Жұма, 11 Қыркүйек 2026
46 - сөз 2662 0 пікір 25 Шілде, 2024 сағат 17:53

Париж - 2024: Біздің бір үмітіміз мергендерде

Shooting - ISSF Final - Olympic Qualification Championship Shotgun 2024 - Lusail Shooting Complex, Doha, Qatar - April 28, 2024 Kazakhstan's Assem Orynbay during the olympic qualification championship ISSF final shotgun REUTERS/Ibraheem Al Omari

Бізде жұрт назарына көп түсе бермейтін, өз алдына жаттығып, ірі жарыс болса топ жарып, қайта жаттығуына кірісетін томаға тұйық құрама бар.

Ол – нысана көздеу мен стенд ату. Азия ойындарында Қазақстан делегациясын толық күйреуден құтқарып қалған мергендер еді – 3 алтын, 2 күміс, 5 қола.

Стенд атудан (қызыл тәрелке ұшып шығып, соны ататындар) Азия ойындарының чемпионы болған Әсем Орынбай (2022 жылғы ӘЧ қола жүлдегері) мен Эдуард Ещенко және Мария Дмитриенкодан үміт күтуге болады.

Бұған қоса, нысана көздеу мен стенд атудан Қазақстан алғаш рет олимпиада 9 спортшы апара жатыр. Құрама үшін рекорд. Мұның бәрі тып-тыныш шулатпай жұмыс істеп жүрген бапкерлердің арқасы. Әсіресе, нысана көздеуден құрамаға тәжірибелі Ольга Довгун келгелі медаль түсе бастады. Демек, Парижде бокстан ғана емес осы спорттан да жүлде күтуге болады.

Руслан Меделбектің жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1091
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 763
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 729