Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
46 - сөз 3058 0 пікір 4 Қараша, 2024 сағат 12:48

Қостанай атауы қайдан шыққан?

Сурет ult.kz сайтынан алынды.

1. 

Кустанай по киргизски «Костанай» (стихи 2 и 9), – уьездный город тургайской области, основанный после руско-турецкой войны на р. Тоболь, Онъ торгуетъ препиущестевнно хлебомь и орданскимъ скотомь.

Место для этого города сперва было выбрано на урочищь Ордабай, каковое названіе онъ и носил некоторое время; после перенесение его за 8 версть, къ однокой могилъ (жалгыз мола) киргизской старухи, по имени Костанай, онъ сталь называтьем по киргизски кустанаемъ и по-русски Николайвомъ. Въ пенъ съ 1 по 15 октября и съ 29 іюнъ 10–14 іюжъ бывають болъшіа ярмари, называемыя Покровской и Петровской. Въ Кустанае кроме приходскихъ школъ, имеются: русско-киргизское уездное 2-хъ-классное и русско-киргиаское городское съ педагогичеевимъ классомъ училища, последнее выпускасть учителей начальныхъ аульныхъ передвижныхъ школъ грамоты, в русско-киргизская женская прогимназия; таким№ образомъ Кустанай явлается въ степи проводникомъ русско-провославной культуры. Населеніе кустанайского уъезда состоить кроме русскихъ, изъ следующихъ киргизскихъ родовъ: 1) «кыпшак» – кипчакъ, составляющаго населеніе съверныхъ волостей сарайской, кинъ-аральской, чубарской, карабалыкской, ара-карагайской и южніе дамбареной и айетской; 2) «керай» – кирей, жители мендигаринской волостъ на востокъ къ акмолин. обл; 3) «аргын» – аргынъ, убаганской полости, на востокъ, и аманкарагайской, на юго-восток; 4) иаппасъ – жаппасъ, бестюбинской волости; 5) «иагалбалы» – жагайбайлы, западной части уезда, волостей: житигариневой, кумакской, сундыкской и жылкуарской. Упаминутые задъ роды (ру) имеють также отдельнца колена, нацр.: «карабалык» (ст.23) входитъ въ составъ рода «кыпшак» (ст.63). Въ заключеніе можно заметить, что киргизы, какъ и сарты – большіе охотники до стихотвореній на текущін темы, и они ве прочъ задеть въ нихъ и своихъ собратій, образчикомъ чего можеть служить и настоящее стихотворениіе, заиисанное въ тургайской облости.

Діаконъ Николай Саркина.
Казань 19 февраля 1904 г.
[Саркин Н. Торғай облысындағы әйелдер мектептерінің ашылу тарихы. – қазан, 1904 – 241-242 бб.]

2. 

Манаш Қозыбаев: «Назв. произошло от урочища «Қостанай», что по казах. Понятиям озногало: «Кос-юрта, та-«най» – род, млемя. Козыбаев М.К. // Ленинский путь. 27.01.1957.

3. 

Күндерден күндер өтіп көп жасап, көпті көрген Қостанай дүниеден өтіпті. Өзінің сұрайы бойынша қазіргі Қостанай қаласының өзенге таяу орнындағы дөңес үстіне жерлепті. 1879-жылы қаланың іргетасын қалағанда бейіт орны үстінен үйлер салынып кеткен. Алғашқы кезде Николаевск атанып, кейін Ыбырай Алтынсарин қаланы Қостанай атына қойдырыпты.

Бұған тағы бір себеп Қостанай қабірі жанынан жолай өткен-кеткен оның аруағын сыйлап аят оқып өтеді екен. Тірісінде сыйлаған оны өзгенде де құрметтеген дейді автор.

Қостанай атына теліп жүрген Қостандары осы.

