Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 2256 1 пікір 12 Тамыз, 2024 сағат 20:02

Ыстанбұлда Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Ыстанбұлдағы Зейтінбұрны ауданында 10 тамыз Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Оны ұйымдастырған Ыстанбұлдағы Бас консул Нұридин Аманқұл мырза Абай атаға тағзым ету шарасын жасады.
Гүл қою салтанатына Түркиядағы қазақ диаспорасының көрнекті өкілдеріде қатысты. Олпардың арасында Германияда тұратын Абдурахман Четин, Түркия қазағы Мансұр Тайжы (Алтайдан Түркияға көшті бастап келген Хүсейн Тәйжінің ұлы), Парижде тұратын Халифа Алтайдың ұлы Абдусамет Алтай, белгілі қазақ кәсіпкерлері; Түркиядағы JS Holding президенті, Мәдениет және сауда орталығының төрағасы Ғанибет Ғайса, Қазақ тері компаниясының басшысы Еркан Жұлдыз, кәсіпкер Жағыппар Ұшар, Исмилкой қауымдастығының басшысы Мехмет Әлім, Қазақ-түрік қоғамынан Абдулла Гүлер, Францияда және Австрияда тұратын қазақ бауырларымыз Нежидет Тұнжыр және Қызырбек мырза, ауған қазақтары Қорқыт Ата қоғамының жауапты хатшысы Файез Жарқын және Мұрат Теміз, Қазақстан телеарнасының Түркиядағы меншікті тілшісі Айдос Әшім және жергілікті тұрғындар бар.
Онан соң бас консулдың басшылығында емен-еркін отырыс болып Нұридин Аманқұл Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстың 33 жылда атқарған жұмысына тоталды. Абайға құрмет бүкіл түркі дүниесіне құрмет. Бас қосуды Ыстанбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығының басшысы, қазақ қауымдастығының өкілі Ержан Уәйіс жүргізіп отырды. Зейтінбұрны ауданында Абай ескерткіші, Абай алаңы, Абай көшесі, Абай атындағы мектеп лицейі бар. Абай мектебінде домбыра үйірмесі жұмыс жасайды. Осындай мәдени шараларды осы Абай ескерткіші алаңында өткізуге бастамашы болып отырған Бас консул Нұридин Аманқұлға алғыс айтты. Домбыра күнініңде өткізілгені соның айғағы.
Қоғам қайраткері Мансұр Тайжы өз сөзінде Алтайдан Түркияға көшкен қазақтардың көшін мақтанышпен баяндады. Сол кездегі түрік халқына қамқоршылығы үшін ризашылығын білдірді. Париждегі қазақ қауымдастығының құрметті төрағасы Абдусамет Алтай әкесі дін жанашыры Халифа Алтайдың Абай туралы мақаласын оқып берді. KATIAD қоғамдық қорының басшысы Ерол Жолшы, «Қазақ елі» журналының редакторы Нұргүл Берікбол журналдың бір саны Абайға арналған нұсқасын келген қонақтарға тарқатты. Ыстанбұлдағы Иедитепе университетіне «Болашақ» бағдарламасы бойынша іс-тәжірибеден өтуге келген PhD доктор Конрбаев Нуржан; Абайды алғаш зерттеген Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне және Мұхтар Әуезовтың ғылыми мұрасына тоқталып өтіп, біршама деректер келтірді.
Абай атаның құрметіне жайылған ақ дастарханға батаны 90 жастағы абыз ақсақал Абдурахман Четин берді. Жергілікті қазақ молдалары Берекет пен Месут құран бағыштады. Анкарада Абай күніне арналған шараларға Түркиядағы қазақ елшісі Еркебұлан Сәпиев қатысты. Абай десе қазақ, қазақ десе Абай дегендей Абайдың есімі мәңгі жасайды. Қазіргі таңда Қазақстанда бір облыстың аты, бірнеше аудан мен көптеген мектептерге және ауылдарға Абайдың есімі берілген. Сонымен қатар, елімізде Абай есімі қойылған 18 452 адам тұрады. Абай атамыз айтпақшы «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» демекші. Абай атамыз артында өлмейтін сөз қалдырып, 18 мыңнан астам адамға Абай есімі берілген. Әлемнің бірнеше елдерінде Абайдың ескерткіші мен Абай атындағы көшелер бар.
Ержан Уәйіс
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5254