Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Аласапыран 1166 7 пікір 23 Қыркүйек, 2024 сағат 14:30

Бас хатшы дабыл қақты: БҰҰ құрамы өзгермек... 

Сурет: news.un.org

«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ескірді, оның беделі төмендеп барады». Бұл БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің сөзі. Ол кеше БҰҰ жұмысына қандай реформалар жасауға ниетті екенін айтты. 

Сөйтіп, БҰҰ қалай өзгермек?

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қатысушылар құрамын және жұмыс әдістерін реформалау қажет, әйтпесе орган «сенімін жоғалтады», -  деп мәлімдеді.

Геосаяси келіспеушіліктер, ядролық позициялау, қарудың жаңа түрлерін әзірлеу және жауынгерлік іс-қимылдар театры - Гутерриштің айтуынша, бұл ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне қауіп төндіреді. Ол пайдалы болатын ресурстар өлім мен қиратуға инвестицияланатынын атап өтті.

«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ескіріп, беделі төмендеп барады. Егер оның құрамы мен жұмыс әдістері реформаланбаса, ол өз беделінен айырылады», - деп мәлімдеді Бас хатшы.

Ол сондай-ақ қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жағдайларды күтудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

«Біз қазірдің өзінде желілік, әділ және инклюзивті ету үшін халықаралық ынтымақтастықты жаңарту мен реформалауға батыл қадамдар жасауымыз керек», - деді Гутерриш.

БҰҰ саммиті «Болашақ үшін пактіні» Ресейдің араласпау туралы түзетуінсіз қабылдады!

Нью-Йоркте (АҚШ) Біріккен Ұлттар Ұйымының Болашақ Бас Ассамблеясының саммитінде «Болашақ үшін пакті» қорытынды құжаты мақұлданды. Құжат дауыс берусіз, консенсуспен қабылданды. Пактіні «теңіз деңгейінің көтерілуімен күрестен бастап, ашаршылықты жоюға дейінгі» өзекті әлемдік проблемаларды шешуге қатысты талқылаулардан кейін қабылдады.

Отырысқа қатысқан РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Вершинин «БҰҰ мен оның жүйесі кез келген мемлекеттің ішкі құзыретіне кіретін істерге араласпауы тиіс» деген құжатқа түзету енгізуді ұсынды. Бас Ассамблея бұл ұсынысты қолдаған жоқ, 143 елдің өкілдері қарсы шықты, ал қалыс қалған 15 делегацияның жетеуі ғана қолдайды.

42-парақты «Болашақ үшін пакті» жаһандық проблемаларды, соның ішінде әскери қақтығыстар мен БҰҰ мен жаһандық институттарды реформалау жөніндегі елдердің ниеттерінің тізбесін қамтиды.

Құжатта төмендегідей:

▪ ️ «Тұрақты даму және дамуды қаржыландыру»;
▪ ️ «Халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздік»;
▪ ️ «Ғылым, технология, инновация және цифрлық ынтымақтастық»;
▪ ️ «Жастар және болашақ ұрпақ» сынды бөлімдер бар.

Бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы бөлімде «бүгін біз қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бергі кездегіден де ядролық қарусыздануға жақынбыз» деп атап көрсетіледі.

Abai.kz

7 пікір