Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Аласапыран 2090 8 пікір 18 Қыркүйек, 2024 сағат 17:18

Ресей-Украина соғысы: Ресейдің адам шығыны қанша?

Сурет: tverezo.info

2024 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша Украинадағы Ресей армиясының шығыны 610 мың адамға жетті. Мұндай бағалауды өз мәліметтерінде Ұлыбритания барлауы келтіреді.

Қаза тапқандар мен жараланғандардың жалпы саны Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ресейдің барлық соғыстарындағы шығыннан асып түсті және Владивосток (592 мың адам), Иркутск (606 мың адам) немесе Хабаровск (616 мың адам) сияқты ірі ресейлік қалалардың халқымен теңесті.

Қаза тапқандар саны 200 мыңға жетті, деп жазады The Wall Street Journal Батыс барлау мәліметтеріне сілтеме жасай отырып. Бұны Оңтүстік Сахалин (180 мың), Псков (187 мың) және Сыктывкар (220 мың) тұрғындарының жалпы санымен салыстыруға болады.

Бұл ретте ауыр жараланғандардың әрбір екіншісі аяқ-қолынан айрылып, ампутант мүгедегіне айналды, деп бұған дейін NYT сайтына ресейлік жоғары лауазымды шенеунік жүрек жарды сырын ақтарған болатын.

Әскердің кең көлемді азаюы - жаяу әскерді «зеңберек жеміне» шабуылға жіберетін командирлердің тактикасының салдары, деп жазады британдық барлау: әскердің өліми жұтылуы өтемақы төлеу үшін билік өңірлер бойынша жаңа сарбаздардың тұрақты ағымын талап етеді, оларға федералдық бюджеттің 8%-ы немесе жылдың бірінші жартысында 1,5 триллион рубльге жуық қаражат жұмсалған.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, өткен жылы жарты миллионға жуық ресейліктер келісімшарт жасап, майданға аттанған. Биыл «еріктілер» мен келісімшарт жасаушыларды қабылдау қарқыны, ресми мәліметтерге сәйкес, күніне 1600-ден 1000 адамға дейін төмендеді, бірақ бұл мөлшер оданда жоғары болуы мүмкін, деп жазады Ұлыбритания барлауы.

Әскерге майдан шығынының орнын толтыру үшін айына шамамен 30 мың адам керек, деп хабарлады тамыз айында Bloomberg-тің Кремльге жақын дерек көздері. Олардың айтуынша, қазір өңірлер федералдық орталықтан жіберілген соғысқа тарту жоспарының үштен бір бөлігін орынды жұмсай алмай отыр, нәтижесінде армиядағы сарбаз саны өлім-жітімді толықтырып үлгере алмауда.

Осыған байланысты Кремль жыл соңына дейін жаңа жұмылдыру мәселесін қарастыруы мүмкін, дейді агенттіктің екі дереккөзі.

«Би-би-си»-дің орыс қызметі және «Медиазона» еріктілер командасымен бірлесіп, ашық деректер бойынша соғыста қаза тапқан 68 мыңнан астам адамның есімін анықтады. Олардың ішінде көбісі - Украинаға басып кіргеннен кейін келісім-шарт жасасқан «еріктілер» (20%). Осы деректердегі өлімнің 13%-ы жұмылдырылғандарға тиесілі.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048