Харрис қатты айтты: Газадағы қырғынды доғару керек!
Axios: Нетаниягу мен оның шашбауын көтерушілер Харристің камераға берген мәлімдемесіне және сөйлеу мәнеріне айран асыр болды.
Израиль премьер-министрі Нетаниягу мен оның жандайшаптарының бағалауынша, АҚШ вице-президенті Харристің кездесуінің қорытындысы бойынша мәлімдемесі онымен болған келіссөздер барысында айтқанындарынан әлдеқайда өтімді де қатқылдау шыққан. Бұл туралы Axios өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Аталып өткендей, Нетаниягу Харристің ХАМАС-пен соғысты үзділді-кесілді тоқтату жайындағы жасалатын келісім туралы айтқандары еврей мемлекетінің ұстанымына қайшы келеді деп күйзелді.
Израиль премьер-министрі вице-президент тарапынан мұндай түсініктемелердің берілуі өңірдегі жағдайды ушықтырып, мәміле жасасуды қиындатуы мүмкін деп есептейді.
Израиль премьерінің АҚШ-қа сапары кезінде Байден мен Харрис Ақ үйде Израиль премьері Нетаниягумен келіссөздер жүргізді.
Байденмен кездесу Америка көшбасшысының 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС жауынгерлері басып кіргеннен кейін бірнеше күннен соң Израильге барғанынан кейінгі алғашқы кездесу болды. Осы кездесуден кейін Нетаниягу мен Харрис келіссөздер жүргізді. Екі кездесуде де тез арада оқ атуды тоқтату туралы келісімге келу төңірінде өрбіді.
Кейінірек осы кездесулерге арналған баспасөз мәслихатында АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Кирби Вашингтон бұрынғысынша «ХАМАС жеңілуге тиіс және оның Израильге төнген қауіп-қатері жойылуға тиіс» деп санайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, ол Газа секторындағы соғыс аяқталуы тиіс екенін атап өтті және президент Байден Нетаниягумен бұған қалай қол жеткізетіндігі талқылады (Associated Press)
Abai.kz