Жұма, 22 Қараша 2024
Жаһан жаңғырығы 1561 1 пікір 28 Тамыз, 2024 сағат 17:43

Грузия таңдау алдында - Еуропа ма, Ресей ме?

Коллаж: Abai.kz

26 қазанға парламенттік сайлауды тағайындау туралы жарлыққа қол қойған Грузия президенті Саломе Зурабишвили олардың маңыздылығын мәлімдеді.

«Шешім қабылдау күні, таңдау күні, аман қалу күні жақындап келеді», - деді Грузия президенті.

Зурабишвили «26 қазанда сайлаушылар бейбітшілік пен соғысты таңдауы керек», - деген «Грузин арманы» мәлімдемесін өтірік деп атады. «Бүгінде Грузияда ешкім соғысты қаламайды», - деді президент.

Оның айтуынша, сайлаушылар Еуропа немесе Ресейдің бірін таңдауға дайындалуы керек!

Грузин мемлекеті басшысының айтуынша, оппозициялық партиялардың сайлауда жеке-дара жеңіске жету үшін ресурстары мен жағдайлары жоқ. Ол олардың ынтымақтастығы парламенттің өзінде қажеттігін атап өтті.

«26 қазанда грузин халқы жеңіске жетіп, өз сөзін айтады», - деп түйіндеді ол сөзін.

Грузия пПрезиденті Саломе Зурабишвили тікелей эфирде парламенттік сайлауды 26 қазанға тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Грузия Конституциясына сәйкес президент Конституцияда белгіленген тәртіппен парламент сайлауын тағайындайды; парламенттің кезекті сайлауы «парламенттің өкілеттік мерзімі аяқталатын күнтізбелік жылдың қазан айының соңғы сенбісінде» өткізіледі. Грузияда сайлауды өткізу күнін белгілеумен бірге ресми түрде сайлау алдындағы науқан басталады.

150 депутаттан тұратын Грузия Парламенті алғаш рет толық пропорционалды жүйе бойынша сайланады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320