Қостанай өңіріндегі қыпшақтар шежіресінен таратсақ: Алтыбастан-табанша; одан ұзын оқты Есенгелді. Оның өзге батырлардан өзгешелігі найзагер екен де, жауын садақтан атқанда оғы мүлт кетпей көздеген жеріне қадайды екен. Содан «ұзын оқты Есенгелді» атанған. Есенгелдіден Қырғызәлі, одан Тіней, одан Жанақ, одан Тастемір, одан Жаңбыршы, одан Ыбырай Алтынсариннің атасы Балғожа, Қанғожа, Тастемірдің анасы егіздің сыңары болғандықтан, есімін Қостана қойыпты. Қостана ана бұдан 250 жыл бұрын сүргенін байқаймыз. Қолымыздағы шежіре тізбегіне үңіліп есептесек 1710-1780 жылдар аралығында өмір сүрген сияқты. Қостана абысын-анжыға, туған-туысқандарға ұйытқы болумен қатар шонжарлардың алдында сөз топасын жүйелі ашық сөйлеп тыңдата білген беделді, атырапқа аты шыққан ақыл иесі, саналы асыл ана бола білген. Тоқтасып, ажал жетіп дүние салған оның мүрдесін Тобыл өзені жарқабағынан жарым шақырым жердегі көрнекті дөң үстіне жерлепті.

Қостана ананың қабірі жанынан жанай өткен-кеткен жолаушылар киелі ананың аруағын ардақтап, көлігін жетелей қабірге келіп дұға оқып, жаяулаған күйі жөніне кетеді екен. (Зираты Қостанай қаласының Ленин көшесі бойындағы бұрыңғы мемлекеттік бакімен қазіргі мешіт аралығы ауласында қалған.) қостана ананың қабірінің күмбезі үстіндегі айын жез қаңылтырмен көмкеріп алтынмен булағанда алыстан күнге алаулай шағылыста сөз қаритындықтан, Қостана-айы атанылып, кейін Қостанай атанып кете берген.

Ы.Алтынсарин Николаевск атауын өзгертіп Қостанай атымен қала атын атандыруында үлкен мәні зор тарихи дерек жатыр.

Қалаға қойылған Құттық Нұржан Наушабаевтың бабасы Қостанай ма, әлде Ыбырайдың бабасы Тастемірдің анасы Қостанай ма осы арасын әлі де зерттей түсуді қажет етеді. Қаланың атына Қостаннай атын беруде Ы.Алтынсарин тегіннен қолайсалмаса керек. Мұнда да ашылмаған тарих бар тәрізді.

[Әбілғазин С. Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен Қостанай, 96-133-134 бб.]

4. 

Қуанышпай Орманов: Скиф-сарматтар заманында су немесе өзен «ТАНА» (ТАНАИС) аталған. Ал арал (аралдар) – «қос» делінген. Тарихшылардың пікірнше алғашқыда Қостанай деп қала емес, тобыл өзені арқылы өтетін өткел аталған, кейін осы өткелге жақын жатқан сай-сала түгелімен Қостанай аталып кеткен...өзеннің... Менің ойымша Қостанай аты (қос(қоса) – аралдар, тана (танаис) – өзен (су) пайдаболған. Яғни Қостанай дегеніміз – өзендегі арал (аралдар).

[Қостанай облысы. Алтын дала. Алматы, 2005. – 65-67 бб.]

5. 

Байбота Серікбаев Секе, анықтамалықтарда көрсетілгендей, Қостанай қаласы батыс Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңтүстік-батыс шетін құрайтын жазықтықта, Тобыл өзенінің, Әбілсай және Қостанай (бұл атау бұрын басқаша аталып, кейін қаланың атына байланысты осылай өзгертілген болуы мүмкін) деген салалары құятын биік жарқабақты террасалы жағада орналасқан. Яғни, Қостанай – қаланың аты, сондай-ақ тобыл өзенінің бір саласы да осылай аталады екен. «Танай» сөзі топоним (жер-су атауы), антропоним (кісі аты) ретінде кең тараған. Сібірде де бірнеше Танай деген жер аттары бар. Бірақ Тобыл өзенінің екі саласы құятын жерде орналасқан қаланың аты «Қос (екі) + танай (өзен саласы)» = Қос+танай (Қостанай) деп аталған сияқты.

Байбота Серікбаев

6. 

Ақылбек Шаяхмет: «Қостанай» атауын тана-бике атымен немесе бір кездері осы жерлерде тұрған екі қыз Тана және Танай аттарымен байланыстырады.

Тағы мынадай нұсқа бар. Ежелден тобыл жағасында Ұзын қымпақ тайпасы Алтыбас руының ұрпақтары тұрған. Оның басшыларының бірі Алтыбастың үшінші ұлы – Тіней болған... Сол кезден бері халық бұл өңірді екі батыр, екі ағайынды Тінейлер жері деп атап кеткен. Яғри, Қостанай жері уақыт өте келек, Қос Тіней өзгеріп, Қостанайға айналған.  [Сонда]

Ақылбек пікірі жайында Қойшы Сәрсенкелдиннің «Қос-танай» атауы туралы мақаласында да сөз болады. (8).

