Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3243 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 08:38

«Біз жабыла іздеп жүрген ғылымның бәрі «Ер Төстікте» тұр…»

Сабыр АЙТУАР, Маңғыстау Политехникалық колледжінің оқытушысы:

Қазақтың дүниетанымы бай, терең екені белгілі. Бабалардан қалған әр сөздің мазмұнына үңіліп отырсаң, өміріңе қажет барлық сұраққа жауап табарың сөзсіз. Қазақтың тіпті, ертегілері де тұнып тұрған ғылым. Тылсымға сену, инаныштың беріктігіне ерте бастан тәрбиелейді. Сол ертегілердің сырына үңіліп көрген бүгінгі күннің ғалымдары бас шайқап отыр. Астрономия саласы бойынша, көзмайын тауысып, аянбай ізденіп жүрген жерлесіміз Сабыр аға, Ер Төстіктегі адам рухының қуатына қатысты, жер құрылысының сырларына байланысты астарлы сөзбен, бала психикасына сай етіп жазылған дүниеде терең ғылымның жатқанын айтып, таңғалысын жасырмады. Бізден сәл ерте өткен аталарымыз, әулие бабаларымыз таң намазының сүннетін Маңғыстауда оқыса, парызын Меккеден өтейтін дегенге дәлелсіз сенетін еді. Ал, бүгінгі күні оны ертегі көреді. «Ал, оның ертегі емес екеніне мен сенемін», – дейді Сабыр ағамыз. Сұхбатты оқып көріңіз…

– Аға, сіздің аспан денелері туралы зерттеу жүргізіп жүргеніңізді білеміз. Бірақ мамандығыңыз келмейді. Физик, астроном да емессіз. Аспан әлеміне деген қызығушылық неден пайда болды?

Сабыр АЙТУАР, Маңғыстау Политехникалық колледжінің оқытушысы:

Қазақтың дүниетанымы бай, терең екені белгілі. Бабалардан қалған әр сөздің мазмұнына үңіліп отырсаң, өміріңе қажет барлық сұраққа жауап табарың сөзсіз. Қазақтың тіпті, ертегілері де тұнып тұрған ғылым. Тылсымға сену, инаныштың беріктігіне ерте бастан тәрбиелейді. Сол ертегілердің сырына үңіліп көрген бүгінгі күннің ғалымдары бас шайқап отыр. Астрономия саласы бойынша, көзмайын тауысып, аянбай ізденіп жүрген жерлесіміз Сабыр аға, Ер Төстіктегі адам рухының қуатына қатысты, жер құрылысының сырларына байланысты астарлы сөзбен, бала психикасына сай етіп жазылған дүниеде терең ғылымның жатқанын айтып, таңғалысын жасырмады. Бізден сәл ерте өткен аталарымыз, әулие бабаларымыз таң намазының сүннетін Маңғыстауда оқыса, парызын Меккеден өтейтін дегенге дәлелсіз сенетін еді. Ал, бүгінгі күні оны ертегі көреді. «Ал, оның ертегі емес екеніне мен сенемін», – дейді Сабыр ағамыз. Сұхбатты оқып көріңіз…

