Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Қылмыс 707 0 пікір 28 Қазан, 2024 сағат 12:00

Шерзат ісі: 5 бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: видеодан скриншот

Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасына қатысты Алматы облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы ішкі істер министрінің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.

«Талғар қаласында болған Ш.Полаттың өліміне қатысты Алматы облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 115-бабы (қорқыту), 432-бабы (қылмысты жасырып қалу) және 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істерді тіркеп, тергеп жатыр. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеп жүр», - делінген жауапта.

Қазір сот санкциясымен қасақана кісі өлтірді деген күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам қамауға алынған.

«Тергеу жалғасуда, оның барысында оқиға болған жердегі басқа да адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Жалпы қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты», - деп атап өтті ІІМ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1972