын тұрады. Аймақтық принцип бойынша біріккен Еуропа, болмаса Оңтүстік Америка елдеріне қарағанда, азиялық елдердің бірігуі нәтижелі бола бастағаны осы кеңістікте ғұмыр кешіп жатқан бізді қуантады. Сондықтан болашақта дамыған Жапонияның жеткен жеңістері мен одан көрген жемістерді біз де татуымыз керек. Қазіргі таңда Еуропаға еліктеп-солықтаудан гөрі Қазақстанға аймақтық қауымдастықты дамытуға ден қойып, сол ұйымдар ішінде ықпалды мемлекетке айналу анағұрлым абырой әпермек.

Сол себептен Қазақстанға Күншығыс елінің жаңа саяси күштерімен байланыс орнатып, Жапонияның инвестициясын өзімізге молынан тартып, сол арқылы экономикалық тұрғыда біте қайнасып кетуіміз қажет.

Жапондық мақалмен қорытқанда: «Ертеңгі жел - ертең соғады».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401