Сенбі, 23 Қараша 2024
АЭС құрылысы 1583 17 пікір 3 Қыркүйек, 2024 сағат 15:25

АЭС бойынша референдум: Науқанға қанша қаражат жұмсалады? ОСК не дейді?

Сурет e-cis.info сайтынан алынды.

Орталық сайлау комиссиясы АЖС құрылысы жөнінде референдум өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР ОСК мүшелері бүгінгі баспасөз жиынында мәлімдеді. 

ОСК хабарлағандай, референдум науқаны 25 күнге созылады. Санау Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойған кешегі күннен басталады.

5 қазан үгіт-насихатқа тыйым салынатын, Тыныштық күні деп белгіленді.

6 қазанда референдум, дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталып, кешкі 20:00-ге дейін созылады.

Қазақстан азаматтары ұзын-саны 10 327 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Оның ішінде 68 елде 78 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Бұдан кейін ОСК 7 тәулік шінде референдум нәтижесін қорытындылап, БАҚ-та жариялайды.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371