Ресейлік мамандардан қазақ тілін қатаң талап ету керек!
Тегі осетин Ресей азаматы, футбол маманы Черчесовтың қазақ тілін керек етпейтіні жайлы. Жалпы еліміздегі ресейлік мамандардың мемлекеттік тілге пысқырып та қарамайтыны отандық БАҚ басты тақырыптарының бір.
Енді кезінде тілді менсінбеген Черчесов қазақ десе жаны қас Ресейлік арналардың бірі «Россия 24» телеарнасының құйтұрқы сауалына:
«Қазақстан – алып ел, Қазақстан – ар-намысын аяққа таптатпайтын ел. Әрине, барлық жердің өз кемшілігі мен артықшылығы бар. Бұл күндері біртіндеп сіңісіп келемін, жиі қолданылатын бірнеше сөзді үйреніп алдымен одан әрі үйренемін, бірақ қазақ тілін толық үйреніп кетпейтінім белгілі. Негізгі сөздерді білуім қажет, сондықтан бар күшімді саламын», – дегені қазақтарды бір марқайтып тастады.
Брифинг өткізген кезде Қазақстан құрамасының бас бапкері қазақша сұрақ қойған тілшінің сауалына шамданғанын бәрімізде жарыса жаздық. Осы жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, сынға ұшырады. Ақыры нәтиже шыққан сыңайлы. Шыққан сыңайлы дегеніміз өзінің тіл үйретудегі жеке әдістемесі бойынша қазақ тілін оқытатын маман Қанат Тасыбеков Станислав Черчесовті өз курсына қабылдаған еді.
Енді соның алғашқы нәтижесі қылаң берді.
Жалпы тек орыс тілді ресейлік мамандардан мемелекет тілді білуді қатаң талап етуіміз керек. Олардың орыс тілі кең жайылған Беларус пен Қазақстаннан басқа бас жері, шығар тауы жоқ.
Abai.kz