Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Билік 1606 9 пікір 8 Қазан, 2024 сағат 14:21

АЭС-ті кім салады? Ресей ме, АҚШ па, әлде Қытай ма?

Суреттер: ҚР ОСК сайты, Казинформ, Википедия сайттарынан алынды.

Бүгін ҚР Орталық  сайлау комиссиясы аумақтық референдум комиссияларының хаттамалары негізінде 2024 жылғы 6 қазанда өткен республикалық референдумның түпкілікті қорытындысын жариялады.

Кеше 7 қазанда референдум комиссиясының брифингінде референдумның алдын ала нәтижесі жария етілген еді.

«Референдумға қатысу құқығы бар ҚР азаматтарының жалпы саны – 12 млн 284 487 адамды құрады. Олардың 63,66 пайызы немесе 7 820 204 дауыс беруге қатысты. Осылайша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысты. Осылайша, республикалық референдум туралы Конституциялық заң нормаларына сәйкес, референдум өткізілді деп саналады», - деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сурет ҚР ОСК сайтынан алынды.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың 71,12 пайызы немесе 5 561 937 адам Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін қолдады.

Ал қарсы дауыс бергендер саны – 2 045 271 адамды құрады.

«Жарамсыз деп танылған бюллетендер саны – 130 267. Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыс санау кезінде есепке алынбайтын бюллетендер саны – 82 729 бюллетенді құрады. Осылайша, Қазақстанда АЭС салу туралы референдумда қойылған мәселе бойынша шешім қабылданды деп саналады», - деді Н. Әбдіров.

Елді алаңдатып отырған сұрақтың бірі АЭС құрылысын қай мемлекет салады?

Бұл сұраққа Президент Қасым -Жомарт Тоқаев: «Бұл бірден жауабын беретін оңай сұрақ емес. Үкімет талдау жұмысымен шұғылданып, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Менің жеке көзқарасым бойынша, Қазақстанда өте озық технологияға ие компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет. Одан ары қарай өмір көрсетеді», – деп жауап берген еді.

Сарапшылардың айтуынша, АЭС құрылысын салуға Ресей, Қытай, Франция, Оңтүстік Корея мемлекеттері өтініш білдіріп отыр. Ал күні кеше АҚШ Қазақстанға АЭС салуға ниетті екенін білдірді.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969