– Аға, сіздің аспан денелері туралы зерттеу жүргізіп жүргеніңізді білеміз. Бірақ мамандығыңыз келмейді. Физик, астроном да емессіз. Аспан әлеміне деген қызығушылық неден пайда болды?
– Дұрыс айтасың, мен – көлік саласының маманымын. Қарағандыдағы политехникалық институтты бітірдім. Бірақ кішкентай кезімнен физикаға, астрономияға қатты қызығатынмын. Күннің тұтылуы, Айдың тууы, басқа планеталарда тіршіліктің бар-жоғы туралы жиі ойлап, ауыр-ауыр ғылыми кітаптар оқыдым. Табиғат құбылыстарына деген қызығушылық адамның өз жаратылысын білмекке деген құмарлықтан туатын сияқты. Қызмет бабымен мүмкіндігім болмағанымен, осыдан 20 жыл бұрын аспан денелерін зерттеуге бел буып, мені ғана емес, бүкіл әлемді мазалап жүрген сұрақтарға жауап іздей бастадым. 1990 жылы басталған зерттеу жұмыстары тоғыз жылдан кейін аяқталды. Шүкір, зерттеуім нәтижесіз емес.
– Аға, бүгінгі таңда жаратылыстану ғылымы, Айдың, Жердің, адамның қалай пайда болғаны туралы түрлі пікірлер айтылады. Бірақ, қандай пікір айтылмаса да, соңғы 30-40 жыл ішінде ол еш өзгермеді. Неліктен?
– Оның себебі Күн жүйесі, оның пайда болуы туралы толыққанды теория жоқ. Көптеген сұрақтарға нақты жауап берілмей отыр.
– Ол қандай сұрақтар?
– Мәселен, әрбір 11 жыл сайын күннің бетіне дақ түседі. Неліктен? Қалай? Сол сияқты Шолпан мен Уранның басқа ғаламшарларға ұқсамай өз осімен теріс бағытта айналатыны түсіндірілмей келеді. Күн ғаламшар жүйесіндегі серіктеріне ұқсас, ал, Ай мен Жердің химиялық элементтері бір-біріне неге ұқсамайды? Юпитер орбитасындағы «гректер» мен «трояндар» деп аталатын астероидтар 120 градус үшбұрыш құрап, бір-біріне қосылмай күнді айналып жүр. Галлей кометасы араға 76 жыл салып күн жүйесіне айналып келеді. Неге? Бұл сұрақтарға жауап іздемеген ғалым жоқ шығар. Бірақ қандай пікір айтылса да, тығырыққа тіреліп жатыр.
– Шынымен, неге?
– Өйткені ғалымдардың айтқысы келмейтіні – дінге сенбейтіндігінен. Олар Құдай десе, шошып кетеді. «Құдайды көрсет»,– дейді. Құрсаққа түскен ұрықты мынау адам деп көрсете алмайсың ғой. Оны 9 ай он күн өткен соң ғана қолыңа аласың. Бірақ ғалымдардың барлығы ең соңында Құдайға тіреледі. Әлемдік айналыс жәйдан-жай айналып тұрған жоқ, реттеліп айналады. Құран Кәрімнің «Тәбәрак» сүресінде Алла Тағала былай деген: «Жеті қабат аспанды бір-біріне үйлесімді етіп жаратқан – Ол Алла. Рахманның жаратуында ешбір ақау, жүйесіздік көре алмайсың». Расында, ғалымдар Айды зерттеп қарағанда, оның химиялық элементтерінің Жердің химиялық элементтерімен сәйкес келмейтінін анықтады. Олардың айтуынша, Жер бөлініп, содан Ай пайда болған. Егер бұл теория дұрыс болса, Жер мен Айдың химиялық элементтері бірдей болуы тиіс. Бірақ олай емес. Оған қоса, Ай элементтері мен Жер элементтерінің жасы да сай келмейді. Бұдан кейін ғалымдар «ай басқа жақтан келді» деген пікірді ұсынды. Мен де осы пікірді қостаймын. Құранда да «Айды біз Жер пайда болғаннан кейін қостық» деген аят бар.
Мәселен, Күн мен оның серіктерінің жаратылу табиғаты бірдей. Егер күннің бетін сылып тастаса, қара домалақ шарды көресіз. «Күннің ортасы қара түн болатыны» туралы Құранда да жазылған. Бұл қара түнек, яғни күннің ортасындағы қара шардың саңылауындағы өрісті спираль жарықты үлкен жылдамдықпен шығарады және сонша жылдамдықты тартып алады.
– Ғалымдар химиялық элементтер бір-бірімен соқтығысқаннан, яғни үлкен жарылыс кезінде тығыз материядан жұлдыз пайда болған деседі…
– Ол дұрыс емес. Мәселен, барлық ғаламшардың массасы күннің 0,1 ғана өлшемін құрағанымен, олардың қозғағыш күштері Күннен әлдеқайда үлкен. Егер олардың өзіндік қозғағыш күші болса, демек, ғаламшар орбитасының да өзіндік даму заңы бар. Бірақ ғылыми теориялар аспан денелерінің небуллалардан, яғни ұсақ тастардан ғана құралғанын айтады. Ғалымдар үлкен жарылыста тығыз материя газдарынан тұратын бұлттардан аспан денелері қалай пайда болғанын түсіндіре алмай отыр. Егер барлығы бір мезгілде пайда болса, жұлдыздар мен галактика ядросы арасында бос кеңістік қалған болар еді. Ал, шын мәнісінде, жұлдыздар бір ядродан 15-20 млрд. жыл бойы үздіксіз тарап жатыр. Егер ол ядродан бастау алса, қалай пайда болды, қалай жүйе құрап тұр деген сұрақтарға жауап іздеу керек.
