Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Аласапыран 1567 5 пікір 25 Қазан, 2024 сағат 17:37

Солтүстік Корей әскері ұрысқа қашан араласпақ?

Суреттер: РИА Новости, РБК сайттарынан алынды.

Бүгін әлемдік ақпарат ызу-қызу талқылап жатқан Ресей мен Украина соғысына қатысты бірнеше маңызды ақпаратты топтап, Abai.kz оқырмандарының талқысына ұсынғанды жөн санадық...

Сурет РИА Новости сайтынан алынды.

Моңғолия Путинді тұтқындамағаны үшін «сотталады»

Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путиннің елге сапары кезінде тұтқындаудан және сотқа беруден бас тартқаны үшін Моңғолияның мәселесін майшаммен қарап жатыр. ХҚС Моңғолия ісін Рим статутына қатысушы елдердің қарауына берді.

Владимир Путин 2024 жылғы 2-3 қыркүйегінде Моңғолияға сапарлап барып, Халхин-Голда Кеңес және Моңғол әскерлерінің Жапон қарулы күштерін жеңгеніне 85 жыл толуына орай өткен іс-шараға қатысқан.

Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Путинді тұтқындауға ордер шығарған. Ал Моңғолия ХҚС мүшесі және Рим статусын бекіткен ел ретінде, Путинді тұтқындауға міндетті болған. Бірақ, Моңғолия олай жасамады. ХҚС міндеттемесін орындаған жоқ.

Моңғолия ордер бойынша қамаудан бас тартуының басты себебі – «бейтарап мәртебе және көрші елдерге экономикалық тәуелділіктің жоғары дәрежесі» деп түсіндірді.

Қазақ бұны – «Сау басқа сақина тілеу» дейді.

Сурет focus.ua сайтынан алынды.

Қытай Ресейдің іс-әрекеттеріне наразы 

Солтүстік Корей басшысы Ким Чен Ын Украинаға қарсы соғыста өз әскерлерін Ресейге көмекке жібергенге дейін Қытай Солтүстік Корейдің Мәскеумен байланыстарының тереңдеуіне наразы болған. Бұл утралы «Financial Times» жазды.

Ал өткен аптада Қытай президенті Ши Жипиң Ким Чен Ынға хат жолдаған. Онда Ши төраға ҚХР-ның құрылуының 75 жылдығымен құттықтағаны үшін Ким басшыға алғыс айтқан. Бірақ бұған дейінгі хаттарда қолданылып келген «Солтүстік Корейді достас көрші ел» деген анықтама қолданылмаған. Сарапшылардың пікірінше, бұл әрекет Бейжіңнің наразылығының белгісі болып табылады.

Ким Чен Ын бұған дей                ін 12 мыңнан астам әскерді Ресейге алдыңғы шепте қолдау көрсетуге жіберу туралы шешім қабылдаған. Солтүстік Корей әскерінің алды майдан шебіне кіріп үлгерген.

Ресей мен Солтүстік Корейдің бұлайша әскери жақындасуы Бейжіңнің алаңдаушылығын тудырған.

Қазақ бұны – «Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады» дейді.

Сурет rbc.ua сайтынан алынды.

Солтүстік Корей әскері ұрысқа қашан араласпақ?

Украина ҚК Бас қолбасшысы Александр Сырский Ресейдің Солтүстік Корейден әскер алдырып, соғысқа кіргізгені туралы баяндады. Украина барлауының ақпараты бойынша, Ресей Солтүстік Корейдің әскери күштерін ұрыс қимылдары аймағында 27-28 қазанда қоспақ.

Зеленский Батысқа үндеу жасап: «Бұған көзді жауып, үнсіздік танытпай,  Мәскеу мен Пхеньянға қатты қысым көрсету керек», - деп пікір білдірді.

Сырский: «Донбасста жағдай қиын, бірақ біздің жауынгерлік бригадалар Ресей әскерін жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Ал біздің әскер Курск облысындағы міндеттерін сәтті атқаруда», - деп баяндады.

Бұл жағдай – Ресейдің кеңестік дәуірде Ауғанстанға Орталық Азия ұлттарынан шыққан солдаттар жіберілгені сияқты қитұрқы әрекеті. Бастыс анау-мынау дейтін болса, кәрістер емес, сібірдегі этникалық азшылық өкілдері соғысып жатыр деген сылтаулары дайын тұр. Бұл қулығына құрық бойламайтын Ресей империясының кезекті сайқалдығы десек артық айтпаймыз. Бұдан Батыстың соғысқа тіке араласуы ғана құтқарады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2047