7. 

Енді бір деректерде Қостанай атауының «Қос» – қос (шалша), Ай (луна) сөздерінен шыққаны айтылады.

[Костанайская облать. Энциклопедия. Изд «Арыс», 2006. – 432б.]

8. 

Қостанай атауы туралы 

Бүгін, Қостанай қаласының тұрғындары, өздерінің сүйікті қаласы Қостанайдың 140 жылдығын мерекелі шараларға толы бағдарламалармен кең көлемде атап өтуде. Қала әкімдігінің осы шараны өткізуге дайындығының жоғары деңгейде болғаны байқалады. Қала тұрғындары ешнәрсеге көңіл аудармай жақсы демалу жағдайын  бастарынан кешуде. Менің де көңіл-қошым сол көпшілік қауымның ортасында. Тек, кешегі Қостанай қаласының 140 жылдығына байланысты «Алау» телеарнасынан осы мерекенің тарихына байланысты арнайы хабарды көріп, тыңдағаным «Қостанай атауы» жөніндегі күрделі мәселенің нақты шешімін табуға  әліде болса біздің облыс көлемінде қажетті назар аударылмай отырғаны байқалды.

Хабарға қатысушылар «Қостанай атауы» жөнінде нақты дәйектер айта алмады. Сол бұрынғы айтылып жүрген орыс ағайындарының «кемпірдің қосы болған, қызы суға кетіп,Танам-ай деп жылаған», «Тана, Танай деген екі егіз қыз», «Қостан батырдың атына қойылған» және т.б. деректер қозғалды. Сондай-ақ, «Қостанай» атауы үш түбірден тұрады, бірінші Қос, екінші Дөң немесе Қыр, үшінші Сай» деген пікірді естіп, қайран қалдым. «Танай»дың қай жерінде Дөң, Қыр, Сай тұрғанын түсіне алмадым. Қос – екі, екеу деген, Танай – Тана Ай, болмаса Таңғы Ай ұғымы екені түсінікті емес пе, неге соншама ауырлата беретіндеріне қайран қалам. Тек бір тарихшы азамат: «Бұл күрделі мәселе, қажетті көңіл аударып, «Қостанай атауының қалай шыққанын анықтау мүмкіншілігі бар» деген пікір білдіргені мені қатты қуантты. Тарих өткенді білу мен қатар адамның рухани дүниесін қалыптастыру, «Тарихсыз – халық» жоқ  деп айтылады. Тарихтың қалыптасуы сонау ерте заманғы  әңгімелерді еске сақтап, айтып отырудан пайда болатынын ғылымның өзі мойындаған. Әрине оның жергілікті жерге орай айтылуы басты негізге алынған.

Мен «Қос Танай» атауын ес білгелі, бала жастан естіп келемін. Әрине ол кезде «Қос Танай»дың еліміздегі астықты өлкенің атын жамылып, дүниенің төрт құбыласымен алыс-беріс жасаған облыс орталығы   -  алып шаһар екені ойға оралмағаны анық.

Ауыл ақсақалдарының отырыстарында Атамыздың өмірден өткен Танай есімді екі қызының күмбезіне орай «Қос Танай» қорымының кейінірек «Қостанай» елді мекені болып аталуы, сол елді мекенге жақын Нұрманбет атаның бәйбішесінен тараған Ордабай атаның атындағы «Қыпшақ Ордабай тоғайы» туралы, Нұрманбет атаның әкесі Шақаның үйіндегі әжеміз Хан келіп жатқанда босанып, туған ұлдың атын Ханның келу құрметіне «Ханкелді» деп қойылғаны, біздің бабаларымыздың сол мекендерді жайлағаны және орыстардың көптеп көшіп келуіне орай амалсыз осы жақтан (Аралбай) орын теуіп, тұрып қалғанымыз кең көлемде баяндалып жататын.  Ордабай атамыздың шөбересі, менің Сәрсенкелді атамның әкесі Тәжібайдың бұл мекенді (Аралбай) жерсінбей қартайған шағында өзінің ата мекені Қостанай жақта күйеуге шыққан қызының қолына барып, өмірден өткені де әңгіме арқауы болатын еді. Қайсы бір отырыстар осындай қызу пікірлерге толы болатын, ал оған мән беріп, қортынды ой шығару маған ертерек еді, айтылатын оқиғалар біздің тегімізге бағытталып жатқандықтан тыңдауға қажымайтынсың. Кейінірек оқу орнын аяқтап, аудан орталығында еңбекке араласып жүрген шақта да қазақы салт-дәстүрге орай қонақасы кезінде ағайын  үлкені, өмірден көргені көп Мұқат Сәрсенбайұлы атамыз осы әңгімені үнемі айтып отыратын.