Мен Күн жүйесіндегі айналу өсін алдорис (алды өріс), арторис (артқы өріс) деп белгіледім. Мәселен, Юпитердің оң орбиталды астероидтары (олар Юпитерден 11,6 млн. шақырым қашықтықта орналасқан) 28 градусқа, теріс орбиталды астероидтар (Юпитерден 20-22 млн. ш.) 25 градусқа қисайып айналады. 1950, 1961 жылдары алдорис 25 градус болса, 1986, 1998 жылдары артористің бұрыштары 28 градус болды. Енді 2037, 2049 жылдары тағы да 25 градусқа айналатын болады. Шолпан мен Уранның теріс айналуын осы алдорис, арторис теориясымен түсіндіріп беруге болады. Бұл – үлкен ғылыми жаңалық болар еді.
– Ғалымдардың айтуына қарағанда, Жердің ортасында темір ядро бар. Шынында да, Жердің ортасында не бар екені баршамызды қызықтырады.
– Егер Жердің ортасында не бар екенін біздің ата-бабамыз әу баста-ақ білген десем, не дер едіңіз? Расында да, қазақ, түркі халқы Жердің ортасында не бар екенін бізге қолмен ұстатқандай етіп айтып кетті. Зерттеу жұмыстары кезінде «Ер Төстікті» оқып, қатты таңғалдым. Біз жабыла іздеп жүрген ғылымның бәрі сонда тұр. Онда Жердің құрылысы айтылады. Мысалы, Ер Төстік Шалқұйрықпен жерге кіріп кетеді. Ойлап қарасаңыз, адам жерге кіре алмайды, тұншығып қалуы мүмкін ғой. Ертегіде айтылатын жердің тесігі – адам жүретін жол емес, электромагниттік тесік. Ертегіні одан әрі оқысаңыз, Жердің ортасында ордалы жыланның патшалығы бар екендігі айтылады. Алдымен, 2 сұр жылан шығады, сосын 2 қара жылан, содан кейін 2 сары жылан шығады. Жылан деп суреттелетін нәрсенің бәрі – электромагниттік өріс. Қара жылан дегеніңіз – қара ядро ның өрісі. Сары жылан – гравитациялық спиральдің өрісі. Электромагниттік приборлар арқылы электромагниттік толқындарды аулауға болады, бірақ гравитациялық өрістерді көре алмайсыз. Мәселен, электромагниттік өріс толқындарының жылдамдығы гравитациялық спиральдік өріс толқындарының жылдамдығына ілесе алмайды. Егер сондай жылдамдықпен жүрер болсақ, жұлдыздарға бірнеше секундта барамыз. Ал, басқа галактикаларға таңертең шықсақ, кешке таман жетеміз. Ал, жарықтың жылдамдығы секундына 300 мың шақырым. Осы жылдамдықпен күнге ең жақын жұлдыз Центавраға 4 жылда ғана барады екенбіз. «Ер Төстіктегі» темір қазан – Жердің ортасындағы қара ядро мен қара плазмадан кейін пайда болған темір қабаты. Шойынқұлақ дегеніңіз – жанартау. Ата-бабамыз осы ілімдерді, табиғаттың құпияларын аңыз, ертегі түрінде бізге жеткізді. «Ер Төстік» – құпияға толы қазақ аңыз-ертегілерінің бірі ғана. Ал, одан бөлек қаншама мұра бар. Соларға бір сәт үңілдік пе? Күн жүйесін, Жерді, жалпы аспан денелері туралы ертедегі адамдар білген. Бірақ бүгінгі адамдар соны жетік түсінбей отыр.
– Демек, Жердің ортасында электромагнит бар ғой.
– Жер алғаш жаратылғанда өте ыстық, жұмсақ, әрі ылғал болатын. Жер бетінде өсімдік те, тіршілік те, адам да болмады. Жердің беті бірте-бірте қабыршақтанып, температура төмендей бастайды. Сыртында төменгі және жоғарғы мантия болады. Мәселен, Маңғыстауда мыс жоқ. Теміртауда темір бар да, мұнай жоқ. Қазба байлықтарының бір жерге шоғырланып, бір орында қалуы Жердің мантияларындағы электромагнит өрістерінің қозғалысына байланысты. Бір миллиард жыл бұрын Жер бірте-бірте қатып, суиды. Сосын атмосфера қабаты пайда болды. Жер қатып, топырақтана бастаған соң ғана ағаш, шөп, кішкентай жәндіктер шыға бастайды. Бірақ олар өздігінен пайда болмайды. Мысалы, Марсқа апарып, бірнәрсе өсіріп көрші. Өспейді. Бірнәрсе өспек түгілі, компас та көрсетпейді. Өйткені электромагнит жоқ. Жер ядросының электромагниті спираль тәрізді біреуі жоғары көтеріліп, біреуі төмен түсіп, айналып тұрады. Оңтүстіктен солтүстікке электромагнит өрісі бара жатыр. Егер Құдай оны солтүстіктен қайта шығармаса, ақырзаман орнайды.
