Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4576 0 пікір 11 Ақпан, 2014 сағат 05:35

Қазақ болып өмір сүру қағидалары - «Сара жол»

Мемлекеттік билік тарапынан неше түрлі бағдарлама қабылданып жатады. Олардың іске асып, бұқараның өміріне өзгеріс әкеліп жатқанын дөп басып айту қиын. Бірақ, бағдарламалар легі толастап көрген емес.

Ұлтқа сөз айту, қоғамның дамуына бағдар сілтеу ісіне енді қоғамдық ұйымдар араласа бастады.

Редакцияның е-поштасына «Ел бірлігі»  қорының төрағасы Мұхтар Мұхамбетжан дейтін азаматтың жасаған «САРА ЖОЛ» бағдарламасы келіп түсті. Төменде бағдарламаны жариялап отырмыз. Мақсат – оқырман ақ-қарасын өз ажыратып, бағасын берер.

Abai.kz

 

 

«САРА ЖОЛ» бағдарламасы – Қазақ болып өмір сүру қағидаларын қалыптастыру, елдің ынтымағы мен бірлігін  нығайту, формасы ұлттық қоғамымызды ұлттық мазмұнмен толтыру,   ана тіл мен ата дәстүрді жаңғырту,  азаматтардың бойында ел алдындағы жауапкершілік сезімін  тәрбиелеу.

ӨМІРГЕ  ЕНГЕН  ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР  – ЖАҢҒЫРҒАН ҰЛТТЫҚ САНА  - ШЫНАЙЫ ҚАЗАҚШЫЛ  ПАТРИОТИЗМ

Мемлекеттік билік тарапынан неше түрлі бағдарлама қабылданып жатады. Олардың іске асып, бұқараның өміріне өзгеріс әкеліп жатқанын дөп басып айту қиын. Бірақ, бағдарламалар легі толастап көрген емес.

Ұлтқа сөз айту, қоғамның дамуына бағдар сілтеу ісіне енді қоғамдық ұйымдар араласа бастады.

Редакцияның е-поштасына «Ел бірлігі»  қорының төрағасы Мұхтар Мұхамбетжан дейтін азаматтың жасаған «САРА ЖОЛ» бағдарламасы келіп түсті. Төменде бағдарламаны жариялап отырмыз. Мақсат – оқырман ақ-қарасын өз ажыратып, бағасын берер.

Abai.kz

 

 

«САРА ЖОЛ» бағдарламасы – Қазақ болып өмір сүру қағидаларын қалыптастыру, елдің ынтымағы мен бірлігін  нығайту, формасы ұлттық қоғамымызды ұлттық мазмұнмен толтыру,   ана тіл мен ата дәстүрді жаңғырту,  азаматтардың бойында ел алдындағы жауапкершілік сезімін  тәрбиелеу.

ӨМІРГЕ  ЕНГЕН  ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР  – ЖАҢҒЫРҒАН ҰЛТТЫҚ САНА  - ШЫНАЙЫ ҚАЗАҚШЫЛ  ПАТРИОТИЗМ