«Қостанай атауына» байланысты осы әңгімені ізденуге себеп болған, облыстық «Қостанай Таңы» газетіне шыққан Қапыш Наурызбаевтың «Қала аты ойыншық па?» атты мақаласы болды. Мақала мені үлкен ойға қалдырды және тұжырымдарының нақтылығымен қызықтырды. Осының әсерінен Қостанай облысы Лисаковск қаласының тұрғыны, еңбек ардагері, сексен бес жасар Наурызбаев Қапыш ағамен танысып, ол ұзақ әңгімеге жетелеп еді. Түсінікті болу үшін аға жазған мақаладан үзінді келтіргенім жөн болар.

«Құрметті оқырман қауым!

Мен осы газетіміздің «Большевиктік жол» кезінен бастап оқып келе жатқан оқырманының бірімін. Айтпағым, осы өзіміздің Қостанай аты туралы естігенім. Бес-он жыл болып қалған шығар, Қостанай аты бір ермек болып алды. Әркім өз ойынша сүбелеп болды. ...1939-40 жылдары менің бала кезімде біздің үйге Қамысты ауданының Жайылма, Тұмарлы (Ливановка) ауылдары жағынан Әбіштай, Әбдірайым деген екі қарт кісі келді. Әбдірайым біздің елге күйеу екен. Сол кісілермен біздің ауылдың үлкен кісілері әңгіме-дүкен құрып отырғанда, осы Қостанай деген ат сонда да қозғалды. Сонда Әбіштай ақсақалдың айтқанын оқырман алдына тартпақпын. Сол кезде ол кісілер 75-80 жастың шамасында. Әбіштай ақсақалдың айтуы: «Біздің қазақтың дау-дамайы біткен бе? Ертеректе бір жігітке елінде, ағайын арасында жер тимей еліне өкпелеп, «көз көрмес, құлақ естімес» жерге кетемін деп көшіп кетіп, осы Қостанай тұрған жерге келіп қоныстаныпты. Ол кез бұл маңда ел болмаған екен дейді. Осы жерге қоныстанғаннан кейін бұл жігіттің 13 жасар қызы қайтыс болады. Аты Танай екен. Сол қызы осы жерге қойылады. Қызы қайтқаннан кейін тағы  бір қыз бала дүниеге келеді. Ата-анасы қуанып, Танайдың орнына Танай болды деп, бұл қызды да Танай атайды. Өкінішке қарай 2-3 жасында бұл қыз да қайтыс болып, апасының жанына жерленеді. Сонан соң Танайдың моласы атанады. Ақыры елді мекеннің атына айналады...».

Өзі естіген осынау деректерді келтіре отырып, мақала авторы Қостанай атына байланысты айтылып жүрген Қостан батыр, Қос тіні, Қос тана атауларының нақтылыққа келмейтіндігін былайша дәлелдейді. Қос тіні – тін деген жіпке, арқанға байланысты болса, Қос тана - Тана – сиыр баласы ғой, ал «Тана көз», «Тана моншақ» қалай «Қос» сөзімен қиылысады? Қостан батырдың тарихта болғандығы ақиқат дегенмен, батырдың Қостанайда туып, атының Қостан қойылмағанына кім кепіл деген тұжырымдар жасайды. Және Облыстық «Большевиктік жол» газетінде жауапты қызметте істеген немере ағасының беріп жіберген 1940 жылғы нөміріндегі Омар Шипиннің:

«Сарыарқа жері жазық, ағаш шұбар,
Басында ағаштардың үкісі бар.
Желпілдеп желді күні жапырағы,
Болады тігілгендей қызыл тулар.
Ән қосып ерте-кешті жер жаңғыртып,
Сайраған бұтағында бұлбұл құстар.
Қостанай Тобыл өзен жағасында,
Аты еді бір моланың о басында.
Бір мыңда осы жерге қала түсті,
Сегіз жүз сексен жылдың шамасында.
Қостанай торы қыпшақ баянтаңат,
Туысы нәсілінің бәрі осында» - деген «Қостанай» дастанын келтірген.

