Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1564 1 пікір 1 Тамыз, 2024 сағат 18:12

Министр: Әлеуметтік салаға 14,5 трлн теңге бөлінді

Сурет: Ақорда талаграм арнасынан алынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованы қабылдады. Бұл турналы Ақорда хабарлады.

Тамара Дүйсенова:

* Әлеуметтік саланы қаржыландырудың жаңа әдістерін таныстырды. Аталған тәсілдер бөлінген қаржының шын мұқтаж жандарға жетуін, мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығын, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған;

* Осы салаға 14,5 триллион теңге бөлінгенін жеткізді. Бұл жалпы мемлекеттік бюджеттің 60 пайызын құрайды;

* Отбасының цифрлық картасы арқылы көрсетілетін қызметтер азаматтардың әлеуметтік санатына қарай дербес ұсынылатыны туралы баяндады;

* Бүгінде әлеуметтік саланы цифрландырудың деңгейі қызмет алушыларды және оларға көрсетілген қызмет көлемін анықтап қана қоймай, мемлекеттік қолдау шараларының құрылымына түзету енгізуге мүмкіндік беретінін айтты. Ауыр тұрмыстық жағдайдағы отбасыларға арналған ұтымды әрі тиімді көмек шаралары әзірленеді;

* Білім беру, медициналық көмек сапасын арттыру және әлеуметтік нысандар құрылысы мен ауыл тұрғындарын қолдау бойынша Үкімет тарапынан қолға алынған жобалар жайында мәлімет берді.

Мемлекет басшысы қабылданған шаралардың маңызын атап өтіп, аталған ұсыныстарды қолдады. Сондай-ақ бұған дейін басталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371