Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 1837 20 пікір 20 Қыркүйек, 2024 сағат 13:07

Егескен екеуге кім бітімгер болады?

Суреттер Google іздеу жүйесінен және Ақорда сайтынан алынды.

Ресей Украинаға қарсы басқыншылық соғыс бастағалы-бері әлемнің бірсыпыра елі Мәскеу мен Киев арасында бейбіт келіссөздер ұйымдастыруға тырысты. Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазды

Алайда осы уақытқа дейін бұл әрекеттердің барлығы дерлік  сәтсіз аяқталды. 

АЛҒАШҚЫ БЕЙБІТ КЕЛІССӨЗДЕР

Бейбіт диалогтың алғашқы бастамашысы – Александр Лукашенко болды. Ресей-Украина келіссөздерінің алғашқы үш кезеңі Беларусьте өтті: Делегациялар Гомельде бір мәрте, Брестте екі мәрте кездесті. Алайда тараптар оқ атуды тоқтату мәселесінде ілгерілеуге қол жеткізе алмады.

ЕРДОҒАННЫҢ БАСТАМАСЫ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да келіссөздер өткізу алаңы ретінде өз елін ұсынып, келіссөздер Ыстамбұлда өтті. Түркия басшысының бастамасымен астық келісімі жүзеге асырылды. Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ арасындағы келісімге қол қоюмен аяқталды. Құжатта ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдау үшін теңіз дәлізін ұйымдастыру көзделген.

ЗЕЛЕНСКИЙ: «ПУТИНМЕН КЕЛІССӨЗ ЖАСАУ МҮМКІН ЕМЕС!»

Кейін Украина президенті Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздердің «мүмкін еместігі» туралы жарлық шығарды, бұл ретте Украина «келіссөздер бойынша көшбасшы болды және солай болып қала береді» деп мәлімдеді.

ҚЫТАЙДЫҢ «БЕЙБІТ ЖОСПАРЫ»

ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпин де Украина қақтығысы бойынша келіссөздер жүргізуге шақырды. Қытайдың Сыртқы істер министрлігі жоспардың мәтінін өзінің ресми сайтында жариялады.

Қытай Украинадағы ұрыс қимылдарын тоқтатуды, Ресейге қарсы біржақты санкцияларды алып тастауды, барлық елдердің егемендігі қағидаттарын сақтауды, гуманитарлық дәліздерді ұйымдастыруға жәрдемдесуді және түріктің «астық мәмілесін» қолдауды ұсынды. Алайда АҚШ пен Украина Бейжіңнің жоспарын кері қайтарып, оны «Ресейге ғана тиімді» деп атады.

РИМ ПАПАСЫНЫҢ БЕЙБІТШІЛІККЕ ШАҚЫРУЫ

Ресей мен Украина келіссөздерінде делдал болу бастамасын Рим Папасы Франциск те көтерді. 2022 жылдың қарашасында ол қақтығысты реттеуге жәрдемдесу үшін Ресей мен Украинаға өз елшілерін жіберуге ниетті екенін мәлімдеді. Бірақ Ватикан әзірге бұл үшін ешқандай қадам жасамаған.

ФРАНЦИЯНЫҢ «БЕЙБІТ БАСТАМАСЫ»

Франция президенті Эммануэль Макрон Украина қақтығысын реттеу жөніндегі жоспарды ұсынып, Бейжіңді онымен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Алайда француз бейбіт бастамасының егжей-тегжейі, сондай-ақ, ЕО-ның басқа елдері мен Украина оны қолдайтыны белгісіз.

БРАЗИЛИЯ ДА БЕЙБІТ АЛАҢ БОЛУҒА НИЕТ БІЛДІРДІ

2023 жылдың сәуірінде Бразилияның президенті Лула да Силва G20 форматын құру идеясын ұсынды. Бұған дейін ол Украинаға бейбітшілікке қол жеткізу үшін Қырымға деген талаптарынан бас тартуға тура келетінін айтқан. Бірақ, Бразилияның да ұсынысы сынға ұшырады.

ҚАЗАҚСТАН ДА «БЕЙБІТ КЕЛІССӨЗДЕРГЕ» АЛАҢ ҰСЫНДЫ

Күні кеше неміс канцлері Олаф Шольцпен Астанада жеке жолыққан Қазақстан президенті Ресей-Украинасоғысын бейбіт шешуге алаң ұсынды. Әрине, жаһандық БАҚ президент Тоқаевтың: «Ресей әскери тұрғыдан жеңілмейтіні факті болып табылады. Соғыстың одан әрі өршуі бүкіл адамзат үшін, ең алдымен Ресей-Украина қақтығысына тікелей тартылған барлық елдер үшін орны толмас салдарға әкеледі», - деген сөздеріне ғана мән берді.

Алайда, дәл осының алдында ҚР Сыртқы істер вице-министр Роман Василенко неміс ақпаратына сұхбат беріп, соғысып жатқан қос елге келіссөз алаңын ұсынатынын айтқан еді. Бұл сөзді президент Тоқаев та растады. Тоқаев түрлі елдердің барлық бейбіт бастамаларын мұқият қарауға және «әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы шешімге келуге, содан кейін аумақтық мәселелерді талқылауға көшуге» шақырды.

«Қазақстанда украин халқына, оның өзіндік мәдениетіне шынайы сүйіспеншілікпен қарайды. Біздің мемлекеттеріміз арасында ешқашан келіспеушілік болған емес», - деп мәлімдеді Тоқаев.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317