Мен де ағаға өзімнің Мұқат атадан және ауыл үлкендерінен естіген аңыз әңгімелерді толық таныстырдым. Соңында ағаның: «Шырағым-ау қазақтың сұңғыла қариясы Омар Шипиннің өзі Қостанай қаласы атауының  «Екі моладан бастау алғандығын» және оның «Торықыпшақ Баянтаңат» екендігін анық айтып тұрған жоқ па, оған қарсылық білдіру негізсіз болар еді» деген ой орамы өзіндік ізденістер жасауыма жетеледі.

«Қостанай таңы» газетінің 28 қыркүйек 2009 жылғы санында «Аңыз ақиқатқа жетелейді», 26 желтоқсан 2012 жылы «Ие, Қостанай атауы қайдан шықты?» атты мақалалар жазған болатынмын. Және осы деректердің орнынан қозғалуына бірден-бір себепші болған заманымздың аумалы-төкпелі кезеңдерінің куәсі, көнекөз қария  Наурызбаев Қапыш ағаның қатысуымен облыстық «Алау» телеарнасынан «Қос Танай» атты арнайы хабар ұйымдастырдым. Жазылған аңыз әңгімелерді оқи отырып, басқа ұлт өкілдерінің жинаған деректеріне қарның ашады. Тарихи атауды ылғи «байғұс», «бейшара» кейіпкерлерден іздейді. Оның бұрмаланғандығы өзінен-өзі айқайлап тұр. Тіпті сол заманда дұрыс бір қазақтың болмауы мүмкін бе? «Зарлаған кемпір», «Суға кеткен қыздар» деген желеумен жер аты берілді деген ақиқатқа жата ма? Осындай зерделеумен дерек жинағандарда ыждағаттылық жетіспеген-ау және екі ұлт арасындағы пікір алмасу барысында түсіністік болмағандықтан, айтылған әңгіменің астарын аша алмаған деген ой ұшқындайды. «Орда», «Отау» сияқты қазақ атаулары тұрғанда, кішкене «Қос» көзге түспес болар. Ал «Екі» деген сөздің «Қос» болып айтылатынын барша қазақ біледі емес пе.

Қостанай сияқты іргелі облыс орталығы атауының кім-кімді де бей-жәй қалдырмайтыны орынды. Облыстық газетіміздің 02 қаңтар 2013 жылғы № 7 санында КСРО және Қазақстан Республикасының  білім беру ісінің озат қызметкері Қазақстан Кәкенов ағай бұдан 90 жыл бұрын  атақты  теміржол инженері, ғалым, Түркісіб темір жолын салуға, Алаш партиясының әскери полкін құруға атсалысқан, қазақтың белгілі азаматы, қоғам қайраткері Мұхаметжан Тынышбаев 1925 жылы Ташкент баспаханасында бастырған кітапшасында «Қостанай қаласы екі қыздың атына қойылған» деп жазғанын айтады. 1879 жылы қаланы Қостанай сайы мен Әбіл сайдың ортасына салғанда Ордабай ауылының екі бойжеткен қыздарының зираты барын ескермеді» - деген  деректер келтіреді.

Белгілі қазақ жазушысы, көрнекті ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі Ақылбек Шаяхмет «Есте қалар ел тарихы» кітабінің «Қостанай – құт-мекен» еңбегінде Қазақ КСР-інің халық ақыны, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Омар Шипиннің:

«Қостанай Тобыл өзен жағасында,
Аты еді бір моланың о басында.
Бір мыңда осы жерге қала түсті,
Сегіз жүз сексен жылдың шамасында» – деген өлең жолдарын келтіреді. Дегенмен ақын ініміз дастанды толық бермеген, «Қостанай торы қыпшақ баянтаңат, Туысы нәсілінің бәрі осында» деген жолдарды тастап кетуі, рушылдықты қоздырмайын дегені болар. Және осы еңбегінде: «Қостанайға келген сапарларының бірінде қазіргі Қостанай қаласы орталығындағы Ұлттық банк ғимараты орналасқан үйді нұсқап, осы арада ертеде бейіт болған, онда қыпшақтың өмірден ерте кеткен екі қызы да жатыр» - деген, Қазақстанның халық жазушысы Хәкімжанова Мәриям апамыздың естелігін еске алады.