Дүние жүзі таныған, экономикасы өркендеген Қазақстанда  жымысқы ниеттілердің  көз жүгіртіп, ел бірлігіне нұқсан келтіріп, қол салуы, теріс діни ағымдарды енгізу арқылы рухани бірыңғайлықты ыдыратуға ұмтылуы ашық байқалуда. Мұнымен қоса өз бойымыздан бүгінгі күнге дейін сылынбаған бойкүйездік, масылдық, мемлекеттегі  ұлтымыздың орнының түбегейлі өзгергенін түсінбеу, сондықтан әр адамның өз-өзін өзгертуге ұмтылмауы да жатыр.   Алдымен, аталған ауқымды проблемаларды шешу жолын қарастыру  үшін, біз Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» еңбегіндегі «Қазақстандықтардың өмірінде өзін-өзі ұйымдастыру, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары бастауын дамытып, азаматтардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруда нақты тетік болуы тиісті азаматтық қоғам институттарын «заманалыққа айналдыру» керек»  деген сөздерін басшылыққа алдық. Және бұл мәселеде ұлт жадынан алынған, оның  ішкі дүниесіне сай келетін,  жүздеген жылдар өз өміршеңдігін көрсеткен  құрылымдарды жаңғыртуымыз керек деп шештік.  Ал соңғы жылдардағы құрылып жүрген қоғамдық органдардың  өмірінің қысқалығы, ықпалының жоқтығы – олардың ұлт менталитетінде жоқ, евро-христиандық  элементтерден құрылуында, біздегі адамдардың дүниетанымына олардың тірлігінің,  мақсаттарын іске асыру формаларының сәйкес келмеуінде. Осыны ескеріп, қазақ ұлтының Тәуелсіздік алғандағы мақсатының өзі – әрі қарай қазақ болып өмір сүруге құқық иелену үшін екенін сезіне отырып, біз  ұлттық салт-дәстүрді заманына сай ете қалпына келтіруге, оларды күнделікті өмірге енізуге арналған, аймақтағы қоғамның рухани, әлеуметтік, демографиялық  мәселелерін, бала тәрбиесі, қыз тәрбиесі,  басқа да гендерлік мәселелерді, ауыл көркейту, ауылды суландыру, ауылдағы өмірді салауаттандыру мәселелерін   ұлттық салт-дәстүр, ұлттық жад, ұлттық заңдар арнасымен  реттеп, шешіп отыруға арналған, «Ел бірлігі» қорының Орталық Кеңесінің үйлестіруімен жұмыс істейтін, негізін билер корпусы құрайтын  аудандық, ауылдық Кеңестер құруды шештік. Кеңестерге алдымен имамдар, молдалар, билер, ақсақалдар, тіпті керек болса мектеп директорлары, бала бақша басшылары  кіреді деп жобалаудамыз. Бұл Кеңестер Мақтарал, Арыс, Ордабасы, Сарыағаш, Төлеби жерлерінде құрылып та үлгірді. Осы Кеңестердің қызмет бағыттарын жаздық.  Аталмыш кеңестерді басқаратын басбилер осыған дейін де өз жұмысын шама-шарқынша атқарып келді. Біз тек олардың қызметіне рухани  мағына беру үшін олардың қазақтың кие қаласы - Түркістанда ант беру рәсімін қалыптастырмақпыз. Ұлы бабаларымыздың әруағын куә ете отырып, дүйім жұрттың алдында елге адал боламын деп ант берген соң  әр адамда ерекше жауапкершілік, мәрттік пайда болатыны сөзсіз. Және «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» қағидасын ұстанушылардың қатары күрт көбейеді. Бүгінге билердің ант беру тәртібін, ант мәтінін дайындадық, билердің киетін арнайы, ұлттық нақышта тігілген «шекпені» пайдалануға берілді. «Сара Жол» жобасы бойынша құрылатын барлық  құрылымдардың   мүшелері  ант беру рәсімінен өтуге  тиісті деп шешілді. Осы тірліктерді атқара отырып таңдаған жолымыздың дұрыс екеніне  жобаны атқару барысында көзіміз жетуде -  ұлттық құндылықтарға негізделген құрылымдар өз өміршеңдігін дәлелдеуде.  Қоғамымыздың танымал тұлғалары ұлтжандылық танытып,  өз үлестерін қосуда.  Мысалы, танымал тұлға,  кәсіпкер және қоғам қайраткері  Рәшкүл Оспанәлиева  ең қиын майдан - «Ел бірлігінің» Шымкенттегі жұмысын мойнына алса, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының басшысы, белгілі саясаткер Өмірзақ Мелдеханов  «Ұлттық қоғамдық алқа билер сотының» жұмысын жүргізіп беруді ұлт алдындағы парызы санап отыр және біз мұны мақтаныш етеміз. Кеңестердің басты жұмыс бағыты –  елбасымыздың сөздеріне негізделген – «Қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. «Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен, өзімізге – қазақтарға керек.  Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес.  Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген». Еліміздегі басқа ұлт өкілдерінің де тыныш, берекелі өмір сүруінің басты кепілі – мемлекет ұстаушы ұлт – Қазақ Елінің тыныштығы. Қазақ бұзылса, мемлекет те, жалпы тыныштық та бұзылмай тұрмайды.   