Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 1958 1 пікір 24 Қазан, 2024 сағат 16:23

Қазақ тіліндегі құжаттарда қателік болмауы тиіс!

Фото: parlam.kz

Халықаралық келісімдерде қазақ тіліндегі мәтінде қателік болмауы тиіс. Бұл жөнінде Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Өзбекстанның экология саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді талқылау барысында айтты.

Отырыс кезінде аталған құжаттың қазақ тіліндегі мәтінінде қателіктер кеткені белгілі болды. Сенат төрағасы мұндай олқылыққа жол беруге болмайтынын баса айтты.

«Қазақ тіліндегі құжаттарда қателердің кездесуі бүгін пайда болған мәселе емес. Бұл проблеманы депутаттарымыз да үнемі көтеріп жүреді. Сол себепті, қазіргі таңда қазақ тіліндегі мәтіннен қате жіберіп, оны қайта түзету орынсыз», – деді М. Әшімбаев.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесі нығайып, осы салада кәсіби мамандардың қатары артқанына назар аударды. Сондықтан Сенат төрағасы бұл салада тиісті мамандармен жұмысты күшейту керек екенін айтты.

«Бүгінде шет тілдердегі іргелі ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аударып жүрген білікті мамандарымыз бар. Соңғы жылдарда олар белсенді жұмыс істеп келеді. Оны бәріміз көріп отырмыз. Сондықтан бізде түрлі терминдермен жұмыс істейтін, қалыптасқан мамандар жеткілікті деп айтуға әбден болады. Сол себепті, құжаттарда қазақ тіліндегі мәтінде қателік болмауға тиіс. Ал, халықаралық келісімдерде бұған мүлдем жол беруге болмайды. Сондықтан тиісті ведомство осы мәселеден қорытынды шығарып, кәсіби мамандармен жұмыс істеуге тиіс. Алдағы уақытта мұндай олқылық қайталанбайды деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5255