Өлкетанушы Мақсұтбек Сүлейменнің «Инфо – Цестің» 28 наурыз 2014 жылғы 12 нөміріндегі «Ел мен Жер» мақаласының «Қостанайдың атауы хақында» тарауындағы мына үзінділерді келтіре кеткенді жөн көрдім. «...Бұл кезінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған халық ақыны Омар Шипиннің естелігі. Баспасөз бетінде жарияланған бұл естелікті маған 1993 жылы қарт журналист Жиентай Ділдебайұлы өз қолымен табыс еткен еді. Содан бері сақтап келіп, бірінші рет жариялап отырмын. Біз енді осы естелікпен таныссақ: «...Мен бұдан 17 жыл бұрын Сүгірбаев Әбіл деген шешен, шежіре білетін қарттың ауыз әдебиеті айтуы бойынша Қостанай қазақтың ерте заманда халқын қорғаған ең қадірлі батырларының бірі. Қобыландының Қыз Құртқа деген әйелінен Бөкенбай туады. Бөкенбайдан бес бала – Ұзын, Торы, Қарабалық, Көлденең, Бұлтың. Торыдан төрт бала туады: Көкмұрын, Шашты, Қитаба, Түйшікі (дұрысы Түйішке. автор), Түйшікіден (Түйішкеден)  екі бала – Баянды, Таңат. Қостанай Баяндының ұрпақтарынан тарайды. Ал Қостанайдың үрімбұтағы Қостанай облысы, бұрынғы Обаған ауданында, Щербаков совхозының «Мезгіл» бөлімшесінде тұрады. Қостанайдың жеріне ұлы орыс халқының үлгі-өнерін алу үшін қала салдырған да Алтынсарин, өз атасы Балқожаның атын қоймай, қаланың атын Қостанайдың атына қойдырған да Ыбырай Алтынсарин» - делінген.

Мұхамбетжан Тынышбаев, Омар Шипин, Мариям Хакімжанова сияқты қазақ ұлтының асылдарынан шыққан дәйекті деректерді және осы жердің көнекөз қариялары Мұқат Сәрсенбайұлы мен Қапыш Наурызбайұлының әңгімелерін қала атауының негізіне алуға неге жалтақтаймыз. Мұхамбетжан Тынышбаев  қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайрат­кері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым.

Мариям Хакімжанова ақын, ҚР халық жазушысы. Омар Шипин үш мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Халық ақыны.

Қазақ тарихын қазақтан артық білетін ешкім жоқ. Мен бұл деректерді облыстық баспасөз және облыстық телеарна арқылы оқырман қауымға ұсындым. Қызығушылық танытып тұрған ешкімді көре алмадым.

Енді бірер сөз Ордабай қаласы туралы. 1868 жылы Торғай облысы құрылып, 4 уезд кіреді - Илецк, Иргиз, Торғай және Николаевск (кейін - Кустанай). Уезд болған соң, оның орталығы  қажет. Бұл төңіректе қыпшақ Ордабай тоғайындағы қазақтар орналасқан «Ордабай ауылынан» басқа ірі елді мекен болмаса керек. 1870 жылы Уезд басшысы генерал-губернатор Н. А. Крыжановский «Ордабай ауылын» Николаевск уездінің орталығы етіп бекітуді ұсынады. 1879 жылы  патша үкіметі «Жаңа Урдобай қаласын құру туралы» Крыжановскийдің ұсынысын мақұлдады. (П.М.Черныш. «Очерк историй г. Костаная» /Здесь стоит назвать и других людей чьи имена навечно вошли в историю Костаная. Это прежде всего генерал-губернатор Н.А. Крыжановский, по чьему ходотайству в 1879 году одобрили изложенные соображения «об учреждении нового города Урдобай), (И.К. Терновой. «Кустанай-Костанай. Очеркий и историй») Сонымен Ордабай ауылы  Николаевск уездінің орталығы, «Жаңа Ордабай қаласы» болып бекітіледі.

