Сенбі, 23 Қараша 2024
Аймақ 1032 0 пікір 17 Қыркүйек, 2024 сағат 13:45

ОА5+1: Орталық Азияға немістің де бар таласы...

Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Қазақстанға неміс канцлері Олаф Шольц келіп, президент Тоқаевпен келіссөздер өткізгенін осыған дейін жаздық.

Қазақстанға, Орталық Азия елдеріне ат басын бұрған Германия үшін Украина мен Ресей арасындағы соғысқа байланысты Орталық Азия елдерінің маңызы артты.

Берлин Ресейдің энергетикасынан бас тартып, мұнай мен газын алуды тоқтатты. Сәйкесінше Украинаға қару және қаржы негізінде көмек көрсетуде. Алайда Германия өнеркәсібіне ресейлік мұнай мен газды алмастырушы баламалар қажет. Берлин мәселенің бір шешімі Әзербайжан, Қазақстан және Түркіменстанмен келісім жасау деп санайды.

Екінші маңызды тасымалдау жолы Транскаспий бағыты болып тұр. Германия аталмыш сауда дәлізінің дамуына қаржы құюға дайын. Бұл дәліз Орталық Азия мен Әзербайжан елдерін Еуропамен байланыстыруда маңызды рөл ойнамақ. Қазақстан қазіргі таңда мұнайын ресейлік құбыр арқылы және Транскаспий бағыты бойынша тасымалдауда және сатып алушы басты елдің бірі Германия саналады. Қазақстан ОА елдерінің ішінде алғаш болып сирек кездесетін металлдарды бірлесе игеру бойынша ЕО-мен меморандум жасасты.

Бүгін Қазақстан астанасына Орталық Азия елдерінің басшылары келіп жатыр. Олаф Шольц үшін Орталық Азияға сапар - канцлер лауазымындағы алғашқы сапар. Оның алдындағы канцлер Ангела Меркел  Қазақстанда соңғы рет 2010 жылы болған. Ал Өзбекстанға ешқашан бармаған.

2023 жылғы маусымда Орталық Азияға, нақтырақ айтқанда, Қазақстан мен Қырғызстанға ГФР президенті Франк-Вальтер Штайнмайер келіп кеткен.

Сол кезде сапар Германияның қауіпсіздігінің жаңартылған тұжырымдамасына байланысты болғанын хабарлады. Осы тұжырымдамаға сәйкес, Берлин Ресей мен Қытайдың ықпалын азайту үшін Орталық Азия елдеріне көбірек көңіл бөлуді жоспарлап отыр.

Штайнмайер мырзаның сапары кезінде Украинадағы дағдарыс пен санкциялар бірінші кезекте болды. Бұл жолы, ГФР мен Қазақстан басшыларының ресми мәлімдемелеріне қарағанда, Олаф Шольц Орталық Азия мәселелеріне тікелей назар аударуды ұйғарды. Осы тақырып Орталық Азия көшбасшыларымен 5 + 1 форматында (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан + ГФР) өтетін саммитте талқылануы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377