Осыны түсінген өзбек, ұйғыр, тәжік  бауырларымыздың адыңғы қатарлы ұлдары мен қыздары «Сара Жол»  жобасын іске асыруға шын жүрекпен кіріскенін айтып өтуге тиіспіз. Сондықтан, «Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыздықта» - деген Елбасы сөздерін  ұран еткен,  біз құрып жатқан кеңестер өзінің басты мақсаты ретінде ел арасындағы дауларды ұлттық дәстүр тетіктерінің күшімен шешуді жаңғырту, және ата дәстүр тетіктерін өмірге енгізу арқылы ұлттың қоғамдық –әлеуметтік санасын  жаңғырту, осылай жаңа қазақстандық патриотизм қағидаларын қалыптастыру сияқты құндылықтарды таңдап отыр.  Мұндай үлкен қозғалысқа  «Ел бірлігі»  қорының жанынан құрылған, құрамында  Мекемтас Мырзахметов,  Нұрлан Мыңбай, Зікірия Жандарбек,  Кешубай Төлешұлы,  Сансызбай Құрбанқожа, Мұхит Миразов  сияқты танымал  ғылым қайраткерлері кіретін «Ел бірлігі» қоры жанындағы  Ғалымдар Кеңесі де өз септігін тигізуде.  Белгілі дәрежеде қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақты нығайту ісіне,  қылмыс деңгейін азайту ісіне біз құрып жатқан, «Медиация» туралы ҚР заңына  негізделген «Ұлттық қоғамдық қазылар алқасы»  да өз үлесін қосарына сеніміміз кәміл. Жаңа құрылым ел арасындағы даулы мәселелерді қазақ ұлтының жадындағы, ұлт авторлығымен жасалған, өз өміршеңдігін көрсеткен,  ұлт салт-дәстүрінрен сығылып жасалған  «Жеті Жарғы»  сияқты заң нормаларымен шешуге ұмтылатын болады.  «ҰҚҚА»  «Ел бірлігі»  Қорының Орталық Кеңесі  оны бекітіп, ант беру рәсімінен өткен соң өз функциясын атқаруға кіріседі. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, оларды өмірге енгізудің артықшылықтарын дәлелдеу, осындай ізгі істің жаршысы болуға  құрамына он шақты газеттер кіреді деп жоспарланып отырған «Ел бірлігі» қоры жанындағы  БАҚ Кеңесі  де үлкен жәрдем береді.  Бүгінгі қазақ затының бойындағы асқынған ауру - жалған патриотизмнің ел болашағы  үшін өте қауіпті екенін  елге жеткізу.  Көшеде қолындағы қоқысты жерге тастай салу, талды  сындыра салу,  болып жатқан қиянатқа үн қатпай өтіп кету,  білімді пара беріп алу, спортпен айналыспау,  бөтеннің баласының  теріс қылығына тиым салмау, масылдыққа бой алдыру, өткен зұлматтардан сабақ алмау,  қоғам тірлігімен айналыспау – осының бәрінің    шынайы отансүйгіштікке ешқандай қатысы жоқ екенін  елге жеткізу. Міне, БАҚ кеңесінің діттеп отыратын бағыттары. Ал осы теріс құбылыстарды жойдыра алатын сезім біздің бойымызда бар, ол сезім елбасымыз айтқан -  «Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабаларымыздың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін».  Біз ауылдық  билер кеңесінің іс-қимыл бағдарламасы ретінде  «Ғажайып бақ»  жобасын жасадық. Жобаның мақсаты айқын: бүгінгі күн масылдық принципінің асқынғаны соншалықты, бақша суғаратын арықты қазуды да әкімдердің  мойына  артып қойғанбыз, көшеге тал егуге де әкім міндетті.  Ал түнгі он бір- он екіде көшеде жүрген бала төбелессе, мектеп директорын жұмыстан шығарамыз. Мұның бәрі өз дұрыс нәтижесін  берген жоқ, себебі расында мұндай мәселелерді жамағат,  қоғам  өздік күшімен шешіп үйренуі керек.  «Теңіздің жағасында отырсаң да суды үнемдеп жұмса» дейтін ислам дінінің қызметкерлері  сөзсіз экология мәселесімен айналысуға тиісті. «Иманның жартысы -тазалықта»   деп алып, ауылдың бықсыған қоқысы, көз шошытқан «целофан» теңізі – имамды орнынан түн ортасында шошытып, тұрғызбаса,  ол имамның имамдығы қаншалықты шынайы?  Бала үшін Алланың да, адамның да алдында тікелей жауап беретін ата-ананың өз қасиетті функциясын мектеп пен милицияға тапсырып қойып, жүректері ауырмай жүргенін  қалай түсінеміз? Азаттық алғанымызға жиырма жылдан асса да, арақ пен шараптан арыла алмағанымыз қалай?  Ауылдағы жағдайды асқындырған ұрылықты қайтеміз? Міне, әкімдіктердің мойнынан алып, қоғамның   мойнына артылатын жүктер.  Ал бұл мәселелер ұлттық патриотизмді  дамытпай, ұлттық  өркениет арнасында  құрылған қоғамдық құрылымдарды іске қоспай, - шешілмейді.  Ауылдык би кеңесі осындай мәселелерді шешіп отыруға міндетті.  Әрбір жылдың соңында билер кеңестерінің жұмысын қорытындылап,  баға беріп, алдыңғы қатарлы қоғам мүшелерін ынталандырып отыру үшін Марапат комиссиясын құрдық.   Бұл комиссия Сара Жол жобасындағы мақсаттарды орындауда үздік нәтижелерге жеткен азаматтарды марапаттау үшін ҰЛТТЫҚ ТАРИХ НЕГІЗІНДЕ, ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ЖАСАЛҒАН орден, медаль нұсқаларын,  олармен марапаттаудың шарттарын дайындауда.

«Ел бірлігі»  қорының төрағасы

Мұхтар Мұхамбетжан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371