Кейіннен, бұл жер Торғай облыстық  әскери губернаторының жаңа басшысы  А.П. Константинович  тарапынан «Сай-сала» деп қолдау таппай, қала, Ордабай қаласынан «... в сторону юго восток 7-8 верстах...», «Қостанай» елді мекенінен салынып, «Ново-Николаевск» болып аталады. (И.К. Терновой. «Кустанай-Костанай. Очеркий и историй»)

Жергілікті қазақтар жаңа салынған Ново-Николаевск қаласын беріге дейін «Ордабай қаласы» деп атап келген. Қала атауы «Қостанай»ға берілгеннен кейін Ордабай атауы ұмытыла бастайды. Ордабай қаласының болғандығы, Қостанайдың беріге дейін «Ордабай қаласы» болып аталғандығына төмендегідей деректермен көз жеткіздім.

- Аса көрнекті ағартушы Ы. Алтынсарин 1880 жылы В.В. Катаринскийге: «...Бұл бақытсыз уездің (Торғай, автор) қашан жөнделерін білмеймін. Сондықтан, бас-аяғым аман тұрған кезімде бұл жерден қашып, Троицкіге немесе жаңадан салынған Ордабай қаласына барып орын тепкім келеді.» - деп өтініш жазған. /Ы. Алтынсариннің таңдамалы шығармалары.   (Ордабай қаласы болғандығын анықтайды)

- «Жас Алаш» газеті 21 ақпан 2013 жылғы №14 санында Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Аманкелдi Әбдiбаев: «1941 жылдың 11 маусымында әскерге алынған. Солдаттық мiндетiн Челябинск қаласында өтеп жүргенде әлемдiк қанды соғыс басталып кетедi. Ордабай аталған қалада 3 ай мергендiк мектептi оқып, соғысқа қажеттi мамандық алады.» - деп жазған. (Қостанай қаласының Ордабай қаласы болып аталғанын анықтайды)

- Әкемнің інісі Сәрсенкелдин Жүсіп 1944 жылы соғыста жарақат алып, Литва қаласының госпиталында жазған өлең жолдарында мына төмендегідей шумақ бар:

«...Әкесі бұл бесеудің Ордабайды,
Әулетті кісі болған қонақжәйлі.
Атантып «Ордабай  город» отырыпты,
Сұрсасаң осы күнгі Қостанайды»...

Бұл өлеңнің түпнұсқасы менде сақтаулы. Ал осынау деректерді кейінгі жас ұрпақ біле бере ме? Қалай болғанда да аңыз Қостанай қаласымен астасып жатыр. Ордабай қаласының  Қостанай елді мекенінен 7-8 ғана шақырым екені, оның уезд орталығы болғандығы, оны қазақтардың беріге дейін Ордабай қаласы деп атап келгендігі П.М. Черныш, И.К. Терновой еңбектерінде және мен келтірген деректерде нақты айтылып тұр. «Қостанай таңы» газетінің 2007 жылғы №31 санында, одан кейін КСРО және Қазақстан Республикасының білім беру ісінің озат қызметкері Қазақстан Кәкенов «Тарих не дейді, біз не істеуге тиіспіз», «Жазылған жайдың жаңғырығы» атты көлемді мақалалар жазып,  Қостанай тарихын қозғай келіп, Қазақ көшесін Ордабай атына беруге ұсыныс жасаған  және бұл мәселенің қала тұрғындары тарапынан жан-жақты қолдау жасалынатынын айтқан. Менің бұл мақала авторларымен ешқандай таныстығым жоқ, әрі кездескен адамдарым емес. Ресей патшасы кезінде қолдау тапқан «Ордабай» атауы Тәуелсіздікке қол жеткізген шақта, түрлі сылтаулармен шешілмей, тамыр-таныстықтың құрбаны болуы қатты қынжылтады. Енді осы мәселені баян етейін. 2018 жылдың мамыр айында Қостанай қаласы мәдениет бөлімі басшысы Әубәкірова Айсұлу және бөлім қызметкері Мадиярова Қарлығашта, 24 қыркүйек 2018 жылы Қостанай қаласының әкімнің міндетін атқарушы А. Хұсайновта, 2019 жылдың бас кезінде облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтың өзіңде болдым. Үміт облыс әкімінің алдында да ақталмады. Сұранысқа қарсы пікір Ордабай атауының көше аттарын беру жөніндегі ҚР Президенті Аппаратындағы тұлғалар тізімінде жоқтығы. Ол тізімді жергілікті жер дайындап, жоғары органға ұсынады деген уәжіме назар аударылмады. Сол тізімде жоқ және тарихта белгісіз «Әбілсай» атауының біз сұрап жүрген «Қазақ» көшесін ала қоюы, қандай заңдылыққа жататыны, түсініксіз. Бұған облыс басшысы назарда салған жоқ. Қазақ көшесі Әбілсайдың атына атала берсін, ол да қазақтың бір тумасы ғой. «Ордабай ауылы» атанған Қостанай қаласы Нариман базары маңында Ордабай атына беретін көше жетіп артылады, болмаса жаңадан ашылып жатқан қаншама көше бар. Осы пікірлерді облыс әкімі алдында жайып салдым. Дегенмен қортынды шыққан жоқ, баяғы жартас, бір жартас. Қостанай жайы осы ағайын.