– Галлей кометасының араға 76 жыл салып күн жүйесіне айналып келеді. Ғалымдар жауабын таба алмай отырған сұрақтың бірі – осы.
– Осы сұраққа жауап іздегенде, Меркурийден бұрын жер бетінде планетаның болғанын анықтадым. Оны өзім – алғашқы болған соң «Алғаш» деп атадым. Әрине, дүниежүзінде ондай планета жоқ. 76 жылда бір келетін Галлей кометасы осы алғашқы планетаның сынығы. Галлей кометасы өзі айналмаса, Жерге 88 жылда келер еді. Ол өзі де айналып тұрғандықтан орбитаны 76 жылда айналып шығады. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, Галлей кометасының химиялық элементінің құрылымы «сыртқы» планеталарға (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун) ұқсамайды.
– Қазір батыс елдері басқаны қойып, өзге әлемдіктерді (инопланетяндықтар) зерттеуге кірісіп кетті. Шынында, Жерден басқа жерде тіршілік бар ма?
– Жұрттың өзгеәлемдіктер деп шатасып жүргені – періштелер. Әрине, періштелерді өзгеәлемдіктер айтуға келсе, демек, бар. Бірақ олар туралы айту әлі ертерек. Біз Жердің неден пайда болғанын біле алмай отырмыз.
– Зерттеуді жүргізудегі басты мақсатыңыз не еді?
– Енді 80 жылдан кейін мұнай бітеді, 120 жылдан кейін газ болмайды, 200 жылдан кейін көмір болмайды. Уранды мың жыл ғана пайдаланасың. Егер энергия көздері бітсе, бүкіл дүниежүзінде қараңғылық орнап, адамзат тығырыққа тіреледі. Мұны болдырмау үшін жаңа электр көзі керек. Электр заңын – гравитациялық күштің табиғатын табатын болса, бітпейтін электр көзі табылды деген сөз. Менің теорияларым қазіргі ілімге сай келмейді. Батыста бұған іргелі ғылым болғандықтан қатты көңіл бөлінеді. Батыс ғалымдарының назарын аудару үшін мұның бәрін ағылшын тіліне аудару қажет. Бірақ, шетелге барып, үлкен конференцияларда айтпағасын, жазғаныма көп мән берілмей отыр.
– Шынында да, сіздің пікірлеріңіз бүгінгі ғылыми теориялармен астаса бермейді. Басқа ғалымдардан, әдебиеттерден ойыңызды қуаттайтын пікірлерді кездестірген жоқсыз ба?
– Мен ғылыммен айналыса бастағанда қазіргі айтылып жүрген пікірлерді қабылдамадым. Бірден өзім «мына жер – былай, оның себебі – мынау» деп түртіп отырдым. Сосын өзімнің пікірлеріме дәлел іздедім. Бір күні Серікбол Қондыбайдың мақалаларын оқып отырып, өзімнің пікірлеріме ұқсас пікірлерді таптым. Оған қатты таңғалдым, бірнеше институт жасамаған нәрсені бір өзі жасап шықты. Кездесіп, өзімнің ойларыммен бөліскім келген. Бірақ амал не, мен іздеп барғанша, ғалым дүниеден озып кетті.
– Басқа ғалымдар мұны білмеді ме, әлде Құдайға сенбегендіктен ескермеді ме?
– Ньютон, Эйнштейн, Менделеевтер де Құдайға сенді. Олар тіпті зерттеуін «Құдай осы дүниені қалай жаратты?» деп жүргізді. Бірақ әр ғалымның өз зерттеуінің шегі бар. Құдай табиғаттың құпиясын толығымен бір адамға ашпайды. Әркімнің несібесіне, ізденісіне, талпынысына қарай береді.
– Сөзіңізге дәлел ретінде Құран аяттарын келтіріп отырсыз. Құранды оқыдыңыз ба?
– С.Қондыбай қайтқан соң, өз сөзіме дәлелді қалай іздеймін деп жүріп Құранды оқыдым. Құранның іші – тұнып тұрған ғылым. «Күнді сылып тастасаң, қара түн болады» деген. «Бір уақыттан кейін Айды алып келдік» деген аяттарды оқып, қатты қуандым. Көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізгенімен, Құдайға сенбейді. Тіпті Құдайға тіл тигізеді. Неге? Адамды жаратқан – Құдай. Ал, сол жаратылған адам өзінің жаратушысына сенбейді. Мен Құдайды айтқанда елдің бәрін намаз оқуға шақырып отырған жоқпын. Мен Құдайды тануға, өзінің білімі, ілімі арқылы білу керектігін айтамын. Шіркеу мен мешіттер Құдайдың бар екенін айтқанымен, оны дәлелдейтін – ғалымдар. Мен осы зерттегендерімді кітап қылып жазсам ба деймін. Жер планетасына, Күн жүйесіне, квант механикасына бөлек-бөлек кітап арнағым келеді.
– Ісіңізге сәттілік тілеймін.

Сұхбаттасқан Камшат ӘБДІРАЙЫМ

«Үш қиян» газеті 1 мамыр 2009 жыл 
http://ushkiyan.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524