Имам: Медресе оқымай, абайтанушы бола алмайсың!
Жазайын деп жазбайсың ғой. Тик-Ток әлеуметтік желісінде «Данабек ұстаз» деген атпен дін уағызшысының бір минуттық бейне жазбасы тарап жүр. Бейне жазба толық уағыздан кесіп алынған үзінді. Онда Данабек есімді жігіт абайтанушыларға қатысты сөз арнайды.
«Абайтанушыларды отырғызып қойып, Абай атамыздың сөзін сұрашы. Жауап бере ала ма? Дінге қатысты сұрақтарға жауап бере алмайды. Медресе оқымаған адамдар абайтанушы бола алмайды. Философтар абайтанушы бола алмайды. Ол дінді оқуы керек. Себебі Абай атамыз медресе оқыған адам. Медресе оқымай, қалай абайтанушы боласың, сен? Сен соның жолын қуу керексің ғой?.. Ол діндар адам болған. Сен діндар адам болмайынша, қалай оның сөзін аударасың?
Қазір қателік осы жерден кетіп жатыр. Екінің-бірі абайтанушы болып алған. Өзінің ойымен аударып жатыр. Дін бір жақта, бұл бір жақта. Түсініп отырсыз ба, ол қателік. Үлкен қателік! Әр саланың өз мамандары бар.
Ал абайтанушы болу үшін сен діни маман болу керексің. Және әдебиетші болу керексің! Құры дін маманы болып, әдебиетті оқымасаң тағы болмайды. Сенің тіл байлығың жетпей қалады», - деп отыр.
Ал бұған не дейсіздер? Мекемтас ақсақал Мырзахметовтер, Тұрсын Жұртбай ағалар, Жабал Шойымбет ағайлар бастаған есім-сойлары елге белгілі абайтанушы ғалымдар бұған не дер екен? Олар медрессе оқып па? Abai.kz ақпараттық порталы алдағы уақытта белгілі абайтанушылардың жоғарыда аталған сөздерге қатысты пікірлерін жариялайтын болады.
Abai.kz