Қойшы Сәрсенгелдин

1. Николай Саркиннің «Торғай облысында Әйелдер мектептерінің ашылуы тарихында» айтылған ой-пікірлер шындыққа жақын. Бұл еңбегін Саркин 1904 жылы жазған, ол кезде Ыбырай тірі, автор ел үшін еткен еңбегін естіп-білген. Қостанайдың бұрын Ордабай аталғанын, онда тұратын халықтың ру атауларымен де жақсы таныс, өйткені өзі қостанайлық, руы – қыпшақ.

Шындыққа жақын дейтініміз – біріншіден, ол не үшін жалған айтады, екіншіден, ол сол заманның адамы, біраз жайтты көзімен көрген, естіген, үшіншіден айтқан ой-пікілері Сыздық Әбілғазиннің ой-пікірлерімен астасып, бірін-бірі толықтыра түсіп отыр. Әбілғазиннің руы – керей... Ол не үшін өтірік сөйлеуге тиіс?!

2. Манаш Қозыбаевтың «Қос-қос» (шалаш), Манай-ру атауы дейі аңыз...

3. Сыздық Әбілғазиннің Н.Саркин жазбасын алуы мүмкін емес, оқыса, дәлелін нығайту үшін ашық, ақтарып салар еді. Оқымаса да оқығандай етіп, айдан шығарды деп айтуға қиын...

4. Қуанышпай Орманов пікірі өте дәлелді. Біріншіден, Танай сөзі араб тілінен шыққандығы талас турдырмайды, оны Байбота Серікбаев та қостағандай Танай сөзінің араб тілінен тілінен шыққанын айтады. Екіншіден, «Сібірдің» кен қазынасы Араб елдеріне белгілі болған. Көптеген алыс-беріс болған. Сол байланыс арқылы алхимиктер пайда болған... Араб тілінде ғад-есеп. Есепші, құмалақшылар-ғадас. Орыстың «гадание» сөзі осыдан шыққан (Бал ашу) [Ақышев Т.А, Әл-Машани А.Ж. Қазақстанның тас-қола дәуірі мирастары. Монография. Қазақ ұлтының техникалық университеті, ҰҒА академигі, профессор Е.М.Шайхудиновтың редакциясымен, 1996 – 160-161 бб.]

Үшіншіден, Советский энциклопедиский словарда да Танаис, др. – греч. назв.р. Дон, «Танай» с, антич. г. (зв. до. н, э – 5 в.н.э) в Боспорское гос. ва. Жилье кварталы, оборонит. стены, башны, ворота, надписи, погребения и пр... «Танама», р. на с-в Зап.Сибири, лев.приток Енисея 521 км. пл. басс. 23,1 км.  «Танана» (Тапапа). р. на Аляске лев приток Юкона 96 км. пл. басс. 115 км2 ср. Расход воды 970 м3. Судок на 360 км. от устая» – деп көрсетіпті. Яғни, «танайс» та «танака» да «танама» да «танана» да өзен атаулары. [1307 б.].

5. Байбота Серікбаев пен, жоғарыда айтқанымыздай Қуанышпай Ормановтың айтқан ой-пікірлері бір жерден шығып тұр. «Қос» (екі) + танай (өзен саласы) = Қос–танай (Қостанай деп аталған сияқты). дейді. Дұрысында да солай! Байботаның да "Қостанай" атауына көңіл бөліп, іздене зерттегені байқалады. Мың алғыс!

6. Ақылбек Шаяхметтің жазғандары аңыз. «Аңыз» түбі – шындық... болуы мүмкін.

7. Қостанайдың «Қос пен Ай» атауынан шықаны жайындағы пікір сенімсіз. Онда Қосай болып шығады.

8. Қ.Сәрсенкелдиннің бұл пікірі де шындыққа жанасады, сендіреді. Кім не дейді?

Серікбай Оспанов

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1973